Осы реакциялар кезінде ПЖҚ кофермент А-КоА деп аталатын затпен қосылады, нәтижесінде ацетилкофермент ацетил-КоА түзіледі. Ары қарай Кребс циклі басталады.
➢
Ацетил-КоА Кребс цикліне ене отырып, сірке
қышқылының қалдығын тасымалдайтын
органикалық қышқылмен қосылады.
➢
Бұл кезде құрамында сірке қышқылының қалдығы
тотыға бастайтын 1-қосылыс түзіледі. Кребс
циклінің ферментті конвейері бойынша ығыса
отырып, сірке қышқылының қалдығы біртіндеп
тотығады.
➢
Мұнда екі молекула СО2 түзіледі және НАД+
тотықсыздануы нәтижесінде сірке қышқылы
қалдығының жоғары энергетикалық
электрондарының энергиясы сақталған төрт
молекула НАД(Н) түзіледі.
➢
Тізбек соңында 8-зат қайтадан ацетил-КоА-ның
жаңа молекуласымен реакцияға түсуге қабілетті
болады, цикл осылай қайталанады.
➢
Ацетил-КоА-ның әрбір тотыққан молекуласынан
бір молекула АТФ, төрт жұп сутек атомы және екі
молекула СО2 түзіледі.
➢
Тотығу процесі кезінде сутек атомдары қосылған күрделі молекулалық қосылыс түзіледі.
Тасымалдаушы-молекулалар (Ә-П1, П2, П3, П4) осы атомдардың электрондарын қағып алып,
ферменттердің ұзын тізбегінде біреуінен екіншісіне (тыныс алу тізбегі) ауыстырады. Әр
адымда электрондар тотығу-тотықсыздану реакциясына түсіп, митохондрияның ішкі
мембранасынан сыртқы жағына протондардың ауысуына жұмсалатын энергияны береді.
Нәтижесінде ауыспай қалған протондар мен ауысқан электрондар ішкі мембрананың әртүрлі
жағында қалады да, потенциалдар айырымы пайда болады.
➢
АТФ синтездейтін фермент (АТФ-синтетаза)
ішкі мембрананың барлық қалыңдығын бойлай
орналасып, ферментативті өзекше құрайды. Мембранада потенциалдар айырымы 200 мВ
болғанда сутек иондары осы өзекшеге енуге тырысып бағады.
Глюкозаның аэробты ыдырау реакцияларында көп мөлшерде
энергия босап шығады — 2600 кДж/моль. Оның біршама бөлігі
(55%) АТФ молекуласының жоғары энергетикалық
байланыстарында жинақталады. Қалғаны (45%) жылу түрінде
шашырайды.
Бұл кезде фосфор қышқылының қатысуымен АДФ-тен АТФ
синтезделеді.
Оттекті процестің қалыпты жүруі үшін митохондриялық
мембрана зақымданбаған болуы керек.