5.Ондық санау жүйесіндегі сандарды ондық емес санау жүйесіне және керісінше айналдыру ережелері
Ондық санау жүйесiнегi сандарды өрнектеу үшін 0-9 дейiнгi араб цифрлары қолданылады:0,1,2,3,4,5,6,7,8,9.
Мыс: 234=200+30+4
2 жүздіктер разрядынан, 3 ондықтар разрядынан, 4-бiрлiктер разрядынан тұрады.
Ондық жүйе позициялық болып табылады, өйткені ондық санды жазуда цифрдің мәні оның позициясына немесе санда орналасқан орнына байланысты. Санның цифрына бөлiнетiн позицияны разряд деп атайды.
Егер 234 санын қосынды түрінде былай жазамыз: 2*102+3*101+4*100 Бұл жазбадағы 10-саны санау жүйесін негiздеушi. Санның әрбір цифрі үшін 10 негiздеушi цифрлық орнына байланысты дәрежеленеді және осы цифрға көбейтiледi.
Бiрлiктер үшiн – 0; ондықтар үшiн – 1, жүздiктер үшiн – 2-ге тең негiздеушi дәреже және т.с.с
Егер сан ондық бөлшек болса, ол теріс дәрежеде жазылады. Мыс: 38,956=3*101+8*100+9*10-1+5*10-2+6*10-3
Компьютерде ондық емес екiлiк санау жүйесі, яғни екі негiздеушiсi бар санау жүйесі қолданылады.
Ондық санау жүйесiндегi санды екiлiк санау жүйесіне ауыстыру үшін санды 2-ге бөлу керек. Алынған бөлiндi екіден кiшi болғанша бөлiнедi де, қалған қалдықты кері бағытта жазады. Мыс:
129:2=64 (1) 12910=100000012
64:2=32 (0)
32:2=16 (0)
16:2=8 (0)
8:2=4 (0)
4:2=2 (0)
2:2=1 (0)
1:2=0 (1)
Ондық санау жүйесiндегi санды сегiздiк санау жүйесіне ауыстыру үшін екiлiк жүйесіне ауыстырған әдiстi қолданады. Бірақ бұл кезде санды сегізге бөледі. Мыс:
129:8=16 (1) 12910=2018
16:8=2 (0)
2:8=0 (2)
Ондық санау жүйесiндегi санды он алтылық санау жүйесіне ауыстыру үшін тек санды сегiздiң орнына он алтыға бөлу керек. Мыс:
129:16=8 (1) 12910=8116
8:16=0 (8)
Басқа санау жүйесiндегi сандарды ондық санау жүйесiне ауыстыру
Екiлiк санау жүйесiндегi санды ондық санау жүйесiне аудару:
100000012=1*27+0*26+0*25+0*24+0*23+0*22+0*21+1*20=128+1=12910
Сегiздiк санау жүйесiндегi санды ондық санау жүйесiне аудару:
2018=2*82+0*81+1*80=128+1=12910
Оналтылық санау жүйесiндегi санды ондық санау жүйесiне аудару:
8116=8*161+1*160=128+1=12910
Лекция №6
Достарыңызбен бөлісу: |