070-нұсқа мәтін Бөлтірік шешеннің сөзі



бет39/46
Дата21.04.2020
өлшемі0,55 Mb.
#63774
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   46
2364-Нұсқа 1-мәтін

Жер шарында теректің жүзден астам түрі бар. Біздің елімізде теректің отыз шақты түрі кездеседі. Қазақстан жерінде ақ Терек, көк терек, кара терек, мырза терек сияқты түрлері өсіріледі.

Терек өте тез өседі. Оның биіктігі елу метрге дейін жетеді. Мүндай әсем де ірі ағаш көше бойына, аулаға, су қоймаларының жағалауына отырғызылады. Қалалар мен ауылдарды көгалдандыруға, егіс алқабым қорғауға пайдаланылады.

Теректің бір артықшылығы - көп күтім тілемейді. Оны көшеттерден көбейтуге болады. Теректің кейбір түрлері жүз жиырма, жүз елу жыл өседі. Терек ағашы жұмсақ болады. Одан сіріңке, қағаз, түрлі бүйымдар жасалады. Теректі құрылыста да кеңінен пайдаланады.



  1. Түжырымдардың дұрысы:

    1. Терек баяу өседі

    2. Терек көп күтім тілемейді.

    3. Терек қатты ағашқа жатады.

  1. Үшеуі де

  2. Тек екінші

  3. Екінші мен үшінші

  1. Мәтін тақырыбын анықтаңыз.

  1. Қазақстанда өсетін ағаштар

  2. Ағаш түрлері

  3. Терек ағашы

  4. Ағаштың пайдасы

  5. Ағаш өнімдері

    1. Бірінші мен екінші

    2. Тек бірінші



2-мәтін

Екі дос бір егістікте жұмыс істейтін. Бірі үйленген, 3 баласы бар. Екіншісі - бойдақ. Күн батқанға дейін жұмыс істеп, достар тапқан өнімді тепе-тең етіп екіге бөліп алатын. Күннің бірінде бойдақ болғаны ішінен: «Өнімді және шыққан пайданы тепе-тең бөлгеніміз дұрыс болмады», - деп ойлайды. «Мен жалғыз тұрамын, сондықтан да айтарлықтай көп қажеттілігім де жоқ». Осындай ойымен түн сайын үйінен шығып, бір қап өнімді жасырын түрде досының үйінің алдындағы қорасына апарып тұратын болады. Досы да ішінен: «Өнім мен пайданы бірдей бөлгеніміз дұрыс емес, мен үйленгенмін, жұбайым мен балаларым бар - қартайғанымда олар маған қарайтын болады. Досымның болса ешкімі жоқ, қартайған кезінде оған қарайтын адам болмайды», - дейді. Осылайша бұл досы да түн жамылып үйден шығып досының қорасына бір қап өнім апаратын болады. Осыған қарамастан екі қорадағы қаптар саны неліктен еш азаймағанын екі доста түсінбей жүреді. Бір түні жасырын түрде бір-бірінің қорасына қап тасып жатқанда, бір-біріне соғылысып қалады. Сонда ғана болған жағдайды түсінеді. Қаптарды жерге қоя салып достардың бір-біріне деген адал ниеті мен достығы алдында көз жастарын тыя алмады.



  1. Неліктен достардың өнімі азаймады?

  1. Екеуі еңбексүйгіш болғандықтан

  2. Өнімді көп жинағандықтан

  3. Өнімді үнемдеп пайдаланғандықтан

  4. Жерлері құнарлы болғандықтан

  5. Бір-бірінің үйіне өнім апарғандықтан

  1. Екі дос неліктен өнімді бір-бірінің үйіне тасыды?

  1. Өзі үйленбеген, бойдақ болғандықтан

  2. Досына қарыз болғандықтан

  3. Досы өтініш жасағандықтан

  4. Досы отбасын асырай алмағандықтан

  5. Досына көмектескісі келгендіктен '

  1. Автордың мәтінді жазудағы мақсаты қандай?

  1. Ниеттес адамдардың мейірімділігін үлгі ету

  2. Адал еңбек етуге шақыру

  3. Адамдарды кәсіппен айналысуға шақыру 3-

  4. Көркем мінезді үлгі ету

  5. Үлкенді сыйлауды дәріптеу

  1. Мәтін мазмұнына қай мақал сәйкес келеді?

  1. Ақымақ достан ақылды қасың жақсы.

  2. Ақыл - дария, алсаң да таусылмайды, Жер - қазына саусаң да таусылмайды.

  3. Жақсы жұмыс - жанға тыныс.

  4. Еңбегің қатты болса, Татқаның тәтті болар.

  5. Айтулы достың малы бір, Кемедегінін жаны бір.

3-мәтін

Түһ, түн неткен қараңғы еді! Жұлдыздар да шілде ортасындағыдай шүлірлей қапты. Анау - темірқазық, анау - жетіқарақшы. Анау - ақбоз, көкбоз... Анау... Алырау, ат құлағының арасынан қылаңытқан күлдей бозаң шоғыр Үркер ғой! Жарықтық, бұдан ұсақ, бұдан солғын жұлдыз жоқ шығар. Бірақ, соған қарамастан, қаншама самала шырақтар самғаған түнгі аспанда оны көзің бірден шалып тұр-ау! Онын сиқыры неде екен? Әлде жұп ажыратпай бірге туып, бірге бататынынан ба? Жұлдыз екеш жұлдыз да неғұрлым саны аз, неғұрлым жарығы солғын болған сайын жиі тұрмаса, көзге түсе алмайтындарын білген ғой! Өздері неткен ыңғайтөк еді! Жаздың жаңбырлы, құрғақ, қыстың жайлы, жайсыз боларын жұрт осы Үркерге қарап біле қояды. Бәрін алдын ала осы бір шөкім солғын шырақтар сезіп қоятындай. Бәлкім, мынау бірін-бірі иықтап, бірін-бірі төбеден нұқып жатқан әумесер дүниеде аз халықтарға да осы Үркер мінез керек шығар! Бәлкім, олар мынау ұйтқымасы көп аласапыран дүниеде тек Үркердей тығыз тұрып, дауыл мен боранды Үркердей алдын ала біліп, алдын ала ыңғайға аунап отыра алса ғана, аман қала алатын шығар...

Жолға шыққанда Үркердің маңдайынан туғанын жақсылыкқа жорымаушы ма еді! «Үміт артсаң, Үркерге қара!» деуші еді ғой. Желтоқсанда да Үркердің ат құлағынан асып көтерілмегені алдағы қыстың жайлылығы шығар. Алдыңда жақсылықтан асқан бақыт бар дейсің бе!

Үркердің қарсы алдыңнан туғаны маңдайыңның ашылайын дегені ме екен?!

He де болса үміт бар ғой. Қаршадай Ералы көз көрмеген алыс жолға сол үмітпен аттанды ғой. Бұрын қайда аттап басса да, үрей анталап тұрмаушы ма еді. Енді, не де болса, бір үміт бар

емес пе.


Ендеше, мынау Үркер де жақсылығымен туған шығар. Тек бұның, тек мынау талайды көріп, талай тауға басын соққан көнтері жұртының алдынан ылғи осылай үміт шырағы туып тұрғандай!

  1. Мәтін мазмұнына сәйкес «Бәлкім, мынау бірін-бірі иықтап, бірін-бірі төбеден нұқып жатқан әумесер дүниеде аз халықтарға да осы Үркер мінез керек шығар!» деу арқылы автор қандай нәрсеге назар аудартады?

  1. Шынайылыққа

  2. Сабырлыққа

  3. Бірлікке

  4. Сенімділікке

  5. Турашылдыққа

  1. Автордың «. Тек бұның,,тек мынау талайды көріп, талай тауға басын соқкан көнтері жұртының алдынан ылғи осылай үміт шырағы туып тұрғандай!» деп аяқтауының мақсаты қандай?

  1. Өткеніне налу

  2. Келешегінен қорқу

  3. Өткенді дәріптеу

  4. Болашаққа алаңдау

  5. Болашаққа сенім арту

  1. Автордың жұлдыздар мен түнгі аспанды суреттеген жыл мезгілі

  1. Жазғытұры

  2. Жаз

  3. Көктем

  4. Күз

  5. Қыс

  1. «Халық не себептен «Үміт артсаң, Үркерге қара!» деген?

  1. Ерекше әдемі болғандықтан

  1. Жаксылыққа жорығандықтан —

  2. Түн жарық болатындықтан

  3. Дәстүрді құрметтегендіктен

  4. Түн жылы болатындықтан



  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   46




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет