0 Қызылорда, 2022



Pdf көрінісі
бет300/303
Дата11.05.2022
өлшемі3,47 Mb.
#142458
1   ...   295   296   297   298   299   300   301   302   303
Байланысты:
АХМЕТ ПЕДОКУ ЖИНАГЫ

239 
 
болды.Қарқаралы петициясында жергілікті басқару,сот,халыққа білім беру 
істеріне қазақ елінің мүддесіне сәйкес өзгерістер енгізу, ар-ождан 
бостандығы, дін ұстану еркіндігі, баспахана ашуға рұқсат беру, күні өткен 
Дала ережесін қазақ елінің мүддесіне сай заңмен ауыстыру мәселелері 
көтерілді. Онда қазақ даласына орыс шаруаларын қоныс аударуды үзілді-
кесілді тоқтату талап етілген болатын. Сол кезден бастап жандармдық 
бақылауға алынған Байтұрсынұлы 1909 жылы 1шілдеде губернатор 
Тройницкийдің бұйрығымен тұтқындалып,Семей түрмесіне жабылды.Ресей 
ІІМ-нің Ерекше Кеңесі 1910 жылы 19 ақпанда Байтұрсыновты қазақ 
облыстарынан тыс жерге жер-аудару жөнінде шешім қабылданды.Осы 
шешімге сәйкес Байтұрсынұлы Орынборға 1910 жылы 9 наурызда келіп,1917 
жылдың соңына дейін сонда тұрды.Байтұрсынұлы өмірінің Орынбор кезеңі 
оның қоғамдық-саяси қызметінің аса құнарлы шағы болды.Ол осы қалада 
1913-1918 жылы өзінің ең жақын сенімді достары Ә.Бөкейханов, 
М.Дулатовпен бірігіп, сондай-ақ қалың қазақ зиялыларының қолдауына 
сүйеніп,тұңғыш жалпы ұлттық «Қазақ» газетін шығарып тұрды. Газет қазақ 
халқын өнер,білімді игеруге шақырды. Байтұрсыновтың Орынбордағы өмірі 
мен қызметі Ресей үкіметінің қатаң жандармдық бақылауында болды.Ол 
«Қазаққа» жабылған негізсіз жала салдарынан абақтыға отырып 
шықты.Байтұрсынұлы Алаш партиясы бағдарламасын даярлаған шағын 
топтың құрамында болды.Байтұрсынов пен Дулатов қазақ арасында 
бұрыннан келе жатқан ру-жүзаралық алауыздыққа байланысты Алаш Орда 
үкіметінің құрамына саналы түрде енбей қалды,бірақ олардың қазақ ұлттық 
мемлекеттік идеясын жасаушы топтың ішінде болғандығын замандастары 
жақсы біліп,мойындады.Алаш Орда құрамын бекіткен 2 жалпықазақ съезі 
Оқу-ағарту комиссиясын құрып,оның төрағасы етіп Байтұрсыновты 
бекітті.1919 жылы наурызға дейін Алашорда үкіметінің Торғай облысының 
бөлімінің мүшесі болды.Байтұрсыновтың ықпалымен сәуірде Алашорда 
басшылары мен мүшелеріне Кеңес үкіметінің кешірімі жарияланды. 
Байтұрсынұлы бұл тарихи кезеңде «патшалардың төрінде отырғаннан, 
социалистердің босағасында өлгенім артық»-, деген пікірде болды.1920 
жылы В.И.Ленинге үкіметінің Қазақстанды басқару ісіндегі алғашқы 
қадамын қатал сынға алған хатын жолдады.Қазревком шекарасының 
қалыптасу ісіне белсенді түрде араласты.Бүкілресейлік ОАК-нің 1919жылы 
27 тамызда Қостанай уезін Челябинск облысына қосу туралы шешіміне 
қарсы Байтұрсыновтың жазған саяси наразылығы Қостанай уезін Қазақстан 
құрамына қайтаруға негіз болды.Ол 1920 жылы тамызда құрылған Қазақ 
АКСР-і үкіметінің құрамына еніп, 1920-1921 жылы Қазақ АКСР-і халық 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   295   296   297   298   299   300   301   302   303




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет