24 Ғалымның «Әдебиет танытқыш» атты еңбегін алып қарасақ, бұл оның
қазақ тілі ғылымының негізін салуымен қатар, қазақ поэзиясының теориялық
мәселелерін ғылыми тұрғыдан баяндауда да көп жаңалық ашқанына дәлел
бола алады. Поэзия тілінің бейнелілігін, сөз қолдану тәсілдерін мұқият
зерттеп теңеу, ауыстыру (метафора), алмастыру (метонимия), шендестіру,
арнау, қайталау, дамыту, бүкпелеу секілді ұғымдарды әдеби термин ретінде
қолданады. Сөйлемдердің синтаксистік топ болып бірігуін оралым, қайшы
оралым деген сияқты түрлерін ажыратып көрсетеді. Өлеңнің құрылыс-
жүйесін
айқындай
отырып,
бунақ,
тармақ,
шумақ
ұғымдарын
қалыптастырды. Поэзиядағы жанрлық түрлердің ұлттық ерекшеліктерін
таныту мақсатымен толғау, терме, өлең жыр, айтыс, тағы басқаларды орынды
жіктейді. Ғалымның қолданған терминдерінің көпшілігін бүгінгі таңда біз өз
сабақтарымызда қолданып та жүрміз.
1923 жылы Ахметтің 50 жылдық мерейтойы Ташкентте аталып өтеді.
Осы тұста қазақ баспасөзі түгелге жуық бұл мерекені атап өтті. Түркістан
республикасы Орталық партия комитетінің органы «Ақ жол» газеті өзінің
1923 жылғы 4 ақпандағы санында «Ахаңның юбилейі туралы» деген
мақаланы редакция атынан берді.Осы нөмірде «Ахаңның 50 жылдық тойы»
деген атпен Мұхтар Әуезовтің көлемді мақаласы жарияланды. Мұнда автор:
«Ахаң ашқан қазақ мектебі, Ахаң түрлеген ана тілі, Ахаң салған әдебиеттегі
елшілдік ұраны, «Қырық мысал», «Масаның» еңбегі, «Қазақ» газетінің 1916
жылы қан жылаған қазақ баласына істеген еңбегі, өнер-білім, саясат
жолындағы қажымаған қайраты біз ұмытқанда да тарих ұмытпайтын істер»
деп баға берді. Ал Сәкен Сейфуллин «Ахаң байлардың құлдығында шіріген
шаруалардың айқайшысы емес, олардың қолшоқпары емес, бірақ адал жүрек
байын, кедейін айырмай, қазақты сүйетін таза ұлтшыл. Қалай болса да,
жазушысы аз ғана, әдебиеті нашар қазақ жарлыларына оқу һәм тіл
құралдарымен қылған қызметі таудай» деп лебізін білдірді.