0 " " сыныпқа арналған тәрбие жоспары



бет20/42
Дата31.01.2023
өлшемі0,68 Mb.
#166884
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   42
Байланысты:
1 сынып 22-23
10-11 сынып 22-233
Сабақтың мақсаты:

Қазақ халқының мейрамдары - Наурыз мейрамы туралы оқушыларға түсінік беру; ұлтжандылыққа, дәстүрлерді қастерлей білуге тәрбиелеу; ұйымшылдылыққа, өнерге баулу;

Құндылықтарды дарыту

Оқушыларды елін сүюге, дәстүрлі мерекелерді құрметтей білуге, бойларына адамгершілік жақсы қасиеттерді сіңіре білуге тәрбиелеу.

Ресімдеу

Слайд,презентация

Музыкалық және бейне көркемдеу

интерактивті тақта, слайд

Үлестірмелі материалдар

Наурыз мейрамына қатысты бейне суреттер мен бейне баяндар, әндер, музыкалар,түрлі түсті қағаздар,

Тақырыптық көрмелер мен ақпараттық стендтер

Презентация

Дайындыққа арналған әдебиет

Интернет материалдары



Сабақтың барысы




Сабақтың кезеңі/ уақыт

Мұғалім әрекеті

Оқушы әрекеті

Ресурстар
Сабақтың техникалық құрал-жабдықтары

Ұйымдастыру кезеңі (7 мин)



-Оқушылармен амандасу -Психологиялық ахуал қалыптастыру. -Жылулық шеңбері. -Сәлеметсіздер ме, құрметті ата-аналар, балалар, ! Бүгінгі Наурыз мейрамына арналған «Әз Наурыз» сынып сағатымыз
— Балалар, міне Наурыз да келді. 22 наурыз жыл басы. Наурыз үлкен мейрам. Көптен күткен Наурыз тойы арайлы, Нұрға бөлеп міне жатыр манайды! Мал біткеннің бал татыған ұызды, Қуат болып қанымызға тарайды. Төрт түлік мал халқымыздың сүйері, Көңілімнің күмбірлеген күйі еді. «Аман ба» деп мал жаның? Бірін-бірі құшақтасып сүйеді.

Оқушылар мұғаліммен амандасады,түгенделеді, мектеп партасындағы қатарлары бойынша орындарына отырады.


Компьютер



Сабақ басы (13 мин)


Наурыз шығыс күнтізбесінде жаңа жыл басы деп саналады. 21-22 наурызда күн мен түн теңеледі. Наурыз деген сөздің өзі «нау» — жаңа, «руз» — кун деген сөздерден алынып, жаңа жыл деген ұғымды білдіреді. Адамдар Наурызға дайындалады. Олар үй, арық, аула, көшені тазалайды. Ағаш, гүл егеді. Адамдар үйлерінде дастархан жайады. Ән шырқап, би билеп, ойын ұйымдастырады.
— Наурыз — бақыттың бастамасы, ұлылықтың ұйытқысы, жақсының жаршысы, ынтымақтың белгісі, өмірге нұр сыйлаған, сезімге гүл сыйлаған халық қастерлейтін күн.
Көктем — жыл мезгілінің әдемі бір кезені. Наурыз айында күн ұзарып, түн қысқарады. Күн көзінің шуағы молаяды. Қар еріп, жырашықтардан су аға бастайды. Көктем – өте көңілді мезгіл
Жұмбақ — Ал енді балалар! Жұмбақтардың шешуін табыңдар: Дәмді-дәмді тағамдарды жинайды, Қонақтарды көңілдене сыйлайды. (дастархан) Бұл не? Дұрыс айтасыңдар, балалар! Бұл дастархан. Ал дастарханға қандай қазақтың ұлттық тағамдары қойылады? Қазақтың ұлттық тағамдары, Жасымнан жақын маған бәрі. Теңермес ем оларға мен, Ешбір асты ғаламдағы. — Дастархан басында адамдар қалай отырады, асқа қатысты тыйымдармен ырымдарымен бізді Жазира апайымыз таныстырып өтеді



«Наурыз Көктем» әні шырқалады

. (интерактивті тақтадағы суреттерді көрсету) .




Компьютер

Ортасы (20 мин)



Ұлттық салт-дәстүрлерімен таныстыру Қазақ халқы қонақ күтуді де, қонақ болып қыдыруды да қызық көрген. Сондықтан қазақ халқының тойлары да көп болған. Соның біреуі бесікке салу. Бесікке салу тойына жиналғандар өлең айтып, әзіл –қалжын, ұлттық ойындарын ойнап көңіл көтерген. Бесікке салу тойларын ырымын көрсетіп, түсіндіріп беретін Шолпан апайымызға сөз береміз. Бала он екі ай шамасында қаз тұрып, бір-екі аттап үстел жағалап жүреді. Осы кезде балаға арналған қазақ халқында «Тұсау кесер» тойы өткізіледі. Сөз Әсел апайымызға беріледі.

Оқушыларға видео көрсетіледі



Компьютер

Соңы

Қорытындылау Қазақ халқының ежелгі салт-дәстүрінің бірі – бата-тілек білдіру. «Сөз арқылы жаратушыға жалынып, жалбарынып ықпал етуге болады деп түсінген ата-бабаларымыз. «Жаңбырменен жер көгереді, батамен ер көгереді», «Баталы құл арымас» — деген ой-пікірді уағыздап, кейінгі ұрпағына ықылас білдіріп, ақ ниетпен бата беріп, тілек тілеуді дәстүрге айналдырған. Бата туралы Батима апайдың әңгімесін тыңдайық. Рахмет! Мұғалім: Жаз келер, қыстыгүні қысым кетіп, Қар, суық, аяз, боран — бәрі кетіп. Қасықтай қар, тобықтай тоң қалмайды,
Табиғат барша жанға рахым етіп. Жетпекке үлкендікке жас балалар, Жүгірер қырдан ойға дүбірлесіп. Шал-кемпір күн шуақтап, көңілі жай, Өткен күн, өмірін айтып күбірлесіп. Бота, құлын, бұзау, лақ, қозы туып, Қуанып ойнақтайды олар да өсіп

«Наурыз» әні шырқалады



Бекітілді ___________


Тәрбие сағаты бойынша қысқа мерзімді жоспар



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   42




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет