Биржалардың бірнеше турі бар:
1 тауар биржасы;
2 қор биржасы;
3 еңбек биржасы;
4 валюта биржасы.
Тауар биржасы- сапасы жағынан стандартқа толықтай сай келетін белгілі бір тауарларды сатып алу мен сату үшін ұйымдаскан нарықты қамтамасыз ететін сауда.
Мұнда сатуға келісілген тауарлар биржаға әкелінбейді. Бұл тауарлардың бар екенін олардың саны мен сапасын көрсететін құжаттар куәләндырылады.
Қор биржасы- таза іскерлік принципінде жұмыс істейді.
Валюта биржасы- бұл валюта нарығы.
Еңбек биржасы- жұмыс күшін жалдау кезінде кәсіпкер мен қызметкерлер арасындағы делдалдықты жүзеге асыратын мемлекеттік мекеме.
Халықаралық көрмелер мен жәрменкелер – тауар үлгілерін көрсету нарығы, бұл жерде іскерлік келіссөздер жүргізіліп, контрактыларға қол қойылады.
Жәрменке- бір орында, белгілі бір мерзімде оқтын- оқтын отіп тұратын нарықтың түрі.
Машиналар мен жабдықтардың арендасы
Аренда – бұл жалгерлік шаруашылықты жүргізудің формасы. Мұнда жалға беруші мен жалгер арасында шарт негізінде жалгерге жерді, табиғат қорларын, кәсіпорындарды, олардың бөлімшелерін уақытша пайдалануға, сондай-ақ дербес шаруашылықты жүргізуге қажетті басқа да мүліктерді белгілі мерзімге тиісті ақысын төлетіп, иеленуге және пайдалануға береді.
Жалгерлікке халық шаруашылығының барлық саласында рухсат беріледі және мүлік жөніңде меншіктің барлық формалары мен түрлерінде қолданылады.
Жалға берушілер- меншік иелері атынан мүлікті жалға беруге өкілетті орындар мен ұйымдар болуы мумкін.
Жалгер – заңды құқықтық мекемелер және кәсіпорындар, шетелдік мемлекеттер, халықаралық ұйымдардың қатысуымен құрылған ұйымдар мен бірлестіктер және т.б.
Достарыңызбен бөлісу: |