Өзінің дене мүшелері арқылы кеңістікті бағдарлау Мектепке дейінгі мекемеде қарапайым математикалық түсініктердің ішінен кеңістікті өзінің дене мүшелерінің жүйесі негізінде бағдарлау өте маңызды болып табылады. Кіші топ балалары кеңістікті дене мүшелерімен бағыттарды қарапайым түрде бағдарлап үйренеді. Ал мектеп жасына дейінгі бала сөздік жүйесімен негізгі кеңістік бағыттарын атап айтуды меңгереді Мысалы, алға-артқа, төмен-жоғары,оңға-солға. Сонымен қатар,шығыс,батыс,солтүстік,оңтүстік бағыттарын ажыратады. Кеңістікті бағдарлау барысында бала өзінің дене мүшелерінің бөліктерімен байланыстырады: Жоғары-басы, төмен-аяғы,алға-беті,арты-арқасы,оңға-оң қолы,солға –сол қолымен бағыттарды көрсетеді. Жалпы кеңістікті бағдарлауда көру және есту анализаторының орны ерекше.