Қарама -қарсы сауда- экспортталған тауардың жартылай немесе толық құнына экспортердің импортерден тауар сатып алатындығы туралы қарсы міндеттемесі.
Шекаралық сауда – сауда, төлем және жыл сайынғы карар туралы келісімнің негізінде көрші мемлекеттердің шекаралас аудандарының сауда ұйымдары мен фирмалары жүзеге асыратын халықаралық тауар алмасу турі.
8. Көп жақты және екі жақты ынтымақтастық үшін қолайлы жағдайлар жасау және осы бағытты келісімдеу мақсатында көптеген халықаралық, соның ішінде үкіметаралық және үкіметтік емес ұйымдар пайда болды.
Халықаралық ұйымдар сауда тосқауылдарын жою бойынша маңызды мәселелерді шешеді, мемлекеттер арасындағы кең тауар айналымына және валюталардың тұрақтандырылуына жәрдемдеседі, басқа да сыртқы сауда мәселелерін қарастырады. Олар өзара тәуелді халықаралық ынтымақтастықтың күрделеніп келе жатқан сипатына жауап қайтару үшін және әр мемлекет пен оның субьектісіне халықаралық қызметке қатысудың өз мүмкіндіктерін пайдалануға жәрдемдесу мақсатында құрылған.
9. Монополистік, жетілмеген бәсеке үнемі болып тұрған. Ал XIX ғасыр басында монополиялардын, пайда болуымен байланысты, ол шиеленісе түскен. Осы мерзімде капиталдын. Шоғырлануы басталған, акционерлік қоғамдар пайда болған, табиғи, материалдық және қаржы ресурстарын пайдалануға бақылау қойылған. Жарнаманың көмегімен монополиялар сұраныстың қалыптасуына қаржылық байланыстар бағыттары арқылы тапсырыс берушілер контрагенттерге әсер етеді.
Монополия деген термин сөзбе-сөз мағынасында тауардың жалғыз сатушысы деген ұғым береді. Монополизмнің негізгі көрсеткішіне монополиялық баға және монополиялық пайда жатады. Фирманың қарамағында сирек кездесетін, ұдайы өндірілмейтін ресурстары болса, оның монополистік болмысы табиғи болады. Ал егер осы фирма өзі ұйымдастырудың әр түрлі әдістерін ұтымды пайдаланып, монополия құрған болса, фирманын, монополиялық болмысы жасанды болады. XX ғасыр дейін монополиялар шектелген сфераларда болған. Монопсония — белгілі тауарды сатып алуға жалғыз сатып алушының монополиясы болуымен сипатталатын нарық құрылымының типі. Өзінің сатып алуын шектей отырып, сатып алушы сатушы табыстарының есебінен монополдық пайдаға ие болады. Монопсония жетілмеген бәсекенің құрамды бөлігі болып табылады.
Олигопсония — белгілі тауарларды сатып алушы топтары болатын нарық құрылымының типі. Осылар сатып алуын шектей отырып, сатушы табыстарының есебінен өздеріне монополдық пайда түсіреді.
Олигополия — Бұл да нарық құрылымының типі. Бұнда бірнеше ірі фирмалар өнімнің басым көп бөлігінің өндірісі мен сатуын монополиялап алады және бір-бірімен көбінесе бағалық емес бәсекеде болады. Олигополия жағдайында нарықтың үш түрі болуы мүмкін.
Бәсеке латын сөзі «бірге жүгіру» деген мағына. Жетілдірілмеген бәсеке белгілі бір монополиялық билігімен ерекшеленеді. Оның пайда болуына салаға ену кезінде заңны және табиғи тосқауылдар әсер етеді. Тосқауылдардың мықтылық дәрежесіне сәйкес не таза монополия, не монополистік бәсеке, не олигополия пайда болады. Монополиялар мен монополистік бәсекедегі фирма өнімдеріне сұраныс ауытқымасы нарықты сұраныстың ауытқымасы болып табылады да, теріс еңкіш сызықты болады. Монополия - өзiнiң саласындағы бiрден-бiр өндiрушi және сол маңайда ондай тауар субституттарды өндiретi басқа салалар жоқ. Монополистік бәсекеде салаға еркін кіру және саладан еркін шығу көзделеді. Мұндай рынокта сатушылар көп болады, бірақ сараланған өнім өндірілетіндіктен сатушылардың әрқайсысы ауытқымалы сұранымға тап болып отырады, сондықтан сараланған бәсекелі саладағы фирмалар көпке дейін монополдан пайда ала алмайды.
Достарыңызбен бөлісу: |