0 Қызылорда, 2022



Pdf көрінісі
бет228/303
Дата11.05.2022
өлшемі3,47 Mb.
#142458
1   ...   224   225   226   227   228   229   230   231   ...   303
Байланысты:
АХМЕТ ПЕДОКУ ЖИНАГЫ

181 
 
бетімен жұмыс жасауы үшін қолданылатын ақпараттық технологияларға 
негізделген карта, кесте, үлестірме қағаздар, суреттер т.б. жатады.
Ағылшын тілі пәнін оқытуда бастапқы сынып оқушыларына тілді 
үйретуде Ахмет Байтұрсынұлы атап көрсеткендей дидактикалық тәсіл, 
қағида өте жиі қолданылады. Оған мысал, оқу материалын меңгергендігін 
бақылайтын тест түрлері, әріптерді және жаңа сөздерді тез жаттауға 
арналған түрлі ойындар және тағы да басқа тәсілдер бар.
Ағылшын тілі пәніндегі дидактикалық материалдың бір түрі– түрлі 
ойындар арқылы оқыту. Лото, домино логикалық ойындарын тиімді 
қолдану барысында оқушылардың өз ойын дәлелдеуге, абстрактілі 
ойлануына көмектесетіндігін байқадым. 
Ахмет Байтұрсынов атап көрсеткендей, оқушылардың ағылшын 
тіліне деген қызығушылығын, ынтасын арттыруда 2-4 сыныптарда тілдік, 
лексикалық, грамматикалық, фонетикалық дағдыларын арттыруда «Қай 
әріпті жоғалттым?», «Іздеп тап», «Түстерді айыр» ойындарын сабақ 
барысында тиімді қолданып келемін. 
Сөздің айтылуы бар да, жазылуы бар. Адамзат баласы алдымен 
сөйлеуді үйренеді, сосын жазуға көшеді.Ахмет Байтұрсыновтың 
көрсетуінше, жаза білу үшін әуелі тілдегі дыбыстарды тани білу керек. 
"Оқу құралының" "Дыбыспен жаттығу" деген бөлімінде әр дыбысты 
қалай таңбалау керек, оны қалай жазып үйрену керек, калай меңгеру керек 
деген мәселелерді егжей-тегжейлі баяндап, балалар ұғымына түсінікті 
қарапайым тілмен түсіндіреді. Бұл турасыңда автор өз ойын былай береді: 
"Оқу үйренгендегі бас мақсат- керек сөзді жаза білу, жазылған сөзді оқи 
білу. Оқуға келген балалар сөйлей білсе де, дыбыстарды тізіп сөз қыла 
білмейді. Себебі, олар сөздің дыбыстан тізілетінін білмейді, оқуға балалар 
дыбыс үйренеміз деп келмейді. Оқу, жазу үйренеміз деп келеді. Бірақ, 
дыбысты білмей, дыбыстың қалай тізілетінін білмей, оқу, жазу үйрену 
қиын, сондықтан осы күнде оқуы тәртіпті жұрттар балаларға әріп 
көрсетпей 
тұрып, 
әуелі 
дыбыспен 
жаттықтырады. 
Дыбыспен 
жаттықтыруға көп уақыт кетпейді, онан келетін пайда көп" (Байтұрсынов 
А. Оқу құралы. Ташкент. 1921, 9 бет). Дыбыстарды дұрыс меңгеру үшін не 
істеу қажеттігін айтады. Оның ойынша, біріншіден, балаларға әр түрлі 
дыбыс барлығын білдіру: екіншіден, таныс сөздерді көрсетіп, олардың 
ішінде қандай дыбыстар бар екендігін айыру: үшіншіден, бөлек-бөлек 
дыбыстарды тіздіріп, сөз етуді үйрету; Төртіншіден, меңгерген 
дыбыстарын оқыту, сөз құрастыру. 
Ахмет Байтұрсынов осы оқулығында әріптерді балаларға үйрету 
кезінде толып жатқан әдістерді қолданған. Ол өзі жасаған алфавиттегі 
әріптерді үйрету барысында алдымен жазып үйрену үшін тілдегі 
дыбыстарды тани білу керектігіне басты назар аударады. "Сол дыбыстарға 
арналған әріптерді тани білу жөн" дейді автор, сол үшін сауаттану, яғни 
үйрену 
үшін 
сауаттану 
әдісін 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   224   225   226   227   228   229   230   231   ...   303




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет