Матрикс — ішкі мембранамен шектелген
кеңістік, онда Кребс циклінің ферменттік
жүйелері, митохондриялық ДНҚ, РНҚ, 55—70
Sрибосомалар болады.
➢
Митохондрияның негізгі атқаратын
қызметтерінің бірі — кез келген тірі жасушада
химиялық энергияның әмбебап түрі АТФ-ті
синтездеу болып табылады.
Митоз кезінде митохондриялар ядро
мембранасының айналасына жиналады.
Метафаза
сатысында олар хромосомаларды қоршап алады да,
бөлінгеннен кейін жасуша ортасына ауысады. Барлық
митохондрия қозғалмалы бөлшек болып табылады.
Бауыр жасушасында олар “жүзіп жүреді”,
ал
бұлшықет (қаңқа) жасушаларында
, белгілі орында —
АТФ-ті қажет ететін құрылымға жақын жерде
ұсталып тұрады
.
Эпителий жасушаларында митохондриялар
бөлінділер (секрет) қозғалысының бағыты бойында
орналасады,
өйткені бөлінділердің түзілуі үшін АТФ
қажет болады.
Белсенді қызмет атқаратын бұлшықет
жасушаларында олар миофибрилді бойлай
бағдарланады. Сонымен қатар митохондриялар кейде
“метаболизмдік отын” ретінде пайдаланылатын май
қосындылары жанында жинақталады.