236 қазақ ғылымының дамуына улес қосушы Ахмет Байтұрсынұлына толығырақ
тоқталсақ. Баяндамамда ұлы тұлғаның ұлттық ғылымға қосқан
жұмыстарымен танысамыз. Ақын халықты қараңғылық, енжарлық, кәсіпке
марғаулық
сияқты
кемшіліктерден
арылуға
шақырды.
Абайдың
ағартушылық, сыншылдық дәстүрін жаңарта отырып, Байтұрсынұлы 20
ғасырдың басында қазақ әдебиетін төңкерісшіл-демократтық дәрежеге
көтерді. Сондай-ақ Байтұрсынұлы қазақ тіліне А.С.Пушкин,М.Ю.Лермонтов,
Ф.Вольтер, С.Я.Надсон өлеңдерін аударды. Бұл аудармалар Байтұрсыновтың
тақырыпты, идеялық-көркемдік деңгейі жоғары туындылар болды.
Ұлы тұлғаларымызды ұлықтау мақсатында 2022 жылды "Ахмет
Байтұрсынұлы жылы " деп арнауымыздың өзі де келер буынға азаттықты
ардақтап, Отанымызды нығайған күйі табыстау. Өскелең ұрпаққа
адамгершілік, ұлтжандылық қасиеттерді сіңіру. Сондай-ақ елдік мүдде
жолында бірге қимылдау - баршамыздың парызымыз деп білгеніміз жөн деп
ойлаймын.
Ахмет Байтұрсынов патша мен Кеңестер үкіметі тұсында да қоғамдық
және мемлекеттік қайраткер деңгейінде қызметтер атқарған тұлға. Ақын
мұралары мен еңбектерінің бағалануы, әріптестерінің оң баға беруі - еңбектің
қайтқаны. Толығырақ тоқталсақ, С.Сейфуллин «Оқығандардың арасынан
шыққан,өз заманында патша арам, қулықты атарман-шабармандарының
қорлығына,мазағына түскен халықтың намысын жыртып дауысын шығарған
кісі...Қалай болсада жазушысы аз ғана,әдебиеті нашар қазақ жарлыларына
оқу-тіл құралдарымен қылған қызметі таудай», - деген. Мұхтар Әуезов пен
Смағұл Садуақасовта Ахаңның халқына сіңірген қызметтеріне жоғары
деңгейде баға берді. Бұл 1922-1923 жылдың арасы еді. «Ол кезде ауылдағы
есі кірген баладан бастап,еңкейген кәріге дейін Ахметтің есімін білуші еді,
деп айтып отыратын үлкендер.Олай дейтіні,ол уақытта қыстық қант-шәйін
қамдау үшін шыққан базаршылар,ауқаттылар мен саудагерлер қалаға
барғанда, Ахаңның «Қырық мысалын», «Масасын», «Әліпбиін» алып
қайтады екен. Кешке отбасында ағайындар жиналған кезде немесе ораза
кезіндегі ауызашарда үй ақсақалы сауатты балалардың біріне Ахаңның
мысалдарын, «Ер Сайынын» оқытып,жиналғандар керемет рухани
рахаттанысып қалады екен.Үлкендері «Осының бәрін қалай білген»деп,мәз
болып бастарын шайқасады.Мысалдардың мәнін түсінгендері «Данышпан
екен,ә»-,деп таңданысады. «Елу жылда ел жаңа,жүз жылда қазан»- , деп
айтушы еді данышпан қазақ,сол «қазанымыз» осы біздің заманымыз
шығар.Ахмет Байтұсынов есімі халқымен қайта қауышты.Оның артында
қалған орасан зор мұрасы халқына таусылмас қазына.Ұлы тұлғаның әліде