IV. Әдістемелік бірлестік жұмысының тәртібі 4.1. Әдістемелік бірлестікті мектеп директоры әдістемелік бірлестік мүшелерінің келісімімен неғұрлым тәжірибелі педагогтардың ішінен тағайындаған төраға басқарады.
4.2. Әдістемелік бірлестіктің жұмысы ағымдағы оқу жылының жұмыс жоспарына сәйкес жүргізіледі. Жоспарды әдістемелік бірлестіктің төрағасы жасайды, әдістемелік бірлестіктің отырысында қарастырылады, директордың әдістемелік жұмыс жөніндегі орынбасарымен келісіледі және мектептің әдістемелік кеңесімен бекітіледі.
4.3. Әдістемелік бірлестіктің отырысы бір тоқсанда кем дегенде бір рет өткізіледі. Әдістемелік бірлестіктің төрағасы директордың әдістемелік (оқу-тәрбие) жұмысы жөніндегі орынбасарын отырыс өтетін орын мен уақыты жөнінде хабардар етуге міндетті.
4.4. Отырыста талқыланған әрбір мәселе бойынша ұсынымдар қабылданады, олар хаттамалар журналына тіркеледі. Ұсынымдарға әдістемелік бірлестіктің төрағасы қол қояды.
4.5. Басқа әдістемелік бірлестіктердің тақырыптамасын немесе мүдделерін қозғайтын мәселелерді қарастыру кезінде отырысқа олардың төрағаларын (мұғалімдерді) шақыру қажет.
4.6. ӘБ қызметіне бақылауды мектептің әдістемелік жұмыс жіне мектепішілік бақылау жоспарларына сәйкес мектеп директоры, оның әдістемелік, оқу-тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасарлары жүзеге асырады.
V. Әдістемелік бірлестіктің құжаттамасы 5.1. Әдістемелік бірлестік туралы Ереже.
5.2. ӘБ мұғалімдері туралы мәліметтер қоры: сандық және сапалық құрамы (жасы, білімі, мамандығы, оқытатын пәні, жалпы және педагогикалық өтіл, біліктілік санаты, марапаттары, зватағы, үй телефоны).
5.3. Өткен жылдағы жұмысқа талдау жасау.
5.4. ӘБ-тің ағымдағы оқу жылына арналған міндеттері.
5.5. Әдістемелік жұмыстың тақырыбы, оның мақсаты, жаңа оқу жылына арналған басымдыққа ие бағыттар мен міндеттер.
5.6. ӘБ-тің ағымдағы оқу жылына арналған жұмыс жоспары.
5.7. ӘБ-тің әрбір айға арналған жұмыс жоспары-торы.
5.8. ӘБ мұғалімдерінің өздігінен білім алу тақырыптары туралы мәліметтер.
5.9. ӘБ мұғалімдерін аттестаттадың перспективалық жоспары.
5.10. ӘБ мұғалімдерінің ағымдағы жылға арналған аттестаттаудан өту графигі.
5.11. ӘБ мұғалімдерінің біліктілігін арттырудың перспективалық жоспары.
5.12. ӘБ мұғалімдерінің ағымдағы жылға арналған біліктілігін арттыру графигі.
5.13. Ағымдық бақылау жұмыстарын өткізу графигі (оқушылардың өздері немесе әдістемелік бірлестіктердің төрағалары енгізеді, мақсаты оқушыларға түсетін артық жүктемеден сақтандыру – күніне бірден көп емес бақылау жұмысы).
5.14. Тоқсанға арналған әкімшілік бақылау жұмыстарының графигі.
5.15. Пән бойынша ӘБ мұғалімдерінің ашық сабақтар мен сыныптан тыс шараларды өткізу графигі (мектеп директоры бекітеді).
5.16. ӘБ кәсіптік тәжірибесінің мекенжайлары.
5.17. ӘБ мұғалімдерінің кәсіптік қажеттіліктері туралы мәліметтер (диагностиканың қорытындылары бойынша).
5.18. Әдістемелік апта өткізу жоспары (егер МО дербес өткізсе).
5.19. Бағдарламалар (пән бойынша авторлық, факультативтер, үйірмелер).
5.20. Оқу бағдарламалары және олардың пән бойынша оқу-әдістемелік қамтамасыз етілуі туралы ақпарат.
5.21. Күнтізбелік-тақырыптық жоспарлау (пән бойынша, жеке, факультативтік сабақтар бойынша, пәндік үірмелер бойынша).
5.22. Жас және ӘБ-ке жаңадан келген мамандармен жұмыс жоспары.
5.23. Пән аптасын өткізу жоспары.
5.24. Мектепішілік бақылаудың нәтижелері (жедел-, ақпараттық және талдаушылық анықтамалар), диагностиканың нәтижелері.
5.25. ӘБ отырыстарының хаттамалары.