233 Ол халыққа ғылым-білімнің қажеттілігін түсіндірумен ғана шектелмей,
білім беру ісін жолға қоюға күш салды. Орыс, татар мектептерінен оқып
шыққан ұлт мамандарының өз тілін қолданудағы кемшіліктерін көріп: «Әр
жұрттың түрінде, тұтынған жолында, мінезінде қандай басқалық болса,
тілінде де сондай басқалық болады. Біздің жасынан не орысша, не ноғайша
оқыған бауырларымыз сөздің жүйесін, қисынын нағыз қазақша келтіріп жаза
алмайды не жазса да қиындықпен жазады, себебі, жасынан қазақша жазып
дағдыланбағандық» деп жазды.
Байтұрсынұлы қазақ балаларының сауат ашуына көп күш жұмсады.
Осы мақсатта «Оқу құралы» (1912), «Тіл құралы» (1914), ересектер сауатын
ашуға аранап «Әліпби» (1924), «Жаңа әліпби» (1926) атты оқулықтармен
ғылыми еңбектер ұсынды. Ахмет Байтұрсынұлы қазақ тіл білімінің ХХ
ғасырдың бас кезінде қалады. Оған қоса, көркем аударма саласымен де
айналысты. Ол орыс классиктерінің шығармаларын, И.А.Крылов,
мысалдарының бір тобын, И.И.Хемницердің «Ат пен есек», А.Пушкиннің
«Балықшы мен балық», «Алтын әтеш», «Ат», «Данышпан Аликтің ажалы»
шығармаларын, орыстың белгілі лирик ақыны С.Я.Надсонның өлеңін қазақ
тіліне аударды. [1; 113б.]
Ағартушы «Тіл құралының» бірінші бөлімінің тұңғыш басылымына
шағын ғана «Сөз басын» жазған болатын. Міне, осы алғы сөздің өзінде
ғылым әрі ұстаз Ахметтің бар мақсаты, талап-талпынысы, ұлт жұмысы
жолындағы қажыр-қайраты айқын көрінеді: «Балаларға көп үйретем деп,
асығып шала-шарпы үйретуден, аз да болса, анықтап нық үйрету абзал.
Әсіресе, бірінші жыл оқытылатын «Тіл құралы» тіл білімінң негі
болғандықтан нық үйретілерге керек...» [2; 138б.]
Ахмет Байтұрсынұлы қазақ әліппесі мен қазақ тілі оқулықтарын
жазуды 1910 жылдардан бастап қолға алады. Онымен қоса қазақ графикасын
жасауға кіріседі. Қазақ графикасының негізіне қазақтың мәдени дүниесінде
көп ғасырлық дәстүрі бар, өзге түркі халықтарды да пайдаланып
отырғандықтан, туыстық, жақындық сипаты бар араб таңбаларын алады. Сол
1911–1912
жылдары
жасалып,
Уфа,
Орынбор
қалаларының
баспаханаларында жарық көрген. Ахмет Байтұрсынұлының әліппесі «Оқу
құралы» деген атпен 1912–1925 жылдары арасында 7 рет қайта басылып,
оқыту ісінде ұзақ әрі кең пайдаланылды. Ахмет Байтұрсынұлының қазақ
тілінің табиғатын, құрылымын танып-танытудағы қызметі енді мектепте
қазақ тілін пән ретінде үйрететін оқулықтар жазумен ұласады. Осы тұста
оның атақты «Тіл – құрал» атты үш бөлімнен тұратын, үш шағын кітап
болып жарияланған оқулықтар жазылды.