0 с бөлім Жалпы тыныс алудың кезеңдері



Pdf көрінісі
бет1/12
Дата10.03.2022
өлшемі5,53 Mb.
#134916
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12
Байланысты:
Атф пдф



Тыныс алу
10 с 5 бөлім



Жалпы тыныс алудың кезеңдері






2



Электрон тасымалдау тізбегі





Химиялық табиғаты бойынша
АТФ нуклеотидтерге жатады. 

Онда әрбір нуклеотидтегі тәрізді
азотты негіздің қалдықтары — аденин, көмірсу — рибоза және
фосфор қышқылы болады. 

АТФ-тің кәдімгі нуклеотидтен айырмашылығы — онда
фосфор қышқылының бір қалдығының
орнына үш қалдығы болады. 

Фосфор қалдықтарының арасында
макроэргиялық байланыстар
жинақталған, олар үзілгенде
энергия босап шығады.





Кез келген жасушада миллиондаған биохимиялық
реакциялар жүреді. Олар көбінесе энергия қажет
ететін көптеген ферменттердің қатысуымен жүзеге
асады. Жасуша оны қайдан алады?

Негізгі энергия көздерінің бірі —
аденозинүшфосфор
қышқылы
(аденозинүшфосфат). 

АТФ өсімдіктер мен жануарлардың барлық
жасушасында болады, оның мөлшері орташа алғанда
0,04%-ті
(жасушаның шикі массасынан), ең көп
мөлшері
қаңқа бұлшықеттерінде 0,2— 0,5%-ті
құрайды.

Кез келген процестің жүруі үшін, АТФ химиялық
байланыстарында болатын энергия қажет. 

АТФ молекуласының құрамындағы фосфат топтары
арасында түзілетін байланыстар көп мөлшерде
энергия алып жүреді. Сондықтан мұндай
байланыстар
макроэргиялық
деп аталады.

“Макроэргиялық байланыстар” терминін алғаш рет
белгілі ғалым Ф.Липман енгізді және оларды (~) 
белгісімен белгілеуді ұсынды



АТФ молекулалық құрылымы тұрақсыз. Ерекше ферменттердің әсерінен ол
гидролизге ұшырайды, су молекуласын қосып алып ыдырайды:
АТФ + Н2О ~> АДФ + Н3РО4
АТФ фосфор қышқылының соңғы (үшінші) қалдығы бөлініп шыққаннан кейін
АДФ-
ке (аденозиндифосфат), екінші қалдығы бөлініп шыққанда АМФ-ке
(аденозинмонофосфат) 
ауысады.



Егер тұрақты қысым мен температурада қайтымды
гидролиз жүргізсе, жүзеге асыруға болатын
максималды пайдалы жұмыс шамамен
30,6 кдж/моль-
ді құрайды. 
АДФ пен фосфаттан АТФ түзілгенде осы 
энергия сіңіріледі. АТФ оны жинақтайды және осы 
себепті энергия аккумуляторы болып табылады.

30,6 кДж/моль-ден артық бөлініп шыққан энергия, сол
сияқты одан кем бөлініп шығатын энергияның
барлығы АТФ-ке жинақталуы мүмкін емес, олар жылу
түрінде шашырайды.

Жасушаға энергия қажет болған жағдайда оны алу
үшін АТФ гидролизі жүзеге асады.

АТФ жасуша ішінде энергия тасымалдайды. Бұл
энергия біздің денемізді жылытады, жүректің үздіксіз
соғуын қамтамасыз етеді. Сонымен қатар жүйке
жасушаларында сыртқы орта әсерін миға жеткізіп, 
бұлшықеттерді басқа мүшелерді қозғалысқа келтіретін
биоэлектрлік импульстер туғызады



Жасушаларда АТФ қоры көп емес. Мысалы, 
бұлшықетте оның қоры 20—30 жиырылуға
дейін жетеді, бірақ бұлшықет бірнеше сағат
бойы жұмыс істеп, мың рет жиырылуы
мүмкін. Міне, сондықтан да АТФ үздіксіз
синтезделуі қажет. Қорға жиналған май және
гликоген (гликоген бауырда жиналады) 
организмдегі
энергия аккумуляторы 
болып
табылады. Осы жылу қорын тез және ретімен
жұмсау үшін АТФ-тің қатысуы қажет. АТФ 
энергия бөліп, АДФ пен Ф-ке ыдырайды, май 
немесе көмірсудың тотығу энергиясының
салдарынан қайтадан синтезделеді де, тағы
да энергия бөледі. Бұл зат сансыз рет түзіліп, 
сансыз рет ыдырап айналым жасайды.







Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет