0 с бөлім Жалпы тыныс алудың кезеңдері


Матрикс — ішкі мембранамен шектелген



Pdf көрінісі
бет12/12
Дата10.03.2022
өлшемі5,53 Mb.
#134916
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12
Байланысты:
Атф пдф

Матрикс — ішкі мембранамен шектелген
кеңістік, онда Кребс циклінің ферменттік
жүйелері, митохондриялық ДНҚ, РНҚ, 55—70 
Sрибосомалар болады.

Митохондрияның негізгі атқаратын
қызметтерінің бірі — кез келген тірі жасушада
химиялық энергияның әмбебап түрі АТФ-ті
синтездеу болып табылады. 


Митоз кезінде митохондриялар ядро 
мембранасының айналасына жиналады. Метафаза 
сатысында олар хромосомаларды қоршап алады да, 
бөлінгеннен кейін жасуша ортасына ауысады. Барлық
митохондрия қозғалмалы бөлшек болып табылады. 
Бауыр жасушасында олар “жүзіп жүреді”, 
ал 
бұлшықет (қаңқа) жасушаларында
, белгілі орында —
АТФ-ті қажет ететін құрылымға жақын жерде
ұсталып тұрады

Эпителий жасушаларында митохондриялар
бөлінділер (секрет) қозғалысының бағыты бойында
орналасады, 
өйткені бөлінділердің түзілуі үшін АТФ 
қажет болады. 
Белсенді қызмет атқаратын бұлшықет
жасушаларында олар миофибрилді бойлай
бағдарланады. Сонымен қатар митохондриялар кейде
“метаболизмдік отын” ретінде пайдаланылатын май 
қосындылары жанында жинақталады.



Митохондрия мембраналарының
өткізгіштігі әртүрлі.

Сыртқы мембранадан электролиттер, 
су, сахароза, кейбір полисахаридтер
оңай өтеді, ал ішкі мембранадан, 
әдетте, сутек, натрий, хлор, калий, 
магний иондары өте алмайды. 

АТФ, АДФ және трикарбон қышқылдары
циклінің аралық заттары өту үшін
белсенді өткізгіш қажет. Бұл дегеніміз
арнайы тасымалдаушы нәруыздар және
процесті белсендіретін энергия беретін
жүйе болуы керек. Тасымалдаушы
нәруыздар жүйесі митохондрияның
сыртқы және ішкі мембранасының тығыз
жанасқан жерінде жойылады.



1941 жылы Липман сыртқы энергия көздері алдымен химиялық
энергия АТФ түрінде жинақталады және содан кейін ғана
пайдалы жұмыс атқару үшін жұмсалады деген қағидаға сәйкес
биоэнергетиканың негізгі заңын тұжырымдады. 
Гетеротрофтар үшін осындай сыртқы энергия көздері тамақ
түрінде сіңірілетін органикалық заттар болып табылады.

Барлық тірі жасушалар әртүрлі тіршілік әрекетін жүзеге асыру
үшін әрдайым АТФ-ті қажет етеді.



Ми жасушалары нейромедиаторларды синтездеу үшін, жүйке жасушасын
қалпына келтіру үшін, Na+ және K+ иондарының қажетті градиентін
қолдау үшін, сондай-ақ жүйке импульсін жүргізу үшін көп мөлшерде
АТФ-ті тұтынады: бүйрек АТФ-ті әртүрлі заттарды реабсорбциялау
процесінде несеп түзілуде пайдаланады; бауырда гликоген, майлар, 
нәруыздар және басқа да көптеген қосылыстар синтезі жүзеге асады; 
миокардада әрдайым қанайналымына қажетті механикалық жұмыс
жасалады; қаңқа бұлшықеттері тыныш күйінде АТФ-тің азғана мөлшерін
тұтынады, бірақ физикалық жүктемеде бұл қажеттілік ондаған есе
артады.

Сонымен қатар АТФ қоры жасушаларда іс жүзінде болмайды. 
Миокардада АТФ синтезі тоқтағанда оның қоры бірнеше секундта
сарқылады. АТФ-ті әрдайым синтездеу үшін жасушаларға тыныс алу
субстраттары ретінде метаболиттердің (алмасу өнімдері) ағымы және
АТФ синтезімен ұштасқан тотығу реакцияларында электрондардың
соңғы акцепторы ретінде оттек қажет.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет