3. Қосу, азайту амалдарын және «артық», «кем», «сонша» қатынастарын белгілейтін символиканы енгізу. Есепті шығарудің екінші кезеңінде +,-,= таңбаларын жасуға үйретеді және олардың мағыналарын түсіндіреді.
Есепті шығарудің үшінші кезеңінде балалар сандармен және +,-,= таңбалаларымен таныс болғандықтан оларды арифметикалық амалдарды жасуға және оны оқуға үйретеді (3+1=4). (Үш құсқа біреуін қосу. Төрт құс болды). Жәнеде балаларды сандық мысалдары бойынша есеп құрастыруға ұйрету керек. Мысалы: 10-1=? Алдымен тәрбиеші тақтадағы сандарды оқуды және ? таңбанын нені білдіретіндігін түсіндіріді ұсынады. Келесіде Тақтада тұрған сандар бойынша есеп құрастыруды ұсынады.
Сонымен балалар барлық есептерде екі санның болатынын және солар арқылы үшіншісін табу керектігін түсінеді.
Н.И. Непомнящая және Л.П. Клюева арифметикалық амалдардың басқа әдісін ұсынады. Авторлар балаларды модельмен таныстыруды ұсынады, ол арифметикалық амалдардың (қосу және алу) жалпы түсінігін, яғни бөлік пен тұтас қатынасы ретіндеге түсінігін қалыптастыруға көмектеседі дейді:
+ = , - = . Бұл модел арқылы балалар арифметикалық амалдардың нақты бөлік пен тұтас жиын арасындағы қатынаспен байланысты және соның көмегімен математикалық таңбаларды игереді.
Мектепке даярлық топтарында мақсатты түрде «артық», «кем», «сонша» ( , , ) қатынастарын белгілейтін символиканы енгізіледі.
Дайындық жаттығуы негізінде стрелкамен сандар арасындағы қатынас көрсетіледі. Сандармен карточкалар реттілікпен орналастырады 1,2,3 стрелкамен көрсетіледі, 1 саны 2санынан кіші, ал 2 саны 3санынан кіші: 1 2 3. Көрсетілгендей 1 саны 3тен кіші. Бұндай жазба арқылы, қандай сан кіші және қандай сан үлкен, қаншаға үлкен екендігі анықталады. , ,
таңбалары көлемі бойынша қатынастарын көрсету үшін салыстыруда қолданылады (үлкен және кішкентай доп, ұзындығы бойынша бірдей есіктер)
Тәрбиеші стрелканық ұшы ылғи кішкендай затқа бағытталғанын айтады.
Балалар таңбамен екі санның арасындағы қатынасты анықтайды, сосын бірннешемен (10ға дейін сан аралығында). Келесіде дайын иллюстративті заттық ситуацияларды салыстырады; айырмашылығы 2,4 және одан да көп бірліктегі сандарды таңбалар арқылы салыстырады.