Динатрондық эффектіні басқа жолмен де жоюға болады. Сәулелік тетродтарда катодпен жалғасқан арнаулы сәуле шығаратын пластиналар болады, сонымен бірге басқарушы және экрандық торлар бір-біріне қарама-қарсы орналасқан. Осының нәтижесінде электрондар анодқа тығыз ағынмен ұшады, ал олардың кеңістіктік теріс заряды анодтан жұлып шығарылған екінші реттік электрондарды анодқа қайыра теуіп тастайды (81-сурет).
Радио тетіктерде арнаулы мақсат үшін басқарушы екі торы бар көп торлы лампылар қолданылады. Мұндай лампыларға гексодтар (алты электродты лампылар) және гектодтар (жеті электродты лампылар) жатады. Бір баллонға екі, үш және терт лампылар үйлестірілген, ұластырылған лампылар да кең таралып жүр (82-сурет). Қөп электродты және үластырылған электрондық лампыларды қолдана отырып, радиотех никалық тетіктерді әжептәуір шағын етіп жасауға және олардың сапалық характеристикаларын жақсартуға болады.
8l-сурет. Сәулелік тетрод:
1 анод; 2 сәуле түзетін пластина; 3 экрандық тор;
4 катод; 5 басқарушы тор.
82-сурет.
Ұластырылған лампы:
а қос диод; б қос триод; в диод-триод; г риод-пентод.
10. Реле
Электрондық приборлар сан алуан злектр тізбектерін автоматты түрде қосатын, ажырататын немесе ажыратып-қосатын әр түрлі реле қондырғыларда кеңінен қолданылады. 83-суретте реленің карапайым схемасы келтірілген. 83, а-суретте көрсетілген вакуумдық триодты реле былай жұмыс істейді. Қалыпты жағдайда лампының торына лампы жабық болатындай теріс кернеу беріледі. Егер К кілтті ажыратсақ, онда лампының анодтық тізбегінде ток пайда болады да, Р реле іске қосылады, сонда осы схемада қызмет атқарушы механизм ретінде пайдаланылған Л лампысы жанады.
Тиратронды реледе (83,6-сурет) Л лампысы тікелей анодтық тізбекке қосылған, өйткені тиратрондық анодтық ток вакуумдық триодқа қарағанда әлдеқайда көп. Тиратронды жағу R потенциометрдің кемегімен орындалады. Оны К кілтінің көмегімен анодтық тізбекті үзу немесе анодтық кернеуді барынша төмендету арқылы сендіруге болады. 83,6-суретте транзисторлы реле схемасы керсетілген. Реле К кнопкасын басқанда іске қосылады.
11. Күшейткіштер
Күшейткіш деп электрондық лампылардың немесе транзисторлардың көмегімен басқа ток көзі энергиясы есебінен электр кернеулерін және токтарды күшейтетін тетіктерді айтады. Күшейтілетін тербелістердің жиілігіне байланысты күшейткіштер мынадай түрлерге бөлінеді:
Радио жиілігі диапозонындағы тербелістерді күшейтетін, яғни радиосигналдарды немесе аралық жиілік тербелісін тікелей күшейтетін, жоғары жиілікті күшейткіштер.
Тербелістерді ең төменгіден бірнеше мегагерцке дейінгі кең белдеуде күшейтетін бейне күшейткіштер немесе импульстық күшейткіштер (мысалы, телевизиялық қабылдағыштардағы кескін сигналдарын күшейткіштер); Дыбыс жиілігі тербелістерін күшейтетін төмен жиілікті күшейткіштер. Бұл күшейткіштер кез келген таратқыш және қабылдағыш радиоцентрлерінің, телецентрдің, радиоқабылдағыштың, телевизордың, магнитофонның, радиограммафонның және басқа дыбысты қайыра шығаратын және дыбысты жазып алатын қондырғылардың құрамды бөлігі болып табылады.
Кернеулердің және токтардың қандай да болса баяу өзгерістерін күшейтуге арналған тұрақты ток күшейткіштері. Электрондық күшейткіштер вакуумдық, электрондық лампыларда немесе транзисторларда құрастырылады. Бұл мақсат үшін тиратрондар жарамсыз, өйткені бұл лампылардың анодтық тогының шамасын тордын, көмегімен басқаруға болмайды.
Вакуумдық триодтың күшейткіш әрекетін қарастырайық (84-сурет). Торлық кернеу жоқ кезде лампы арқылы түрақты анодтық ток жүреді. Енді торға айнымалы кернеу (UT) берейік. Оң жарты периодта анодтық ток кенет артады, ал теріс жарты периоды кемиді. Торлық кернеудің аздаған өзгерісінің өзі анодтық токты едәуір өзгертетінін еске алайық. Лампының анодтық тізбегінен толықсыма анодтық ток өтеді, ал ол жүктік резисторда (R а) кернеуді төмендетеді. Бүл кернеудің айнымалы құраушысын бөліп алу үшін тізбекке өткінші конденсатор (Сө) қосады. Айнымалы кернеудің амплитудасы (Uшығ) кірістік сигнал амплитудасынан (Uс) әлдеқайда көп және лампының күшейту коэффициенті мен анықталады.
Күшейткіштің күшейту коэффициенті деп шамасын аитады.
Күшейткіштің бүл қарастырылған схемасы-ның елеулі екі кемшілігі бар. Оның бірі — анодқа қарай ұшқан электрондардың қайсыбірінің торда үсталып қалатындығы. Егер кіріс сигналдың ішкі ке-дергісі өте кеп болса, онда торға жиналған электрон-дар соншалыкты мол теріс кеңістіктік заряд туғызуы мүмкін, тіпті лампы жабық болуы да мүмкін. Сондық-тан электрондар тордан катодқа қайыра ауысуы үшін торлық тізбекке арнаулы резисторды — тордағы се-йілу кедергісін (RT) қосады.
Достарыңызбен бөлісу: |