0 Қызылорда, 2022



Pdf көрінісі
бет294/303
Дата11.05.2022
өлшемі3,47 Mb.
#142458
1   ...   290   291   292   293   294   295   296   297   ...   303
Байланысты:
АХМЕТ ПЕДОКУ ЖИНАГЫ

234 
 
А.Байтұрсынұлы әліпбиі, яғни төте жазу 1912 жылдардан бастап 
қолданысқа енгені белгілі. Төте жазудыңең басты ерекшелігі мыналар еді: 
- қазақ тіліне сәйкес келмейтін басы артық әріптерді әліпби құрамынан 
алып тастады; 
- араб жазу заңдылығына тән дидактикалық белгілер қолданылмады; 
-дауыстылар жүйесі қазақ тілінің үндестік заңына сәйкес таңбаланды. 
А.Байтұрсынұлы әліпбиінде 24 әріп, 1 дәйекше белгісі болды. Дәйекше 
қойылмаған сөз жуан, дәйекше қойылған сөз жіңішке болып оқылатын. Яғни 
үш ақ дауыстысы бар араб әліпбиін, қазақ тілінің үндестік заңына сүйене 
отырып, еш қиындықсыз қазақ жазуына ыңғайлады. 
Ұзақ ғасырлар бойы қолданыста болған араб жазу жүйесі негізінен үш 
түрлі сатыда қызмет етті: қадим, жәдид, төте жазу. Осылардың ішінде төте 
жазу, яғни А.Байтұрсынұлының әліпбиі ана тілінде сауат ашудың ең тиімді 
құралы болды. 
Бүгінде осы еңбектер, аудармалар мен мысалдарды балалар 
оқулықтарынан көруге болады. Себебі, білім беруде балалардың ой 
қабілеттерін дамытуда, болмыстарын қалыптастыруды осы туындылардың 
маңызы зор.
Мысалы, Крыловтан аударған белгілі «Маса» аудармасы, тек балаларға 
ғана емес, ересектергеде арналған. Себебі, аудармашы ол жерде қазаққа 
жаны ашып, ұйықтап жатқан елді оятқысы келді. Аудармашының түп ниеті 
осы болатын. 
Мысалы, қазақ малшы ұйықтап жатқан, 
Жыланды пәле делік аңдып баққан. 
Пәленің түргін көрген мен сары маса, 
Халықты оянсын деп сөзбен шаққан. 
Міне, ақынды осы мысалды аударуға итермелеген қазақ тұрмысын, 
қайғы-қасіретін шынайы көрсетер образдардың бедерлі бейнесі екен. 
Ахмет Байтұрсынұлының әдебиетімізге де қосқан үлесін атап өту 
керек. Халық ауыз әдебиетінің үлгілерін жинап жарыққа шығаруда зор еңбек 
сіңірді. Әдебиет саласындағы алғашқы зерттеуі «Қазақтың бас ақыны» деген 
көлемді мақаласы «Қазақ» газетінің 1913 жылғы үш санында шықты. 
Қазақтың «Ер Сайын» атты эпостық жырына сөз бен түсініктемелер жазып, 
оны 1923 жылы Мәскеуде шығарды. Қазақ ауыз әдебиетінде молынан 
сақталған жоқтау-жырларын арнайы жүйелеп, сұрыптап, 1926 жылы «23 
жоқтау» деген атпен жеке кітап етіп жариялады. «Әдебиет танытқыш» 
(1926) кітабы қазақ тіліндегі тұңғыш іргелі ғылыми – теориялық еңбек. 
Ахмет Байтұрсынұлы әдебиет тарихына, теориясы мен сынына




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   290   291   292   293   294   295   296   297   ...   303




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет