(М) Проблемалық баяндау. Тың игеру қалай басталды? Қашан басталды? Қысқаша шолу. Тың игерудің себептеріне, барысына тоқталу. Экономиканы экстенсивті жолмен дамытудың ерекшеліктеріне, өзгерістерге тоқталу.
Зерттеу және талдау 1-тапсырма. Кескін картаға тың игерілген облыстардың аумағын белгілеңіз. Неге осы облыстардың жері таңдап алынғанын түсіндіріңіз. (№11 слайд)
(оқушыларға берілген үлестірмелі материалдағы сұлба картаға белгілейді ретінде бірнеше ықтимал (2-3) жауап үлгісі берілген) Оқушылар талдау жасай отырып, тың игерудің ауыл шаруашылығында экономикалық жағынан пайдасы болғанымен, мәдени, экологиялық зардаптары басым болғандығын, оның салдары Қазақстанның ауыл шаруашылығына қазіргі заманға дейін әсер ететіндігі туралы тұжырым жасауы тиіс. КСРО басшылығының экстенсивті жолды таңдауы экономикалық қате шешім болғандығын бағалайды.
ЕБҚ: оқушы шығарылып берілген тапсырманы орындайды
2-тапсырма.Пікір алмасу.Тың игеру туралы деректі фильмнен үзіндіні көріп, жағымды және жағымсыз себеп-салдарларына дәйек пен дәлел келтіріңіз.
Тың және тыңайған жерлерді игеру (оқушылар бейнематериалдан үзінді көріп, тың игерудің себептері мен салдарлары туралы пікірлерін айтады) ЕБҚ оқушы (көру және есту қабілеті төмен) сұрақтарға жауапты жазбаша ұсынады.
Оқушылар ақпараттық мәтінмен жұмыс жасайды
Дескрипторлары: Тың игеруге осы облыстардың таңдалуына қатысты кем дегенде 2 себепті анықтай алады;
картаға тың игерілген 4 тен кем емес облыстардың аумағын белгілейді.
Оқушылар өз жұмыстарының қорытындыларын сынып алдында қорғайды..
Дескрипторлары: Тың игеру үрдісінің кем дегенде 2 жағымды және 2 жағымсыз себептерін атайды;
Тың игеру үрдісінің кем дегенде 2 жағымды және 2 жағымсыз салдарларын атайды.