Берешекті өтеу мен пайыздарды төлеу бюджет қаражаттары есебінен, яғни салық төлеушілер есебінен жүргізіледі,сөйтіп, табыстар мемлекеттік бағалы қағаздар иелеріне,әдеттегідей, қоғамның дәулетті жіктеріне ағылады.
Салықтарды көбейту жолымен мемлекеттік борышты азайту жөніндегі мемлекеттің іс- қимылы кезінде макроэкономикалық тәуекелдер қосылады, жиынтық сұранымның қысқаруы тепе-тең таза ұлттық өнімнің азаюына ұрындырады, кәсіпкерлер тарапынан қаражаттардың жүмсалымына деген ынталандырмалары төмендейді, экономикаға қаражаттарды инвестициялау қысқарады.
Жекеше кәсіпкерлердің «инветицияларын ығыстыру» нәтижесі іс-әрекет етеді. Бұл құбылыс мынадан туып отыр. Мемлекет бюджет тапшылығын немесе борышты жабу мақсатымен несие рыногына шыға отырып, ақша рыногында бәсекені күшейтеді, мұның нәтижесінде ақшалай капиталдың пайыздық мөлшерлемелері артады. Бұл жекеменшіқ секторды инвестициялардың бір бөлігінен айырады, ал инвестициялық шығыстардың төмендеуі тепе-тең таза Ұлттық өнімді азайтады.
Егер мемлекет ақша рыногының окшауландырылған қаражаттарын тұтыну мақсаттарына емес инвестициялық тауарларға бағыттаса, егер экономика жұмыспен толық емес қамтылған жағдайда жұмыс істесе мұндай іс-әрекеттің келеңсіз нәтижесі шектелуі мүмкін.
Қазақстан практикасында бюджет тапшылықтары мен мемлекеттік борыш қаржыландыру нысандары және туындайтын зардаптары бойынша айтарлықтай ажыратылады. Мемлекеттік борыштың едәуір бөлігі мемлекеттік қазынашылық міндеттемелер бойынша берешек нысанында көрсетіледі. Мемлекеттің қолданыстағы жоғары дисконтка қарыз алған сомасы екінші деңгей банктері мен басқа коммерциялық құрылымдардың табысына айналады.
Ішкі мемлекеттік борыштың басқа нысандары мыналар болды: бюджет тапшылығын жабу үшін бұрын алынған кредиттер бойынша Ұлттық банкке берешек; облигациялар және басқа бағалы қағаздар шығарумен ресімделген халықтан, шаруашылық жүргізуші субъектілерден алынған қарыздар бойынша борыш.
Қазақстанда оның дербес дамуының басынан ішкі мемлекеттік борыштың айрықша нысандары болды:
ауыл шаруашылығы өніміне, жеңіл өнеркәсіп үшін шикізатка бағалардағы айырманың орнын толтыру және ауыл шаруашылығы өніміне сатып алу бағаларына сараланған үстемақы төлеу бойынша бюджеттің шығарылған берешегі, бұл бөлудің әкімшілік әдістері жағдайларындағы баға сәйкессіздіктерінің нәтижесі болып табылады;
банктердің несиелері бойынша су шаруашылығының ауыл шаруашылығы кәсіпорындары мен ұйымдарының шығарылған берешегі - қырсыздықтың, кредиттеу қағидаттарының және шаруашылық жүргізудің шаруашылық есебінің бұзылуының салдары;
«директивалық кредиторлар» деп аталатындар нысанындағы, сондай-ақ ішкі республикалық есепке алу міндеттемелеріне қызмет көрсету және өтеу бойынша кордаланған берешек. Директивалық кредиттерді дағдарыс жағдайларында кәсіпорындар мен салаларға олардың шаруашылық қызметін қолдап отыру үшін Қаржы министрлігінің кепілдігімен Ұлттық банк беріп отырды. Ішкіреспубликалық есепке алу дебиторлық және кредиторлық берешектер бойынша кәсіпорындар мен ұйымдардың өзара борыштарын өтеу үшін жүргізілді. Дерективалық кредиттер мен өзара есепке алуларды пайдаланудың нәтижелері бойынша жағымсыз салдарларына байланысты ішкі кредиттеудің бұл нысандары мұнан былай қолданылмайды.
Мемлекеттік борышқа қызмет көрсету деп уақыттың белгілі бір кезеңінде қарыз алу шарттарынан туындайтын сыйақы, комиссиялық, айыппұлдар және өзге төлемдердің жиынтық төлемақыларын айтады.
Қарызға қызмет көрсету - бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органның немесе қарыз алушының шоттарындағы қарыздық қаражаттарды пайдаланудың есебі бойынша банктің және қарыз шарттарына сәйкес қарыз алушының сыйақы, комиссиялық және өзге төлемдерін жүзеге асыру кызметі.
Борышты өтеу - қарыз алушының қарыздың алынған сомасын кредиторлармен келісімшарттармен белгіленген тәртіппен қайтаруы, борыштың басқа құрамды бөлігінің белгіленген тәртібі мен міндеттемелердің орындауы
15 Халықаралық капитал қозғалысы
Халықаралық капитал қозғалысы
Халықаралық капитал қозғалысы-нақты экономикалық құбылыс, капитал өз елінен басқа елге ауысқан кезде,басқа елден үлкен табыс алу мақсатын қояды.
Достарыңызбен бөлісу: |