II. Әдістемелік бірлестік қызметінің міндеттері мен бағыттары Әдістемелік бірлестік білім беру мекемесінің құрылымдық бөлімшесі ретінде оқу орнына жүктелген міндеттердің белгілі бір бөлігін шешу үшін құрылады. Әдістемелік бірлестік жұмысы педагогтардың кәсіптік әлеуетін тиімді пайдалану мен дамытуға, олардың күш-жігерлерін тиісті оқу пәндерін оқыту әдістемесін жетілдіруде жинақтауға және үйлестіруге және осының негізінде білім беру үдерісін жақсартуға бағытталған.
Әдістемелік бірлестік:
· оқушылардың оқу мүмкіндіктеріне, білім беру үдерісінің, оның ішінде пән бойынша оқудан тыс жұмыстың нәтижелеріне талдау жасайды;
· білім беру үдерісін қажетті бағдарламалық-әдістемелік кешендермен қамтамасыз етеді;
· пән мұғалімдеріне нақты әдістемелік көмек көрсетуді жоспарлайды;
· әдістемелік семинарлар мен әдістемелік жұмыстың басқа да формаларының жұмысын ұйымдастырады;
· пән кабинеттерін жабдықтауға талдау жасайды және жоспарлайды
· оқушыларды аралық аттестаттауға арналған материалдарды келіседі;
· оқу курстарының ең аз көлемі мен мазмұнына, оқушылардың оқытылу нәтижелеріне (қажет болған жағдайда) қойылатын талаптармен келіседі;
· оқытушылардың оқу бағдарламаларына енгізген өзгерістеріне бастапқы сараптама жүргізеді;
· оқу пәндерін оқытудың тәжірибесін зерделейді және қорытады;
· пән бойынша оқушылардың сыныптан тыс қызметін ұйымдастырады;
· мұғалімдерге көмек ретіндегі әдістемелік ұсынымдар дайындау туралы шешім қабылдайды;
· тиісті пәндер мен курстарды жақсырақ меңгерту, оқу еңбегі мәдениетін арттыру мақсатында оқушылар мен олардың ата-аналарына арналған әдістемелік ұсынымдарды әзірлеуді ұйымдастырады;
· мұғалімдерге біліктілікті арттырудың әр түрлі формаларын ұсынады;
· тәлімгерлердің жас мамандармен және тәжірибесі аз мұғалімдермен жұмысын ұйымдастырады;
· конкурстар, олимпиадалар, пән апталары (айлықтары) туралы ережелер әзірлейді және оларды өткізуді ұйымдастырады.
III. Әдістемелік бірлестік жұмысының негізгі формалары 3.1. Оқушыларды оқыту мен тәрбиелеу әдістемесінің проблемалары бойынша педагогикалық эксперименттер өткізу және олардың нәтижелерін білім беру үдерісіне енгізу.
3.2. Оқу-әдістемелік мәселелер бойынша «Дөңгелек үстелдер», кеңестер мен семинарлар, мұғалімдердің шығармашылық есептері және т. б.
3.3. Әдістемелік бірлестіктердің оқушыларды оқыту және тәрбиелеу мәселелері жөніндегі отырыстары.
3.4. Пән бойынша ашық сабақтар және сыныптан тыс шаралар.
3.5. Оқыту және тәрбиелеу әдістемесі, жалпы педагогика мен психология мәселелері бойынша лекциялар, баяндамалар, хабарлар және пікірталастар.
3.6. Оқу-тәрбие үдерісінде нормативтік құжаттардың талаптарын, алдыңғы қатарлы педагогикалық тәжірибені зерделеу және жүзеге асыру.
3.7. Пән апталықтары мен әдістемелік күндер өткізу.
3.8. Өзара сабақтарға қатысу.