Химияны оқыту әдістемесінің міндеттері Оқытудың мақсаты дегеніміз - жорамал нәтижесі, ол оқытудың міндеттері арқылы жүзеге асады. Орта мектепте химиядан берілетін білімнің мазмұны химия ғылымының даму дәрежесін ескеріп, дидактикалық талаптарға сай таңдап алынады жэне химия ғылымының негізі деп аталады. Химияның негізі үш салалы білімнен тұрады. Олар: заттар туралы ілім; химиялық теориялар мен заңдар жоніндегі білім; химиялық өндіріс туралы білім.
Химиядан орта білім берудің бірінші міндеті - химияның жаратылыстану ғылымдарының арасындағы алатын орнын көрсету.
Химиядан орта білім берудің екінші міндеті – пәнаралық байланысты жүзеге асыру. Химия заттардың химиялық қасиеттерін зерттеу жэне түсіну саласында физиканың әдістері мен теориялық көзқарастарын пайдаланады. Жер туралы ғылымдар (геология, минералогия жэне т.б.) минералдар мен тау жыныстарының өзгерістерін олардың құрамына кіретін заттар деңгейінде қарастырып, түсіндіруге тырысады. Организмдердегі тіршілік әрекеттерінің мәнін физика мен химияның заңдылықтарына сүйене отырып, молекулалық биология зерттейді. Бұл ғылымдар арасындағы байланыстар алуан түрлі, яғни айтылғандармен ғана шектелмейді. Химияны оқыту барысында келтірілген сызбанұсқаға сәйкес осы ғылымдар арасьшдағы өзара байланыстың мәнін ашып керсету керек.
Химиялық орта білім берудің үшінші міндеті - табиғаттың тұтастығы, онда жүзеге асатын құбылыстардың бір-бірімен байланыстылығы, шарттылығы жөнінде ғылыми көзқарас қалыптастыру. Өлі табиғатты кұрайтын минералдар мен тау жыныстары, тірі табиғатты құрайтын организмдердің денесі заттардан тұрады. Заттардың өзі жүзге жуық химиялық элементтердің атомдарынан, ал атомдар санаулы ғана қарапайым бөлшектерден құралады.
Химиядан орта білім берудің тәртінші міндеті - орта мектептегі химияның негізіне кіретін заттар туралы оқу материалын іріктеу. Қазір үш миллионнан астам заттар белгілі, олардың саны үздіксіз артуда.Осы миллиондаған заттардың ішінен қайсысын және қандай дәрежеде өту қажеттігін шешу - аса жауапты міндеттердің бірі.Заттар туралы білім ұғымдардан тұрады, олардың негізгілері - химиялық элемент, химиялық реакция, химиялық өндіріс.
Химиядан орта білім берудің бесінші міндеті - химия курсын құрайтын ұғымдар жүйесін, әр жүйеге кіретін жеке ұғымдарды анықтау, олардың оқылу ретін белгілеу.
Заттар мен ұғымдар теориялық козқарастар тұрғысынан іріктеп алынады. Олардың бірі - теорияны өтуге әзірлеу үшін, екіншісі -бекіту үшін, үшіншісі теорияның негізінде оқып үйрену үшін қажет. Мәселен, заттардың қасиеттерін, оның атом-молекулалық құрылысын, сондай-ақ элементтердің қасиеттерін түсіну үшін атом құрылысын, периодтық заң мен периодтық жүйені білу керек.
Химиядан орта білім берудің алтыншы міндеті - орта мектепте оқылатын теориялардың мазмұнын, деңгейін жэне орнын негіздеу. Теориялық білім деректі материалдарды сұрыптау, түсіндіру жэне болжау, ұғымдарды анықтау міндетін атқарады.
Химиядан орта білім берудің жетінші міндеті - орта мектептегі химия ғылымының негізіне кіретін өндірістік материалдарды анықтау арқылы оқушылардың политехникалық әзірлігін арттыру. Бұл негізді жүзеге асыру үшін химия өндірістерімен жэне олардың ғылыми негіздерімен таныстыру, технологиялық негізгі ұғымдарды қалыптастыру, қалаулы қасиеттері бар өнімдерді, бағалы синтетикалық материалдарды ондірудегі, қалдықсыз технология жасаудағы химияның мэнін көрсету, химиямен байланысты мамандықтарға кәсіптік бағдар жасап, еңбек тәрбиесін жүзеге асыру керек.
Химиядан орта білім берудің сегізінші міндеті - табиғатты аялай білуге баулу; химияны және химия онеркәсібін оркендетуге байланысты ауаның, судың, топырақтың ластануын болдырмау; минералды тыңайтқыштарды, өсімдіктерді қорғайтын заттарды пайдаланудың тиімді жэне тиімсіз жақтарын білу; соңғы кезге дейін химияны тек қана мадақтайтын сыңаржақтылықты қойып, оның табиғатқа, организмдерге жэне адам денсаулығына тигізетін қолайсыз эсері жонінде екі жақты ақиқат пікір тудыру.
Химиядан орта білім берудің тоғызыншы міндеті - оқушылардың таным әрекетін жандандыру, білім мен білік алудағы белсенділігін арттыру.
Химиядан орта білім берудің оныншы міндеті - оқушыларға химияның ғылыми тілін жетік меңгерту; химиялық әдебиеттермен жұмыс істей білудің біліктері мен дағдыларын қалыптастыру, сөйлей білуге, өз ойын анық, дәл, жүйелі және дәлелді жеткізе білуге үйрету; химияның өзіне ғана тән тілдік құралдарын, химиялық символиканы, номенклатурасын және терминологиясын жетік білдіру; олардың мағынасы мен құрылысын нақтылы түсініп, қолдана білуге үйрету.
Пысықтау сұрақтары:
1. Химияны оқыту әдістемесінің зерттейтін мәселелері ?
2. Химияны оқыту әдістемесінің басқа ғылымдармен байланысы?
3. ХОӘ пәні және мақсаттары мен міндеттері қандай ?
4. Химияны оқыту үрдісінің құрылысының принциптерін атаңдар ?
Достарыңызбен бөлісу: |