Халықаралық сауда – еңбек бөлінісі негізінде әр түрлі елдердің тауар өндірушілер арасында пайда болатын байланыстардың нысаны және олардың экономикалық тәуелділігі. Халықаралық сауда өткізу нарықтарын кеңейту есебінен масштаб әсерін жүзеге асыруға ықпал етеді. Масштаб әсерінің теориясы салыстырмалы басымдылықтардың классикалық теориясы мен Хекшер-Олин теориясында болмаған елдер арасындағы сауда бағыттарын сипаттайды. П. Кругманның масштаб әсері теориясының мәнін ашып көрсетінің, бұл теорияның қазіргі халықаралық сауданың себептерін түсіндірудегі манызын сипаттаныз
XX ғасырдың 80 жылдардың басында П.Кругман және К.Ланкастер халықаралық сауданың классикалық түсіндірмесіне масштаб әсеріне негізделген альтернативті түсіндірме ұсынды. Масштаб әсері теориясының мәні - белгілі технология мен өндірісті ұйымдастыру барысында ұзақ мерзімді орташа шығындар шығарылатын өнім көлемінің ұлғаюына қатысты қысқарады, яғни жаппай өндіріспен байланысты үнемдеу туындайды. Масштаб әсерінің теориясы үлес салмағы тауар айналымда өсіп жатқан ұқсас тауарлар саудасын негіздеп, өндіріс факторлары бірдей елдер арасындағы сауда-саттықты түсіндіріп, жетілмеген бәсекелестік нарығын болжайды.
Масштаб әсерін жүзеге асыру жетілген бәсекелестіктің бұзылуына әкеледі, өйткені монополистерге айналатын фирмалардың іріленуімен байланысты. Сәйкесінше, нарықтар не біртекті өнімдерді салааралық саудалайтын олигополистік, не дифференциацияланған өнімдерді саудалайтын дамыған ішкі сала саудасы бар монополистке айналады. Осының барлығы бағыттары фирманың стратегиялық мақсаттарымен анықталатын ішкі фирма саудасының өсіміне әкеледі.
11. Әлемдік экономикалық ғылымда сыртқы сауданың жаратылысын түсіндіретін екі негізгі бағыт бар:
─ Дәстүрлі бағыт. Бұл елдің салыстырмалы артықшылығын (абсолюттік және салыстырмалы артықшылықтар теориясы) Хекшер – Олин тұжырымдамасымен толықтырылған (факторлық пропорциялар теориясы) жүзеге асыруға байланысты.
─ Жаңа бағыт – ішкі салалық сауданың пайда болуын түсіндіреді.
Дәстүрлі бағыт дамушы елдер мен экономикасы өтпелі кезеңдегі елдер үшін тән. Ол өндірісті табиғи фактормен қамтамасыз етудің әр түрлі деңгейіне негізделген. Осындай негізінен дамыған елдер арасындағы немесе дамушы мен дамыған елдер арасындағы әлемдік тауар айналымының ¼-ін құрайтын салааралық сауда пайда болады.
Жаңа бағыт (бір саланың әр түрлі тауарларымен сауда) масштабының әсері мен өнеркәсібтің мамандануын жүзеге асырумен байланысты. Сауданың осы түріне негізінен дамыған елдер арасындағы әлемдік сауданың 70% тиеді.
Елдерге технологиялық біріңғай, деффиринциялданған тауарлармен айырбас сауда жүргізу ыңғайлы болып келеді. Бұл теорияға ағылшын экономисті Белла Белассаның ішкі салалық сауда теориясы сәйкес келеді. Ол тек масштаб әсеріне ғана көңіл аударып қоймай, сонымен қатар әр түрлі елдердің тұтынушыларының талғамын, шыкаралас елдердің географиялық жақындығын, ауыл шаруышылық мезгілдерінің сәйкес келу,келмеуіне де назар аударған болатын. 60-шы жылдардың басында, интеграциялық бірлестік құрылған дамыған елдерде, әсіресе Батыс Еуропада бір бірімен, бір саланың диффиренциялданған тауарларын айырбастайтыны анық көрінді. Неміс автокөліктері шет елге сатылып, орнына жапон автокөліктері әкелінді; италяндық кір жуғыш машиналары Францияға сатылып, керісінше ол жақтыкы Италияға әкелінді және т.с.с. Бұндай сауда ешбір басқа теорияда түсіндірілмеді. Алайда мұндай үдеріс бұрыннан бар болатын және бұл үдеріске бірінші болып назар аударып, сәйкесінше модель құрған тумасы венгерлік экономист Белла Беласса болды. Монополиялық бәсекелестік жағдайында халықаралық сауда екі ағымнан тұрады: салыстырмалы артықшылықтың бар болуын сипаттайтын салааралық сауда және бәсекелестік артықшылықтың бар болуын сипаттамайтын ішкі салалық сауда, оның себебі маңызды масштаб әсері, тұтынушылар талғамының түрлілігі. Халықаралық сауданың 1/4 бөлігінің көлемін ішкі салалық сауда алады. Ішкі салалық сауда капитал қабілеттілігінің, жұмысшы күшінің біліктілігі көрсеткіштері жақын мемлекеттермен болады. Сәйкесінше, ішкі салалық сауда экономикалық даму деңгейі ұқсас мемлекеттер үшін маңызды болып табылады. Ішкі салалалық сауда дәстүрлі салалар үшін емес, күрделі жаңа бұйымдар үшін сипатты. Мұндай сауда Грубел-ЛЛойд индексімен сипатталады:
,
мұндағы X пен IM сәйкесінше экспорт пен импорт болып табылады. Ішкі салалық саудадан алынатын пайда: барлық өндіріс факторларына табыстың өсуі; әлеуметтік күйзелістің болмауы. Мемлекет халықаралық саудаға қатысудың арқасында өзінің өндіретін тауарларының санын қысқарта алады және сол уақытта өз тұтынушыларына қолжетімді тауар түрлерін көбейте алады. Тауар ассортиментіне шек қою арқылы мемлекет оларды үлкен көлемде, өте жоғары өнімділікпен және аз шығынмен шығара алады
Достарыңызбен бөлісу: |