138 1-оқушы: Биылғы жыл халқымыздың көрнекті қоғам қайраткері, кешегі Абай,
Ыбырай, Шоқан салған ағартушылық, демократтық бағытты ілгері
жалғастырушы ірі ғалым, көсемсөз шебері, әдебиет зерттеуші, тюрколог,
дарынды ақын- аудармашы Ахмет Байтұрсынұлының туғанына 150 жыл
толған мерейлі жыл.
2-оқушы: Ахмет Байтұрсынұлы- қыры мен сыры мейлінше мол адам. Біріншіден, ол
қазақ тілінің тұңғыш әліппесі мен оқулықтарының авторы. Ол жазған мектеп
оқулықтары 1914- 1915 жылдан 1927- 1928 жылға дейін пайдаланылып келді.
Қазақ оқушыларының бірнеше буыны сауатын Байтұрсынұлының
“Әліпбиімен” ашып, ана тілін Байтұрсынұлының “Тіл құралы” арқылы оқып
үйренді.
3-оқушы: Ахмет Байтұрсынұлы-қазақ ән-күй өнеріне де терең ой жіберген ғалым.
А.В.Затаевичтің айтуынша, ол шебер домбырашы, әнші болған. Халық
әндерін, күйлерін жинаған және олардың шығу тарихын да білген.
4-оқушы: Табиғатынан аса дарынды туған талапты бала Ахмет 1882- 84 ж. әуелі көзі
қарақты адамдардан өз үйінде хат танып, артынан жақын жердегі ауыл
мектебінен сауат ашады да, 1886- 1891 ж. Орынбордағы мұғалімдік мектепте
оқып, білім алады.
5-оқушы: 1895 жылы 1 маусымнан бастап мұғалім болады. Ақтөбе,
Қостанай, Қарқаралы атырабында бала оқытады, өмір, тіршілік күресіне
араласады, әділет үшін күреседі, байларға қарсылық білдіреді, патшаның
отаршылық саясатын айыптайды.