•
Әдет-ғұрып және салт-дәстүр орталығындағы кеңес залында салт-жоралғылар таныстырылады.
Сондай-ақ, мұнда салт-дәстүрге арналған екі көрме залы бар. Ал қалған бөлмелер зерттеу
сыныптары.
•
Сонымен қатар, орталықта 20 мәдени-ұлттық орталықтың ғұрпынан сыр шертер жәдігерлермен де
жасақталып, ғылыми-зерттеу институты жұмыс істейтін болады.
•
Орталықтың ашылу жайынан хабар берген Асқар Мырзахметов: «Біздің байқауымызша
республикада мемлекеттік тұрғыда салт-дәстүрге байланысты арнайы бір институт ретінде жұмыс
жасап отырған орын жоқ сияқты. Әркім енді
өзінің санасына байланысты, мүмкіншілігіне қарай
тіршілігін жасап жатыр ғой. Біреу журнал, біреу газет шығарып дегендей. Бірақ соның бәрін саясат
ретінде қалыптастырып, бір жүйе ретінде топтастыратын орталық жоқ сияқты» деп түйеді. Елбасы
айтқан Мәңгілік ел болу үшін не істеу керек? деген сұрақтарға жауап іздегенде
осындай орталықтар
өз үлесін қосатынын айтқан әкім «Ондағы мақсат – үлкенге құрмет, жетім мен жесірді жылатпау
деген сияқты рухани дүниелерді жинақтап, топтастырып, жүйелендіріп, өз алдына бір базасын
жасау. Одан кейін оны бүгінгі
ұрпаққа тарату, келесі ұрпаққа жеткізудің жүйесін қарастыру. Бұл
жаһандану заманында жастарымыздың ғаламтордағы неше түрлі ағымдарға еліктеген заманында
бұрынғыдан қол үзіп бара жатқан жерлерді толықтыруға өз септігін тигізері анық» дейді.
•
Оңтүстікте ұлттар мен ұлыстардың дәстүрлері кең ауқымда дәріптелетін болды. Себебі облыстық
әдет-ғұрып және салт-дәстүр орталығы салынып бітті. Бүгінде мекеменің басшысы болып ақын
Ақмарал Леубава тағайындалыпты. Жаңа нысан әзірге жұмысын бастаған жоқ.
•
Бұл орталықта ғылыми зерттеу институты жұмыс жасайтын болады. Қазіргі кезде екі қабатты
ғимараттың құрылыс жұмыстары аяқталған. Тек ғимарат алдындағы абаттандыру шаруалары
атқарылып жатыр. Сондықтан ұжымға нысанның кілті табысталатын күн алыс емес. Айта кетейік,
бұл – ел аумағында ашылған дәстүрді дәріптейтін алғашқы орталық болып отыр.
•
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Мәңгілік ел» идеясын арқалаған
Қазақстанда теңдесі жоқ,
толығымен қазақтың әдет-ғұрпы пен салт-дәстүріне арналған бірегей Орталық Шымкент
қаласытөрінде 2014 жылдың желтоқсан айында бой көтерді.
•
Үздік жобаларымен ерекшеленіп, тұрақты көрерменін қалыптастырған сарайдың жұмысы
бағдарлы, бағдарламасы әркез жаңашыл.«Шымкент цирктің» көрермендерді алғаш қуантқан
жарқын жобаларының бірі «Қазақстан-Шымкент» телеарнасымен бірлескен «Күш атасын
танымас» хабары. Нағыз таланттарды ел ішінен іздеген ұжым бұл жоба арқылы толағайдай
жігіттерді елге танытты. Бұған дейін халықаралық өнер фестивальдерінен
жеңімпаз болып ора-
лып, «Хабар» арнасы көрсеткен «Аймақтар аламаны» тележобасының бас жүлдесін иеленген
цирк өнерпаздарына биікті бағындыру ізденіс пен табанды-лық, еңбекқорлықтың арқасын-да
келген. Бастамашыл басшы екендігін іскерлігімен көрсетіп жүрген «Оңтүстік цирк» мекемесінің
директоры Арман Әлиевтің ардагерлермен тығыз жұмыс жасайтындығына бүгінде еліміздегі
Алматы, Астана цирк ұжымдары тәнті болып жүр. – Концерттік
бағдарламаларымызда
ардагерлер де өнер көрсетеді. Бұрын Фосфоршылар мәдениет үйінің Металлургтер сарайы
жанынан ашылған цирк үйірмесінде жұмыс істеген өнерпаздар осылайша тәжірибесін
жастармен бөлісуде. Сексеннен асқан қарияларымыз фокус көрсетіп, жалаңаш төсіне тақтай
қойып, машина жүргізіп өткенде таңқалмаған адам жоқ. Бұл байланысты
нығайту себебеміз,
олар сиқырдың сан түрлі құпиясын өздерімен бірге ала кетпей, жастарға үйретсе деген ой, –
дейді цирк басшысы.
«Оңтүстік Цирк» ұжымының әртістері өткен жылдың қараша-сында Астанада өткен «Шабыт»
халықаралық шығармашыл жастар фестивалінен бірінші орынды жеңіп алды. Он сегізінші рет
өткізілген бұл фестивальдің дең-гейі биік, талабы қатал екені белгілі. «Шабытқа» үшінші жыл
қатысып, бақ сынаған цирк әртістері бұған дейін де арнайы номинацияларды иеленген еді.
«Цирк өнері» номинациясы бойынша Ернұр Оспанов пен Карина Шманьконың бірлескен шығар-
машылығы
бірінші орынды жеңіп алып, «лауреат» атағымен, «Шабыт» медалімен марапатталды.
Олардың «Мачта» арнайы қойылымы көптің көңілінен шықты. Өнерпаздар бұл жеңісін Оңтүстік
өнерінің жетістігі деп біледі. Олардың «Шабыттан» әкелген тағы бір жеңісі – Саха елінде өткен
халықаралық фестивальге шақырту алып, шетел сахнасында өнер көрсету мүмкіндігіне ие
болды.