13. «Ақылды, басшы» сөздеріне түбірлес сөздерді белгілеңіз.
A) ақылшы, бастық
B) ақыны, басының
C) ақымақ, басады
D) ақынды, басқасы
E) ақыны, басу
14. Бұйрық райдың көпше түріндегі ІІ жақ жалғауын анықтаңыз.
A) -айын, -ейін.
B) -сын, -сін.
C) -ыңыз, -іңіз.
D) -йық, -йік.
E) -ңдар, -ңдер.
15. Өткен шақ етістігін белгілеңіз.
A) Адам таза ауамен демалады.
B) 1930 жылы Қазақстан кино өнерінің негізі салынды.
C) Мектепте драма үйірмесін ұйымдастырсақ.
D) Батар күннің таңы да атар.
E) Құс жеткен жеріне қонады.
16. Сөйлем басында тұрған қыстырма сөзді анықтаңыз.
A) – Сізге көмектесейін, анашым, - деп шешесінің ауыр себетін алды.
B) – Ол көмекке келген бала шығар, мүмкін.
C) – Бәлкім, саған да жарнама ісі ұнайтын болар.
D) Әр бала өз анасына көмектесу керек, меніңше.
E) – Өнерлі бір-ақ баланы көрдім, - деді қария.
17. Жақты сөйлемді табыңыз.
A) Туған жерге туың тік.
B) Баяу ескен қоңыр жел.
C) Бірлесіп кітап оқуымыз керек.
D) Оның келмей қалуы мүмкін еді.
E) Бұл жерде суға түсуге болмайды.
18. Синонимдер бар мақал-мәтелді анықтаңыз.
A) Жақсы жұмыс – жанға тыныс.
B) Білімдіден ақыл шығар, ақылды қарттан нақыл шығар.
C) Қорыққанға қос көрінер.
D) Жақсы дос үшін жан пида.
E) Жақсы ай мен күндей, әлемге бірдей.
19. Күрделі сан есімі бар сөйлемді табыңыз.
A) Қазақстанда жеті ұлттық табиғи саябақ бар.
B) Қазақстанда екі табиғи қорық бар.
C) Қазақстанда елу жеті мемлекеттік қорық бар.
D) Қазақстанда республикалық мәндегі қорық саны – төртеу.
E) Қазақстанда тоғыз мемлекеттік қорық бар.
20. Мезгіл бағыныңқы сабақтас құрмалас сөйлемді табыңыз.
A) Ол көп уайымдап, ерте келді.
B) Мұғалім айтқанда, ол жазды.
C) Сабақ ерте басталғандықтан, ерте бітті.
D) Күз келсе де, жаңбыр жаумады.
E) Не ексең, соны орасың.
|