05В011000 «Физика» мамандығы бойынша оқитын 3 курс студенттеріне арналған



бет43/44
Дата28.01.2018
өлшемі4,92 Mb.
#34337
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   44

Конденсаторда кернеу тиратронның жану потен-циалына дейін көтерілгенде, лампыда электр разряды пайда болады да, конденса­тор лампы арқылы разряд-талады. Ал кернеу вшу потенциалына дейін төмен-дегенде лампы сенеді де, конденсатор анод батарея 92-сурет. Тиратронды гесынан қайыра зарядталады.нератор.

Сөйтіп, процесс қайталанады. Жандыру потенциалы тиратрон торына қажетті кернеу беру арқылы тағайындалады.

13. Электрондық-сәулелік түтік. Осциллограф

Осциллограф деп электр процестерін (уақыт-қа қарай олардыц жүру сипатын) бақылайтын және жазатын приборды атайды. Процестерді тек бақылау қызметін атқаратын приборды осциллоскоп деп атай­ды. Ең көбірек тарағаны — электрондық осциллограф. Электрондық осциллограф түрлі тез ететін электро-магниттік процестердің: уақытқа қарай өзгеретін токтардың, электрондық приборлардыц вольт-ампер-лік характеристикаларын, түрлі материалдардың маг-ниттелу қисықтарын, электрлік емес процестердің графиктерін (арнаулы тетіктер — датчиктердің көме-гімен) т. с. с графиктердің кескіндерін электрондык-сәулелік түтік экранында бақылауға мүмкіндік бере-тін прибор болып табылады. Ғылми-зерттеу және өн-діріс практикасында осциллограф тез әрекет етуші өлшеуіш тетік ретінде қолданылады. Прибордың не-гізгі артықшылығы өте жоғары сезімталдығы, кіріс кедергісінің үлкендігі, инерттілігінің аздығы (ол іс жү-зінде лезде іске қосылады).

Осциллографтың негізгі бөлігі электрон-дық-сәулелік түтік. Электрондық-сәулелік түтігіміз вакуумдық прибор. Ол радио өлшеу техни-каларында, радиолокацияда, телевидениеде және осы заманғы радиоэлектрониканың басқа салаларында ке-ңінен қолданылып, электр сигналдарын жарық сигналдарына айналдыру қызметін атқарады.

Қазіргі кезде электрондық-сәулелік түтіктердің үш типі қолданылады:



Kip У Kipу К

93-сурет. Осциллографтың блок-схемасы.

Электрондық сәуле электр өрісімен фокусталатын және ауытқитын, электростатикалық басқарғышты (электростатикалық) түрі;

Электрондық сәуле магнит өрісімен фокусталатын және ауыткитын, электромагниттік басқарғышты(электромагниттік) турі;

Аралас басқарғышты түрі, мысалы, сәуле электр өрісімен - фокусталады да, магнит өрісімен - ауытқытылады, немесе керісінше.

Электростатикалық басқарғышты түтік қолданы-латын электрондық осциллографтың құрылысын жә-не әрекет ету принципін жүйелі қарастырып көрелік (93-сурет). Катод эмиттирлейтін электрондар А\ және А2 аыод-тардың электростатикалық өрістерімен фокусталатын электрондық шоқ түзеді. Екінші анодқа, біріншіге қа-рағанда, көп кернеу түседі, сондықтан кернеулік сы-зығы екінші анодтан біріншіге бағытталады. Бұл өріс кернеулігінің радиаль құраушы векторы, элек-трондарды түтіктің осіне қарай ауытқытады (94-су-рет). Фокусталған сәуле түтіктің люминофор-мен қапталған экранына түседі де, онда жаркыра-ған дақ пайда болдырады. Дақтың жарықтануы басқарушы электродтың «Б» теріс потенциа-лын өзгерту арқылы реттеледі.

94-сурет. Электрондық сәулені фокустау.



Түтікте электрондық прожектордан (катодтан, басқарушы электродтан және анодтан) баска а у ы т қ ы т у ш ы екі пар пластина бар. Ау-ытқытушы горизонталь пластинаға арнаулы ж аймалаушы генератордан ара тісі тә різдес кернеу берейік (95-сурет).

95-сурет. Электрондық сәуленін, жаймасы

Қернеу артқанда (95-суретте ОА участогы) электрондық сәуле горизонталь жылжитын болады, сонда тутіктің экра-нында жарқыраған горизонталь тузу пайда болады. А нүктесінде кернеу күрт төмендеп (Б нүктесіне де-йін), сәуле алғашқы қалпына қайтып келеді. Бұдан кейін кернеу тағы да артады (БВ) және экранда қайтадан түзу сызықты сәуле көрінеді.

Енді вертикаль ауытқытушы пластииаға, мысалы, синусоида формалы пластинаға зерттелетін кернеу түсірейік. Бұл керпеу сәулені вертикаль, ал жайма-лаушы кернеу - горизонталь бойынша ығыстырады. Нәтижесінде экранда синусоида кескінін аламыз. Бұл кескін экранда қозғалмас үшін жаймалау жиілігі зерттелуші сигналдың жиі-лігіие еселік болуы қажет. Жаймалау жиілігін стабильдендіру үшіп синхрондау қолданылады. Синхрондау ара тәріздес кернеу генераторы жұмысын зерттелуші сигнал кернеуімен басқарады (ішкі син­хрондау) немесе стабильді (тұрақты) жиілікті көлде-нең ток көзінің кернеуімен (сыртқы синхрондау) басқарады. Сондай-ақ синхрондаушы кернеу ретінде сетьтік (электр жүйесінің) кернеуі де пайдаланылады.

Вертикаль және горизонталь пластиналарға бері-летін сигпалдарды күшейту үшін осциллографта ар-наулы күшейткішгер болады (оларды қысқаша «вер- тикаль күшеиткіш», «горизонталь күшеиткіш» деп атайды).

136. Осциллограф тек тікелей бақылау үшін ғана емес, өлшеуіш тетіктер ретінде де қолданылуы мүмкін екендігін жоғарыда айттық. Соған бірнеше мысалдар қарастырайық.

а) Кернеуді өлшеу. Жаймалауды ажыратып, ал вертикаль пластинаға 1 в айнымалы кернеу берейік.Экранда белгілі бір үзындығы бар, мысалы, 5 мм, тузу кесінді аламыз. Енді өлшенетін айнымалы кернеуді берейік. Сонда шыққан сызықтың ұзындығы 30 мм болсын дейік, Демек, өлшенетін кернеудің шамасы мынадай болады: 30:5 = 6 (в).


Каталог: ebook -> umkd
umkd -> Мамандығына арналған Сұлтанмахмұттану ПӘнінің ОҚУ-Әдістемелік кешені
umkd -> Қазақстан Республикасының
umkd -> Қазақстан Республикасының
umkd -> Студенттерге арналған оқу әдістемелік кешені
umkd -> ПӘннің ОҚУ Әдістемелік кешені 5В011700 «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығына арналған «Ұлы отан соғысы және соғыстан кейінгі жылдардағы қазақ әдебиетінің тарихы (1941-1960)» пәнінен ОҚытушыға арналған пән бағдарламасы
umkd -> «Балалар әдебиеті» пәніне арналған оқу-әдістемелік материалдар 2013 жылғы №3 басылым 5 в 050117 «Қазақ тілі мен әдебиеті»
umkd -> ПӘннің ОҚУ-Әдістемелік кешенінің
umkd -> 5 в 011700- Қазақ тілі мен әдебиеті
umkd -> 5 в 011700- Қазақ тілі мен әдебиеті
umkd -> «Филология: қазақ тілі» мамандығына арналған


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   44




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет