0 Қызылорда, 2022



Pdf көрінісі
бет298/303
Дата11.05.2022
өлшемі3,47 Mb.
#142458
1   ...   295   296   297   298   299   300   301   302   303
Байланысты:
АХМЕТ ПЕДОКУ ЖИНАГЫ

237 
 
ашылмай,көрінбей жатқан қырларын зерттеу 2022 жылғы ғалымдардың 
міндеті деп білем. Жиырмасыншы жылдардың бас кезінде Ахмет 
Байтұрсынұлының еңбектері туралы ең алғаш ғылыми пікір жазғандар 
М.Дулатұлы, 
Шонанұлы, 
І.Омаров. 
1.1 Ахмет Байтұрсынұлы араб таңбаларын қазақ тілінің заңдылықтарына 
бейімдей отырып,тұңғыш әліпбиін жасады.Себебі,әркімнің тіліне еріп,адасып 
жүрген жұртына «Қазақ әліпбиін» тайға таңба басқандай жасап берді. Қазақ 
елін сауаттандыруда тарихи рөл атқарған.Араб графикасына бейімделіп,бар 
болғаны 28 әріптен тұратын бұл әліпби әдістемелік оқулығымен бірге 1912-
жылы елдің қолына тиіп,ауылда балалардың сауатын ашу үшін сол жылдан 
бастап қолданыла бастады.Аталмыш оқулықта оқыту әдісі көрсетілгендіктен 
бір жағынан оқытушыларғада жеңіл болды,екінші жағынан оқушы балалар 
бір жылда хат тану мүмкіндігіне ие болды.Бұл оқулық 1912-1925 жылдар 
аралығында жеті рет басылып,оқу-ағартушылық салада біраз уақыт 
қолданылады.Әліппеде дыбыс пен әріпті оқыту дидактиканың «жеңілден 
қиынға қарай»қағидасы бойынша жеке сөздерді оқытудан басталады да кейін 
қысқа-қысқа мәтіндер алынады.Ал жеке сөздер алынғанда,екі дыбыстан 
тұратын қысқа,жеңіл сөздерден басталып, бірте-бірте күрделенеді. Мысалы, 
бал,бала,балалар,ас,аса,асар т.б.Бұл қағида оқушының оқуды, жазуды, 
сөйлеуді тез үйренуін қамтамасыз ету,оқыту үрдісін жеңілдету жолдарын 
іздеуден шыққан. 
1.2 Ахмет Байтұрсыновтың этнопедагогика жөніндегі көзқарасы 
Ахмет Байтұрсынов бүкіл саналы қазақ қоғамында білім-ғылымның 
дамуына, кемелденуіне бар еңбегі күшін бағыттады. Ол оқу тәрбие жұмысын 
жетілдіру саласында өзіндік өшпес ізін қалдыра білді. «Әліпби», «Тіл 
құралы», «Әдебиет танытқыш»,т.б. оқу құралдарын жазып,қазақ тілі мен 
әдебиетін оқытудың әдістемелік мәселелерін зерттеу ісімен айналысты. 
Ахмет Байтұрсынов өзінің ұстазы ұлы Абай салған жолмен орыс әдебиетінің 
мысалшыл классигі И.А.Крыловтың туындыларын аударып, «Қырық мысал» 
деген атпен 1909 жылы Петерборда бастырып шығарып,оқулық ретінде 
ұсынды.Аудару кезінде ол белгілі ағартушылық мақсат көздеді. 
Ахмет Байтұрсыновтың ағартушылық ой пікірлері 1911-1915 жылдары 
шыққан «Айқап» журналы мен 1913-1917 жылдары Орынборда шыққан 
«Қазақ» газетінде жарияланған мақалаларынан айқын көріне бастады.Ол 
туған халқының ғылым-білімге ұмтылуын,әр қазақтың ең болмаса бастауыш 
білім алуын аңсады. «Адамға тіл,құлақ қандай керек болса,бастауыш 
мектепте үйренетін білім сондай керек» - , деп жазды ол.Бірақ осындай білім 
беретін ауыл мектебінің сол кездегі хал күйі оның қабырғасына қатты батты. 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   295   296   297   298   299   300   301   302   303




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет