0 " " сыныпқа арналған тәрбие жоспары



бет10/42
Дата31.01.2023
өлшемі0,68 Mb.
#166884
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   42
Байланысты:
1 сынып 22-23
10-11 сынып 22-233
Тәрбие сағаты

«Ешкімде ештеңеде ұмытылмайды»

Күні




Класс жетекші:




Класс:

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы: Эпиграфтар (тақырып мазмұнын ашатын)

«Ешкімде ештеңеде ұмытылмайды»

Сабақтың мақсаты:

Ұлы Жеңісті дәріптеу, өз Отанын, елін, туған жерін сүю, туған жеріне деген сүйіспеншілігін арттыру, Отанын, туған елін қорғай білуге тәрбиелеу.

Құндылықтарды дарыту

Ұлы Отан соғысында ерлік көрсеткен ата – бабаларымыздың ерлік істерін қастерлеп, рухын көтеру, үлгі өнеге тұту.

Ресімдеу

Слайд,презентация

Музыкалық және бейне көркемдеу

интерактивті тақта, слайд

Үлестірмелі материалдар

Кеспе қағаздар топпен жұмыс,

Тақырыптық көрмелер мен ақпараттық стендтер

Презентация

Дайындыққа арналған әдебиет

Интернет материалдары



Сабақтың барысы




Сабақтың кезеңі/ уақыт

Мұғалім әрекеті

Оқушы әрекеті

Ресурстар
Сабақтың техникалық құрал-жабдықтары

Ұйымдастыру кезеңі (7 мин)



Мұғалім: - Жеңіс күні - адамзат аңсап өткен күн, жеңістің туын тіккен - 1945 жылғы 9 мамыр азаттық күрестің айбынды күні. 1941 жылы 22 маусымда фашистік Германия Кеңес одағына опасыздықпен шабуыл жасады. Мөлдір аспанды бұлт қаптады. Шаттық әні қайғылы үнге, нұрлы күнді қара түнге айналдырмақ болды. Халық үшін бұл ауыр кезең болды. 9 мамыр мерекесі барлығымыз үшін ең бір қымбат тарихи күн екені күмәнсіз. Біз Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің қандай бағамен келгенін ешқашан ұмытпаймыз. Біз Отанымыздың бейбітшілігі мен тәуелсіздігі үшін өз өмірлерін қиған аяулы жандарды мәңгілік естен шығармақ емеспіз.

Оқушылар мұғаліммен амандасады,түгенделеді, мектеп партасындағы қатарлары бойынша орындарына отырады.

Компьютер



Сабақ басы (13 мин)


 - Момышұлы Бауыржан– екінші дүниежүзілік соғыстың даңқты жауынгері, халық қаһарманы, қазақтың көрнекті жазушысы. Бауыржан жеті жылдық мектепті бітіргеннен кейін біраз уақыт мұғалім болған. Сонда жүргенде кезекті әскери міндетін өтеуге шақырылып, онда бір жарым жыл жүріп, запастағы командир атағын алады. Туған ауылына қайтып оралған соң, ол біраз жыл қаржы мекемесінде қызмет істейді. Содан қайтадан Қызыл Армия қатарына шақырылып, түрлі әскери бөлімдерде взвод, рота, командирі болады.
- -Талғат Бигелдинов — Авиация генерал - майоры, Кеңес Одағының екі мәрте батыры, «Барыс» орденінің иегері. Сол күннен бастап әскерилер арасында «ұшқыш танк» деп аталып кеткен «Илюшаға» басы бүтін бауыр басып, 1942 жылы майданға аттанады. Осы өзі бір көргеннен қатты ұнатқан ұшақпен көк жүзінде 500 сағат болады. 305 рет әскери шабуылға шығып, жау ұясы – Берлинді алуға бірінші болып қатысады.
-1941—1945 жылдар аралығында Мәлік Ғабдуллин Ұлы Отан соғысына қатысады. 1941 жылдың қыркүйегінен бастап соғыстың соңына дейін фашистік күштерден Отанды қорғау борышын абыроймен атқарады. Аға политрук болады. Майданда И. В. Панфилов атындағы 8-гвардиялық дивизияда жауға қарсы шайқасады.

Оқушылар жауынгерлер туралы ой қозғайды

Компьютер

Ортасы (20 мин)



Мақал - мәтелдердің жалғасын табу.
1. Елдің атын... шығарады.
2. Көз - қорқақ,
Қол -....
3. Шешен жігіт - жол бастар,
... - қол бастар.
4. Ер адам... сақтамайды.
5. Батырға оқ дарымайды,
Батылға... жоламайды.
6.... айқаста танылар.
7. Ақылдан асар амал жоқ,
... алмас қамал жоқ.
«Жеңіс» сөзіне сөзжұмбақ шешу.
1. Мәскеу үшін шайқаста ерлік көрсеткен қазақ батыры кім?
Бауыржан Момышұлы
2. Біз қандай күндері демаламыз?
Мереке күндері
3. Ұлы Отан соғысында ерлік көрсеткен батырларға қандай атақ берілді?
Кеңес Одағының Батыры атағы
4. Батыр сөзіне мағынасы жуық сөзді тап.
Ерлік
5. 28 панфиловшылар қай қаланы жаудан қорғады?
Мәскеу қаласы

Оқушылар топ болып жауап береді




Соңы

1941 - 1945 жылдардағы соғыстың ерлікке толы қаһарлы жылдары барған сайын бізден алыстап тарихқа кетіп барады. Жеңіс күні бізге ең алдымен бейбітшіліктің бағасын ұқтырды. Миллиондаған адамның өмірі мен қолға тиген 1945 - жылғы Жеңіс күні бізге қымбат. Біз соғысты көрген жоқпыз. Бірақ ата - әжелеріміздің әңгімесінен соғыстың не екенін түсініп, жанымыз түршігеді. Қан майданда өздерінің жас жанын қиып, жаумен шайқаста ерлік көрсеткен ата - апаларымыздың рухына мәңгі тағзым етеміз. Оларды әрқашан жадымызда ұстаймыз.



Оқушылар бүгінгі сабақтан алған әсерлерін ортаға салады.




Бекітілді ___________


Тәрбие сағаты бойынша қысқа мерзімді жоспар



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   42




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет