05В010100 – «Мектепке дейінгі оқыту мен тәрбиелеу» мамандығы үшін



бет31/81
Дата07.02.2022
өлшемі260,12 Kb.
#83635
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   81
Байланысты:
071d3acd-7f13-11e5-8348-f6d299da70eeФЭМП каз

Мына кестеде Римдік таңбалану көрсетілген:
Ежелгі Еврей халқының сандарының шығу тарихы мен жазбаша нумерациясы. Сандардың алфавиттік нұсқасы мен оның ионикалық жүйеде қолданылуына қарай Семит халқы санды қалыптастырушылар деп таласқа түседі. Бірақ кішігірім өзгертулерден кейін бұл жүйе еврей халқына тиесіленді. Сандардың алфавиттік мағнасын ашып қолдану шамамен б.з.д.2-3ғасырларда көрініс алды.Мысалы Еврейлер 6789 санын былайша таңбалайды:
Қытай халқының сандарының шығу тарихы мен жазбаша нумерациясы. Көне сан және санау жүйелерінің пайда болған жері Қытай, сондай-ақ Жапония. Бұл таяқшаларды орналастыру негізінде пайда болған. Олар таяқшаларды вертикальді қою арқылы 60, 70, 80 және 90 сандарын таңбалады. Мысалы: Қытайлықтар 6789 санын былай жазады:
Белгілі орыс саяхатшысы Н.Н. Миклухо-Маклай Тынық мұхитының аралдарында көп жүріп кей бір тайпалардың санау жүйесіндегі 3 ерекшелікті атап көрсетті: адамға арналған , аңдарға және жиһаздарды санау түрі.
Үнді халқының сандарының шығу тарихы мен жазбаша нумерациясы шамамен 7 ғасырда пайда болған.Алайда бұл – Үнді цифрлары әуел бастан-ақ қазіргідей болған еді деген сөз емес.Халықтан халыққа ауыса отырып, әуелгі үнді цифрлары сан ғасырлар бойы әлденеше рет өзгере келе қазіргі түріне түскен.
Араб сандарының пайда болу тарихы.Араб сандары яғни Арабиядан бастау алады. Олар алғашында хиджрадан кейін сөзбен белгілеп , содан соң Ежелгі Гректер сияқты алфавиттің әріптерімен белгілей бастады. Араб сандары европалықтарға Х ғасырда христиандық Барселона мен мұсылмандық Кордова халифаты арқасында белгілі болды. Араб цифрлары араб мемлекеттерінде және Египеттен өзге мемлекеттерде қолданылады. Шығыс араб елдерінде (9 ғ-дан бастап) қарастырылды.Мысалы : 6789 саны арабша былай таңбаланады :
Жалпы алғанда Еуропада сандар теориясының дамуы П.Ферма (1601 — 65) зерттеулерінен басталады. Ферма өзінің атақты теоремасын дәлелдеген және бұл теорема салыстыру теориясында үлкен рөл атқарған кіші теорема болды. Сандар теориясының дамуына ресейлік ғалымдар П.Чебышев (1821 — 94), А.Марков (1856 — 1922), И.Виноградов (1891 — 1983), т.б. үлес қосқан. Қазақстанда сандар теориясының дамуын арттыруда Б.Оразбаев шәкірттерімен бірге жемісті еңбек етті.
Сан және санаудың даму тарихын оқып іздену барысында мен санның шығу тарихын оқып, талай ғасырдан сұрыпталып келген әр халықтың жазбаша нумерациялауларымен таныстым. Әр мемлекет өзінің санды қолдану тұрғысындағы ерекшеліктерімен, яғни олардың тасқа, сазға немесе папирустарға түсірген сызбалары негізінде сан ұғымының қалыптасқанын білдім. Цифр деген сөздің төркіні арабтың «Әс-сифр» деген сөзінен алынған, ал оның мағынасы үнді халқының бос орын – «Сунья» деген сөзінің аудармасы екенін ұғындым. Жұптап санау, саусақпен санау, заттармен санау сынды нәрселердің жемісі ол – сан. Халқымыз қашан да 3,5,7,9, тіпті 10 сандарына ерекше мән беріп, оның астарына терең үңілген. Тағылымдық жағы, тәрбиелік мәніне ден қойған. Математикада әрбір санның шығу тарихы, өзіндік сыры бар, орны бар.
Уақыт өте келе адамдар сандарды атауды ғана емес, сонымен қатар оларды белгілеуді де, сондай-ақ олармен амалдар қолдануды да үйренді. «Натурал сан» терминін тұнғыш рет римдік ғалым А. Боэций (шамамен 480-514 жылдар) қолданған. Натурал сан ұғымы қалыптасқаннан кейін сандар дербес объектілерге айналды.
ХІХ ғасырда ғалымдардың назары натурал сандармен есептеулер жүргізуге негіз болған теорияларды құруға және логикалық тұрғыдан негіздеуге аударылды. Натурал сандар ұғымының өте қарапайым және табиғи көрінетіні сондай, ғылымда ұзақ уақыт бойы оны қандай да болсын қарапайым ұғымның терминдерімен анықтау туралы мәселе қойылған жоқ.Бөлшектердің пайда болуы шамаларды өлшеумен пайда болды. Ерте кезде адамдарға сауда – саттық және түрлі есептеу жұмыстарында бөлшектер мен үлестерді есептеу қажет болған. Алғашында математикада бөлшектерді «сынық сандар» деп атаған. Бөлшектер туралы түсініктің дамуында үш түрлі бөлшектер ұғымы қалыптасқан.

  1. Бірлік бөлшектер – алымдары 1 болатын бөлшектер.

  2. Жүйеленген бөлшектер. Жүйеленген бөлшектің алымы кез келген бүтін сан, бөлімі тек 10 санының немесе 60 санының дәрежелері ғана болған.

  3. Жалпы түрдегі бөлшек. Жалпы түрдегі бөлшектің алымы да , бөлімі де кез келген натурал сан болды.

Бөлшектердің мұндай әртүрлілігі есептеу және өлшеу жұмыстарында көптеген қиындықтар туғызды.Бөлшек ұғымының дамуы ғылым мен сауда-саттық жұмыстарында өркендеген елдерде: Мысырда , Вавилонда, Үндістанда және Римде қалыптасты. Ертеде әртүрлі елдер бөлшек сандарды белгілеуде өздерінің түрліше символдарын енгізді. Мысалы, мысырлықтар 1\10-ді Белгісімен, 1\2-ні- - белгісімен және 1\3 –ді -белгісімен көрсеткен. Ежелгі Үндістанда жай бөлшектерді жазуда оның бөлшек сызығын сызбай, алымын үстіне , бөлімін астына жазған.

Лекция №7




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   81




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет