0 Қызылорда, 2022



Pdf көрінісі
бет299/303
Дата11.05.2022
өлшемі3,47 Mb.
#142458
1   ...   295   296   297   298   299   300   301   302   303
Байланысты:
АХМЕТ ПЕДОКУ ЖИНАГЫ

238 
 
Ахмет Байтұрсынов қазан төңкерісіне дейін ауыл мектебінің кемшіліктерін 
де дұрыс көрсете білді. «Бұлардың кемшілігі сол,-деді ол-бала оқыту 
ғылымын меңгергендер оқығандар ішінде кем болады.Дыбысты жақсы 
білмей тұрып,төте жолымен жақсылап бала оқытуға болмайды.Дыбыспен 
жаттықтырудың оқуды, жазуды жеңілдетуге пайдасы көп екенін я 
білмегендіктен,я білсе де істеп көрмегендіктен - тәжірбиесіздік».Осылайша 
оқытудың әдістемелік мәселесін қазақ топырағында тұңғыш рет сөз еткен де 
Байтұрсынов болды. 
Ахмет 1912 жылы тұңғыш қазақша сауаттандыратын «Оқу құралын» 
жазды.Бұл оқулықтың фонетикаға арналған 1-ші бөлімі «Тіл құралы» деген 
атпен алғаш рет 1915 жылы жарық көрді.2-ші бөлімі 1914 жылы,ал 
синтаксиске арналған 3-ші бөлімі 1916 жылы басылып шығып,1928 жылға 
дейін әлденеше рет басылып,пайдаланылып келді. 
«Тіл құралы»-қазақ мәдениетінде бұрын болмаған соңғы құбылыс еді.Оның 
қазақ жұртшылығы үшін мүлде тың дүние екенін оқулықтың кіріспесінде 
автор арнайы атап өтеді.Ол осы оқулықта қазақ грамматикасына қатысты-
қатысты категориялардың әрқайсысына тұңғыш қазақша терминдер 
ұсынды.Күні бүгінге дейін қолданылып жүрген зат есім, сын есім,сан 
есім,етістік,бастауыш, т.б.сан алуан лингвистикалық ғылыми терминдердің 
баршасы Ахмет Байтұрсыновтікі.Оқулықтың тағы бір құндылығы-қазақ 
грамматикасының 
басты 
салалары:фонетика-дыбыс 
туралы 
ғылым,морфология-сөз құрамын зерттейтін ғылым,ал синтаксис-сөйлем 
құрылысын зерттейтін ғылым деп,тұңғыш рет қазақ тіл білімін ғылыми 
зердемен саралап берді.Ол қолданбалы грамматиканы да жазып, «Тіл 
жұмсату»деген атпен екі бөлімді кітап етіп ұсынып,1928жылы Қызылордада 
шығарған. 
Ахмет мұғалімдерге педучилищелерді ашып,арнаулы оқу орындары арқылы 
даярлаудың тиімділігін айта келеді де,ондай оқу орындарының әзірге қазақ 
даласында жоқтығын ескеріп,орыс мектептерін,не қазақ медреселерін 
бітірген жастардың талаптарын таңдап алып,мұғалімдік жұмысқа қоса 
пайдаланайық деген ұсыныс жасады.Олардың білімін жетілдіру мақсатында 
жаз айларында бір-екі айлық қысқа мерзімді курстар ашуға ұсыныс жасайды. 
2. Ахмет Байтұрсынұлы-қазақ халқының 20 ғасырдың басындағы ұлт-азаттық 
қозғалысы жетекшілерінің бірі. Атасы Шошақ немересі Ахмет өмірге 
келгенде ауыл ақсақалдарынан бата алып,азан шақырып атын қойған. 
Байтұрсыновтың саяси қызмет жолына түсуі 1905 жылға тұспа тұс келеді. 
1905 жылы Қоянды жәрменкесіндежазылып,14500 адам қол қойған 
Қарқаралы петициясы (арыз-тілегі) авторларының бірі Байтұрсынұлы 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   295   296   297   298   299   300   301   302   303




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет