Жоспары:
1. Хитридиомицеттердің, зигомицеттердің жалпы сипаттамасы
2. Жасуша құрылысы
3. Систематикасы
4. Филогенезі
Бұл класқа микроскопиялық амебоид кұрылымды мицелийлері жоқ не ризомицелийлері ғана бар 500-дей саңырауқұлақтар түрі жатады. Ризомецелийлер қабықшасы бар бір ядролы не көп ядролы немесе ядросы жоқ дөңгелек клеткалардан тарайтын гифтер. Көпшілік жағдайда бір талшығы бар зооспоралар арқылы жыныссыз көбейеді. Хитридиомицеттердің копшілігіне тән қасиет - барлық дснесі бір ғана зооспарангия құруға жұмсалады. Зооспоралар өсе келе, кейбіреулерінде бірнеше зооспорангия дамитын дараққа айналады.
Гологамия, изогамия, гегерогамия, кейбір түрлері зигогамия жолымен жынысты көбейеді. Бұл кластың көпшілігі тұщы су балдырларында, кейбіреулері жер бетіндегі өсімдіктерде паразитті тіршілік етеді. Аздаған түрлері су өсімдіктерінің қалдықтарында не топырақта сапрофит түрінде кездеседі. Бұл класта хитридиалық-chytridiales,бластокладиялықтар-blastocladiales,моноблефаридиялықтар-Monoblepharidales деп үш қатарға бөлуге болады.Хитридиалықтар-Сһуtridiales қатарына мицелийлері жоқ вегетативтік денесі өсімдіктер класының ішінде жалаңаш протоплазмалық дене түрінде кездеседі, клетка қабықшасы болмайды. Тек көбею органы құрылғанда ғана клетка қабықшаға оранады. Мүның барлық денесі бір ғана спорангия құруға жұмсалады.Бұл қатарға жататын түрлердің барлығы құрлықта, көпшілігі теңіз жэне тұщы суда тіршілік ететін өсімдіктер мен жануарлардың клеткаішілік па- разиттері. Олардың ішінде ерекше орынды - ольпидиум алады. Ол қырыққабат көшетінде кездесіп, оны «қара түбір» ауруымен ауыртады. Бұл аурумен ауырғанда тамыр мойнының айналасы қарайып, сабағы жіңішкеріп, көшеті қурайды. Қарайған жерлеріндегі эпидермистің немесе паренхима клеткаларын микроскоппен қарағанда, паразит саңырауқұлақтың жалаңаш протоплазмадан тұратын бір ғана ядролы вегетативтік денесін көруге болады. Кейін ол көп ядролы, сыртында қабығы бар зооспорангийге айналады (89-сурет).
Зооспорангийлер түтікше тәрізді өсінділер береді, олардың ұштары қылтиып, эпидермистен сыртқа шығып тұрады да, бір талшықты зоо- споралардың шығуына себебін тигізеді. Дымқылды жерде зооспоралар жылжып, зақымдалмаған өсімдікке барады. Онда клетка қабықтары арқылы эпидермис клеткаларынан әрірек жатқан тіндерге өтіп, олардан жаңа зооспорангийлер да- миды. Қолайсыз жағдайларда қалың қабықшалы цисталар түзеді. Бұлардың алғашқы кезде екі ядросы болады, кейін олар бірігіп, зигота құрайды, кейбір жағдайларда зооспоралар белгісіз себептермен гаметалар сияқты бір-бірімен бірігіп, екі талшықты қозғалғыш зигота түзеді, ол қалың қабықшамен қапталады да, өсімдік шірігеннен кейін ғана өсе бастайды.
Бұл аурумен күресудің басты шарты - ауру жұққан көшетті құрту, парникті желдетіп отыру, парниктерде ылғалды кеміту жэне жаңа тамырлардың түзілуіне мүмкіндік беру үшін құм себу.
Синхриум картоптың түйнегінде рак ауруын туғызады. Бұл аурумен ауырғанда клетканың ұлғаюынан шорланған үлкен ісік пайда болады. Ісік жас түйнекті отырғызған уақытта зооспора түйнек көзшесін өзінің клеткаішілік жатын құюынан үлғайып өсуінен пайда болады. Бүларда ольпидиум сияқты артқы жағында бір талшығы бар зооспоралар арқылы жыныссыз көбейеді.Мұның ольпидиумнан негізгі айырмашылығы - вегетативтік денесінен көптеген зооспорангийлер түзіледі. Одан түзілетін зооспоралардың саны 300-ге дейін барады. Мұндай зооспоралардың түзілуі жаз бойы болады. Изогаметалар арқылы жынысты жолмен көбейеді.
Екі талшығы бар зигота картоп түйнегіне еніп, қалың кабыққа оранып, қыстап шығатын спораға немесе цистаға айналады. Бұл аурумен ауырған кезде картоп түйнегі өнім өсірмейді. Дамуы жақсы зерттелген сптрогирада паразитті тіршілік ететін Ризофидиум. Оның зооспорасы спирогираға бе- кініп кабықпен қапталады да, клетка ішіне тарамдалған ризомицелийлер жібереді. Зақымдалған клетканың цитоплазма заттары клетка қабырғасынан алшақтап, клеткаға енген ризомицелийлердің маңына жинақталады. Алғашқы зооспора денесі ұлғайып, клеткаішілік заттары таусылғаннан кейін зооспорангияға айналады. Жыныс процесінде пісіп жетілген екі дарақ, бірі кіші, екіншісі үлкен гаметангия сияқты қосылып тынышталған клетка қүрады. Ал Кһ. суға түскен қарағайдың тозаңдарында кездеседі. Бір талшықты зооспора то- заңға түсігі, қабыққа оранады. Одан тозаңның ішіне қарай өте жіңішке нашар тармақталған ядросыз ризомицелийлер өседі (91-сурет). Біраз өскеннен кейін ядро бөлінеді және көпіршік тэрізді клетканың ішіндегі заты зооспораларға ыдырайды да, клетка қабығының тесігі арқылы тынышталған клетка - зигота түзіледі. Сөйтіп мұнда зиготамиялы жыныс процесі байқалады.
Эвгленаларда полифагус саңырауқұлағы паразиттік тіршілік етеді. Оның көпіршік тәрізді қабығы бар вегетатитік денесі бірнеше эвгленаларды біріктіретін тарамдалған көптеген ризомицелийлерді түзеді (91-сурет, 2). Құрылымы күрделі хитридиомицеттердің тарамдалған мицелийлері ядросыз болып, бірнеше клеткалар арқылы созылып жата- ды, оның кейбір жерлері бір немесе бірнеше бір ядролы клеткалардан томпиып ісінеді. Бұл клеткалар не жаңа ризомицелийлер береді, не зооспорангийге немесе цисталарға айналады. Оған жылы жақтарда жүгеріде паразитті тіршілік ететін физодерма жатады.
Бластокадиялықтар- қатарының өкілдері тұщы сулардағы насекомдардың өлекселерінде, өсімдік қалдықтарында сапрофитті тіршілік етеді. Кейбіреулері дымқыл топырақта кездессе, аздаған түрлері омыртқасыз жануарларда паразитті тіршілік етеді. Қабаттары жай плазмодияльды формадан жақсы жетілген мицелийлі келеді. Клетка қабықшасының негізі - хитин.
Жыныссыз көбеюі денесінің арт жағында орналасқан тегіс бір талшықты зооспоралар арқылы болады. Жынысты көбеюі изогамия, гетерогамия. Өкілі масалардың ішкі қуысында паразитті тіршілік ететін целомомицес. Бұл қатарда даму қабаттарының біртіпдеп ұлғаюы бағытына қарай жүруі айқын байқалады.
Моноблефаридалықтар қатары. Бұл қатар зооспораларының жэне спермото- зоидтарының арт жағында орналасқан бір талшығының болуымен сипатталады. Моноблефаридалылар -саңырауқұлақтардың спермотозоидтар арқылы ұрықтанатын жалғыз тобы. Су қоймаларындағы өсімдіктердің қалдықтарында көктемде және күзде мамық түрінде моноблефарис қаптап кетеді. Олар қысқа ризоидтары арқылы төсемікке бекінеді. Мицелийлері нашар тармақталған ұзын- дығы 23 миллиметрдей болады.
Гифаларының ұшынан цилиндр пішінді пердеге бөлінген зооспорангий дамиды. Оның ішінде бір қатарға ретімен орналасқан шар не сопақ пішінді арт жағында бір талшығы бар зооспоралар жетіледі. Олар зооспорангий қабықшасының жоғарғы жағының жыртылуы арқылы босап шығады. Зооспора клеткасы екі жағымен бірдей бөлініп, бір жағынан гифа, екінші жағынан ризоид өседі. Біраз уақыттан кейін бұл мицелийден кейде тізбектеліп, оогоний мен антеридий дамиды. Олар бір-бірінен және мицелийден пернелер арқылы бөлінеді. Антеридийден зооспораға ұқсас, бірақ олардан ұсақ бірнеше спермотозоид түзіледі. Оогонийден бір жұмыртқа клетка дамиды. Ол піскен кезде оогоний- нен сыртқа кілегей бөлініп шығады, сөйтіп спермотозоидтың жұмыртқа клеткасына өтуіне себін тигізеді. Ұрықтанған жұмыртқа клеткасы қабықшамен қапталып, зооспораға айналады. Тыныштық фазасына кейін зооспора өніп, жіңішке гифа түзеді.
Моноблефаридалықтар бір талшықты зооспоралары бар хитридиомицеттерде шығуы тиіс. Басқа саңырауқүлақтармен филогенетикалық байланысы жоқ және бұл қатар мен бір талшықты зооспоралары бар қарапайым саңырауқүлақтар қа- рапайым саңырауқүлақтар эволюциялық дамуын аяқтайды.
Хитридиомицеттердің филогенезі. Бұл класс - саңырауқүлақтар типінің ішіндегі ең қарапайым құрылымдысы. Біраз белгілері жағынан басқа саңырауқүлақтардан гөрі қарапайым организмге жақын тұрады. Сондықтан бұлардың филогенезі жөнінде микологтарда бір тұжырымға келген пікір жоқ. Кейбір микологтар бұларды жеке класқа бөлмей, оомитциттермен қосып, бір класс ретінде қарайды. Ал екінші біреулері бұл класқа ризомицелийлері жоқ түрлерін ғана жатқызады да, ризомицелийлері барларын оомицеттерге қосады. Бұлардың арғы тегі түссіз талшықты организмдерден шықты деп жорамалдайды. Бұлардың ішінде ең қарапайым құрылымдысы — бір талшықты зооспорасы бар ризомицелийлері жоқ хитридиалықтар. Бұлар екі бағытта дамуы мүмкін. Бірінші бағытта ризомицелийлері бар хитридиялыларды берсе, екінші бағытта екі талшықты зооспоралары бар ольпидиопсистер — оомицеттердің бастамасын берген болуы тиіс. Бұларды жақындастыратын белгі тек екі талшығы бар зооспорада ғана емес, басқа хитридиомицеттерде кездеспейтін ортақ белгі - клетка қабықшаларының құрамында целюллозаның болуы. Бластокладылылар хитридиомицеттердің эволюциялық дамуының бір сатысы. Мұнда даму қабаттарының ұлғаю бағытына және изогамиялық жынысты көбеюден гетерогамиялыққа, одан ұрпақ алмасу бағытына қарай жүрген. Тіршілік жағдайы мен қабаттарының дамуы жағынан моноблефаридалар бластокладалыларға жақын тұрады. Алайда, оогамиялық жыныс процесі, спермотозоидтың түзілуі және ұрпақ алмасуының болмауы жағынан олардан алшақтайды. Алайда бұл екі топтағы организмдердің тегі талшықтардың бірі болуы тиіс.
Зигомицеттер - Zygomycetes класы
Зигомицеттер ерекше зигогамиялы жыныс процесінің болуымен сипатталады. Мұнда жыныс процесі гаметаларға бөлінбеген екі гифаның көп ядролы гаметангия деп аталатын клеткаларының бір-біріне құйылуы арқылы болады. Мицелийлері жақсы жетілген, тарамдалған, клеткаға бөлінбеген көп ядролы, тек кейбіреулерінің мицелийлері клеткаға бөлінген. Талшықты қозғалыс стадиясы болмайды. Зооспора кұрмайды. Қозғамайтын эндогенді жолмен түзілген споралар немесе конидиялар арқылы жыныссыз көбейеді. Клетка қабықшалары целюлозды болмай хитинді келеді. Барлық зигомицеттер құрлықта тіршілік етеді. Бұл класқа 500-дей түр жатады, оларды 4 қатарға (Mucorales, Entomophtorales, Endogonales, Zoopagales) бөледі. Мукоралықтар - Мисоrаlеs қатары. Мукоралықтардың мицелийлері жақсы жетілген, клеткаға бөлінбеген, көп ядролы. Көбіне спорангилерде түзілетін спораларлар арқылы жыныссыз көбейеді. Бұлардың көпшілігі топырақта, өсімдік қалдықтарында, көңде және тұрып қалған тағамдарда сапрофитті тіршілік етеді. Кейбіреулері адам мен жануарлардың паразиті. Мукорлар бактериялар сияқты басқа саңырауқұлақтармен бірге топырақ құрау процесіне қатысады. 1 г топырақта мукорлардың бір мыңдай споралары болады. Бұл қатарга 450-дей түр жатады, оларды жыныссыз спора тасушы органдарының құрылысына қарай бірнеше тұқымдасқа бөлінеді. Бұлардың көп тараған өкілі – Mucormuceda. Бұл көп ядролы, перделерге бөлінбеген, жан-жақты тармақталып бұтақтанған мицелий- ден тұрады. Мицелийден жоғары қарай шар пішінді спорангийлер көтеріледі. Олар вертикаль спорангий сағағынан перделермен бөлінеді, оның ішінде көптеген споралар қоршап тұратып колонкасы болады. Спорангий ішіндегі зат бірнеше ядросы бар көптеген майда бөлшектерге бөлінеді де, кейіннен қабыққа оранып спораға айналады. Спорангий қабығы жыртылып, одан споралар шығады да, ауаның ағынымен таралады. Спорлардың пішіні әр түрлі. Споралар арқылы жыныссыз көбею көп таралған. Жыныссыз көбеюде спорангиялардың үш түрі болады. 1. Спорангияда спора орны қара- пайым құрылымды кішкентай шар пішінді, одан бірден бірнеше мыңга дейін спора дамиды. 2. Стилоспорангий ірі шар пішінді, диаметрі 1,5 мм-дей, 70000-дай спора құралады, оның колонкасы болады. Спорангия мен стилоспорангияның спорасын спорангиоспора деп атайды. 3. Мероспорангий цилиндр пішінді көлденең пердеге бөлінген, онда аздаған споралар пісіп жетіледі және спорангия қабығы сақталады.Оның спораларын мероспорангиоспора деп атайды. Жынысты көбеюі сирек кездеседі. Мұнда сыртқы құрылысы жағынан бір-бірінен ешқандай айырмашылығы жоқ, тек физиологиялық жағынан ғанаи айырмашылығы бар көрші жатқан мицелийлерден бұтақшалар өседі. Бір-біріне қарай бағытталған бұтақшалардың ұштары түйіседі де, гифадан перделермен бөлінеді. Түйіскен жерлерінің қабықшасы еріп клетка іштеріндегі көп ядролы заттар араласып, зигота түзеді.Оның екі, үш қабаттан құралған қалың қоңыр түсті қабығы болады. Зигота мицелийдің суспензора деп аталатын қысқа өсінді қалады. Зигота ядросы редукциялы жолмен бөлініп, ұзақ тыныштықтан кейін өсіп, қысқа гифа береді. Гифа ұрықтық зигоспорангимен аяқталады, онда аталық және аналық зигоспоралар түзіледі, бұлардың мицелийдің аналық және аталық түрлері дамиды. Кей кезде бір мицелийге жататын гифалар өзара қосылады. Мукор саңырауқұлағын дымқыл нанды қақпағы бар ыдыстың ішіне салып, жылы жерге қойып, оңай өсіріп алуға болады. Көңнен мукордың зиготасын табу үшін оның астыңғы қабаттарын алу керек. Пилоболюс – Pilobolus саңырауқұлағы көңде сапрофиттік тіршілік етеді. Спорангия сағағының жоғарғы жағы алмұрт тәрізді ісінеді, оның үстінде түйме сияқты кішкене қара спорангия орналасады. Спорангий піскен кезде сағақтағы тургор қысымының күшеюінен ішіндегі сұйық қоса спорангийді 1,8 м биіктікке атады. Жерге түскен спорангий қабығы жыртылады да, споралар шашылады. Мукор қатарына жататын кейбір саңырауқұлақтардың спорангийлерінде колонка болмайды. Колонканың түзілуі — прогрессивті белгіге жатады, себебі спорангийдің көлемі ұлғаяды, сөйтіп өсіп келе жатқан спораларға қоректік заттардың келуі жақсарады. Кейбір мортиерелла- Mortierella сияқты туыстардан зиготаның айналасына вегетативтік гифадан жемісті дене сияқты қорғаныш қабықтар түзіледі. Ал эндогоналарда- Endogone мұндай жерасты жемісті денелердің үлкендігі бірнеше миллиметрден 2-3 см жетеді, оның ішінде бірнеше зигота түзіледі. Кейбір мукорлардың ішінде зигогамиялы жыныс процесінде қосы- латын гаметангиялардың бірі үлкен, екіншісі кіші болып, гетерогамиялық көбею байқалады. Сонымен, мукор қатарындағы кейбір туыстарының ішінде жыныссыз көбею эволюциясы көп споралы спорангийден аз споралыға, одан бір споралыға ауысу бағытында жүреді.Бірталай мукорларда крахмалды қантқа дейін гидролиздейтін фер- менттер болады, ал Mucor javanicus, M. Circinelloides, M. Racemosus және басқа да түрлері қантты спиртке дейін ашытады. Мұны Шығыс Азия елдерінде ашытқы саңырауқұлақтармен бірге, спирттік ішімдіктер алу үшін пайдаланады. Мұндай ашытқы мукорларының кейбіреулері қантты ортада, ашытқы саңырауқұлағы сияқты бүршіктену арқылы көбейеді. Екінші бір мукорлар пектинді заттарды ыдыратады, сондықтан оны зығыр сабақтарынан тін талшықтарын алу үшін пайдаланады.Ризопус- Rhizopus nigricans көкөністерде, жемістерде, мақтаның тал- шықтарында және оның өніп келе жатқан тұқымдарында қара зең түзеді. Мукорлар мен абсидийлердің- Absidia кейбір түрлері адамда өкпе ауруларын қоздырады .Эндогоналықтар-Endogonales қатарына топырақта, өсімдік қалды- ғында сапрофитті тіршілік ететін мицелийлері клеткаланбаған саңы- рауқұлақтар жатады. Бұлардың мицелийлерінен жабық тұқымды өсім- діктердің (бүлдірген, алма ағашы, бидай, т.б.) тамырларында эндо- трофты микорализалар дамиды. Бұл саңырауқұлақтардың жер асты ерек- ше жемісті денесі - спорокарп болады. Ол мицелийлерінің матасуынан құралады. Сары түсті шар пішінді, диаметрі бірнеше миллиметрден 2-3 см-ге дейін барады. Оның ішіндегі спорнагиясы колонкасыз, одан дөңгелек көптеген споралар дамиды. Жынысты көбеюде зигота бір не көп ядролы екі клетканың қосылуы нәтижесінде түзіледі. Ол перде арқылы мицелийден бөлініп тұрады. Олар гомоталды және гетероталды келеді. Жиі тараған өкілі –Endogone lactiflua.Энтомофторалықтар-Entomophthorales қатары. Бұл қатарға жа- татын зигомицеттердің мицелийлері жетілген кезде көлденең перделерге бөлінеді де, олар көп ядролы немесе бір ядролы жеке клеткаларға , ыдырайды. Конидиялар арқылы жыныссыз көбейеді. Мукор сияқты екі клетканың бір-біріне қарай өскен кішкене гифаларының қосылуы арқылы жынысты көбейеді. Одан қалың қабыққа қапталған тыныштық күйдегі зигоспора түзіледі. Бұл қатарға жататын саңырауқұлақтардың тіршілік ету ерекшеліктеріне қарай 3 топқа бөлуге болады. Біреулері өсімдіктердің факультативті паразиті болса, екінші біреулері төменгі сатыдағы омыртқалы жануарлардың ішек паразиттері, ал үшіншілері – насекомдардың паразиттері. Эмпуза – Empusa және энтомофтора - Entomophthora сияқты туыстары насекомдарда тіршілік етеді. Entomophthora muscae түрі күзде үй шыбындарында жиі кездеседі. Терезеге жабысып қалған шыбындардың айналасында 1-2 см – дей жерді алып жататын ақ түсті ұнтақ байқалады. Оның төменгі бауыр жағында ақшыл ұлпа құралады. Микроскоппен қарағанда ақшыл ұлпадан тарамдалған конидий сағақтарын көреміз. Олар сыртқа тыныс алу тесіктері және хитин қабығының жұқа жерлері арқылы шығып тұрады. Сағақтардың ұштарында шар пішінді бір – бірден конидиялар дамиды, олар піскен кезде тургор қысымының әсерінен атылып, шыныға немесе басқа затқа жабысады. Конидиялар сау шыбындарға жұғып мицелийге айналады, кейін олар жеке клеткаларға ыдырайды. E.fresenii – араның паразиті.Ішек паразитіне бақада, кесірткеде және балықта болатын Basidiobolus жатады. Ересек мицелийі көп клеткалы, бір ядролы болады. Бұдан ірі бір конидиясы бар конидия сағағы жетіледі. Қатар жатқан бір мицелийден өсетін гифалар ұштарының бірігуі арқылы жынысты жолмен көбейеді. B.ranarum адамның тері асты клеткасына өтіп, қауіпті грануломатоз ауруын туғызады. Мұндай ауру Африкада жиі кездеседі.Зоопагалықтар-zoopagales қатары насекомдардың дернәсілінің, амебаның, нематоттардың және саңырауқұлақтардың, облигатты паразиті. Оның мицелийлері өте жіңішке көп ядролы, алғашқыда пердесіз, кейіннен перделер құралып көп клеткалыға ауысады. Гифтерінің үсті жабысқақ, сондықтан насекомдарды ұстап қалады. Денесіне жабысқан мицелий иесінің іш жағына қарай өтіп гаустория құрайды. Жыныссыз көбеюі конидия арқылы, жынысты көбеюі - зигогамиялы. Жиі таралған өкілі Stylopage grandis, S.hadra, Zoopage нематоттармен, ал Endocochlus -тың түрлері амебамен қоректенеді.Зигомицеттердің филогенезі. Бұлар жақсы дамыған, жыныс процестерінің түріне және құрылымына қарай біріктірілген саңырауқұлақтардың табиғи тобы. Мұнда жынныссыз көбею органының эволюциясы моноспоралы спорангийлердің конийдиге ауысуы бағытына қарай жүруі айқын байқалады. Бұл кластан бірінші рет жемісті дененің нышанасы Mortierella зигомицетінен байқалады. Endogone де оның диаметрі 2-3 см-ге жеткендігі байқалады. Зигомитцеттердің шығу тегі жөнінде ғалымдар әлі де бір тұжырымды пікірге келе қойған жоқ.Ғалымдардың бірі жыныс процестерінің ұқсастығына байланысты зигомитцеттердің арғы тегі тіркеспелі балдырлар болу керек десе, екінші- лері оомицеттер болуы тиіс дейді. Бұның екеуінде зигомитцеттердің тегі деп атау қиын, өйткені тіркеспелі балдырларда бір ядролы екі вегетативтік клетканың, ал зигомицеттерде көп ядролы гифалардың қосылуы арқылы жыныс процесі жүреді. Сол сияқты құрылымдарында да толып жатқан айырмашылықтары бар. Олай болса, бұлардың ата тектерін хитридиомицеттердің ішінен іздеген жөн. Олардың ішінде ризомитцеттерді және нашар дамыған зигогамиялы жыныс процесі бар Polyphagus болуы мүмкін. Әрине, бұларды бір-бірімен тікелей байланыстыруы қиынға соғады. Оның себебі зигомицеттер болса кұрлықта тіршілік етуіне байланысты алғашқы сулы ортадан қол үзіп, эволюциялық жағынан алға кетуінің нәтижесінде құрылымдарында көптеген айырмашылықтары бар. Бұл екі топтың саңырауқұлақтарын байланыстыратын буын ертеде жойылып кеткен болса керек. Зигомицеттердің арасындағы эволюция бірнеше бағытта жүрген. Мукорлардың басым көпшілігі - жер бетінде тіршілік ететін сапро- фиттер. Мұнда эволюция екі бағытта дамыған: біріншісі, жоғарыда ай- тылғандай, спорангиялардың конидиямен алмасуы бағытында жүрсе, екінші жағдайда, жемісті денелердің алғашқы белгілерінің түзілуі бағытына қарай жүрген.Энтомофторалылардың ересек күйінде жоғары сатыдағы саңырау- құлақтар сияқты мицелийлерінің көп клеткалылығы байқалады және спорангийлердің конидиямен алмасуы аяқталады, сонымен қатар паразитті тіршілік етуге жақсы бейімделген. Эндогоналықтар жемісті денелерінің нышанасы бар мортиерелламен байланысты. Сонымен қатар, екеуінде де спорангия колонкасы жоқ. Зоопагалылар морфологиялық және биологиялық ерекшеліктеріне қарағанда энтомофторалыларға жақын.
Қолданылған әдебиеттер:
1 Абдрахманұлы О. Төменгі сатыдағы өсімдіктер систематикасы. Астана 2012 ж
2 Әметов Ә.Ә. Ботаника. - Алматы, 2011ж.
3. Курсенов Л.И. и др. Ботаника в 2-х Т., М., 2001ж.
Дәріс 12. Оомицеттер (Oomycetes) класы.
Қарастырылатын сұрақтар:
1. Оомицеттердің жалпы сипаттамасы
2. Оомицеттердің систематикасы
3.Оомицеттердің филогенезі
Бұл кластың басты ерекшелігі гифалары көлденең перделерге бөлінбеген және көп ядролы мицелийлердің болуымен сипатталады. Кейбіреулерінде вегетативтік денесі плазмодий түрінде болады. Гифаларының қабығы целлюлозалы және глюканды көп хитиндері болмайды. Басым көпшілігі сулы ортада өсімдікіктердің қалдығында, жануарлардың өлкесінде сапрофитті және балдырлар да, саңырауқұлақтарда, омыртқасыздарда, қосмекенділерде, балық тарда паразитті тіршілік етеді. Екі талшықты зооспора арқылы жыныссыз көбейеді. Зооспора талшығының бірі - қауырсынды, екіншісі-жай құрылымды. Оомицеттер класында эволюция құрлықта тіршілік етуге қарай көшуіне байланысты біртіндеп конидиялар арқылы жыныссыз көбеюге ауыса бастағандығы байқалады.
Оомицеттер оогамиялы жынысты көбеюмен сипатталады. Оогонийде көп жұмыртқа клетка, антеридиде көптеген ядро түзіледі. Ұрықтанудың нәтижесінде түзілетін ооспора оогонийдің ішінде бос жатады және қалың қоңыр қабығы болады. Опмицеттер вегетативтік күйінде гаплоидты, зигота өсер алдында оның ядросы редукциялы жолмен бөлінеді.Бұл класқа 550-дей түр жатады.
Достарыңызбен бөлісу: |