02 «А» Тіл дамыту «Сандық» «Не артық»


Көрнекілік: Доп, карточкалар. Ойын шарты



бет12/14
Дата10.10.2020
өлшемі24,42 Kb.
#64132
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14
Көрнекілік: Доп, карточкалар.

Ойын шарты: Балаларға кезекпен допты лақтырып антоним сөздерінің бірін айтады, ал допты ұстап алған бала, тәрбеишіге кері лақтырып, айтылған сөзге қарама-қарсы сөзді айтуы керек.

Тіл дамыту

16. «Заттың атын ата».

Мақсаты: заттарды көріп сипаттау арқылы балалардың сезім-талдығын дамыту, қоршаған орта жайлы тынымдарын кеңейту, сөздік қорын дамыту. Заттарды сипаттау барысында сөздерді орынды қолданып, дыбыстарды дұрыс айту арқылы баланы тілінің дыбыстық мәдениетін жетілдіру.

Көрнекілік: Ыдыс, суреттер (көкөністер, жемістер) мульяж, қоржын.

Ойын шарты: Әр түрлі жемістер, немесе көкөністер суреттері мульяждары салынған ыдыстан бала бір затты алады. Сонан соң сол затты жан-жақты сипаттайды және заттың атын атап, түр-түсін ажыратады. Мысалы, бала ыдыстан немесе қордыннан алманы алып, пішінін, түсін, дәмін және қасиеттерін айтады. Немесе баланың көзін байлап қойып, қордыннан бір затты алғызады. Ол оны сипалап, не екенін ажыратады да, сипаттайды, атын айтады.

Тіл дамыту

17. «Сөзге сөз қос».

Мақсаты: Басталған сөзге сөз қосып, сөйлем құрастырып айта білуге шапшандыққа, зейінділікке баулу. Балалардың шығармашылық тілдік қызметін дамыту.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет