Білімділігі: Тәуелсіздік ұғымын түсіндіру. Тәуелсіздік жолында
құрбан болған қазақ халқының ерлігімен таныстыру.
Тәрбиелілігі: Туған жерді, елін сүйетін, ұлтжанды, намысшыл, адамгершілігі мол азамат етіп тәрбиелеу.
Дамытушылық: жеке тұлғаны дамыту, талдау, салыстыра білу қабілетін дамыту.
Көрнекілігі:Қазақтан Республикасының мемлекеттік рәміздері: Ту, елтаңба,Гимн.Н.Ә.Назарбаевтың портреті, слайд.
Сабақтың түрі: Аралас сабақ
«Біз алдымызға анық та айқын мақсат қойдық-біз жақсы өмір сүргіміз келді, біз еркіндікке ұмтылдық, біз бәрінен бұрын балаларымыз бен немерелеріміздің лайықты өмір сүруін қолдадық. Бұған сіздер мен біздер өз ғұмырымыздың біраз жылдарын арнадық. Еңбегіміз еш кеткен жоқ, біз бүгінгідей биікке көтерілдік»
Қазақстан Республикасының Президент жолдауынан
Барысы:1.Ұйымдастырушылық кезең.
Мемлекеттік әнұран орындалады.
Құрметті оқушылар бүгінгі тәрбие сағатымыз еліміздің тәуелсіздік алғанына 25 жыл толу мерекесіне арналып отыр.
А)Қызығушылығын ояту.
-Біз қазақ мал баққан елміз, ешкімге соқтықпай жай жатқан елміз. Басымыздан құт-береке қашпасын деп, найзаға үкі таққан елміз.Ешбір дұшпан басынбаған елміз, басымыздан сөз асырмаған елміз.Достықты сақтай білген елміз, дәм-тұзды ақтай білген елміз - деп тебіренген Қазақ елінің қамын ойлаған қаз дауысты Қазыбек би болатын.Ата-бабамыз аңсаған сол тәуелсіздік алғанымызға 25 жыл толғалы отыр. Ал бұл тәуелсіздікке тек бірліктің, ұйымшылдықтың, ел патриоттарының арқасында жеттік.
Ә)Мағынаны тану.
Ал енді слайдтың келесі беттерін ашайық.
ОТАН
«Отан» деген сөзге ой шақыру.
Патриот
«ПАТРИОТ» деген сөзге ой шақыру.
Тәуелсіз елім Қазақстаным тәрбие сағатын бастамас бұрын, сіздерді бұл мерекенің маңызымен таныстырып өтейін. Алтайдан Алатауға дейін ұлан – ғайыр жерді мекен еткен ата – бабаларымыз тәуелсіздікті арман еткен. Осынау кең даланы көк найзаның ұшымен, сом білектің күшімен қорғаған бабаларымыздың аманатын орындау үшін талай боздақтар жанкештілікке барңған. Қаракерей Қабанбай, Қанжығалы Бөгенбай батырлардан бастап, Иса Досан, Шотан батырлар, беріректе Бауыржан, Мәншүк, Әлия сынды батырлар сол ел қорғауды ұран еткен, сол үшін құрбан болып, ел құрметіне бөленген батырлар.
Ресейдің езгісінде болып, тіліміз бен дінімізден безіп, орыстанғалы тұрғанда Қайрат Рысқұлбеков, Ләззат Асанова сияқты қыршын жастардың құрбандыққа баруы арқасында ғана тәуелсіздік алып, егеменді ел болдық.
Мен-қазақпын мың өліп, мың тірілген,
Жөргегімде таныстым мұң тілімен.
Жылағанда жүрегім күн тұтылып,
Қуанғанда күлкімнен түн түрілген.
Мен- қазақпын, биікпін, байтақ елмін,
Қайта тудым, өмірге қайта келдім.
Мен мың да бір тірілдім мәңгі өлмеске,
Айта бергім келеді, айта бергім!
Әрбір қазақпын деген азаматтың көкірегінде “Отан” деген сөз ыстық сезіммен сәуле шашып тұрады. «Отансыз адам – қанатсыз құспен тең» демекші, әр адамның Отаны өзі үшін ыстық. Қазақ елінде тұратын адамдардың Отаны – Қазақстан тәуелсіз Республикасы.
1991 жылы
16 желтоқсанда Қазақстан Республикасы тәуелсіздігін жариялады. Егемен ел атанды. Әлем таныды.
Әрбір егеменді елдің өзіне тән мемлекеттік рәміздері болады. Оған Ту, Елтаңба және Әнұран жатады. Қазақстан Республикасының азаматтары сондай-ақ елімізде тұрып жатқан кез келген адам Мемлекеттік туды, Елтаңбаны және Әнұранды құрмет тұтуға міндетті. Олардың сипаттамасы және ресми пайдалану тәртібі Конституциялық Заңмен белгіленеді.
1992 жылдың 4 маусымы – тарихи күн. Сол күні Республика жоғарғы кеңесі Тәуелсіз Қазақстан Республикасының мемлекеттік туы мен елтаңбасын бекітті.
Қазақстан Республикасы:
Туымен тұғырлы,
Елтаңбасымен елеулі,
Әнұранымен айбатты.
Егеменді еліміздің елтаңбасынан кең байтақ отанымыздың өткен тарихы бай дәстүрі, салт санасымен жасампаз рухы толық танылады. Ел таңба ортасында шаңырақ тұр, шаңырақта, яғни біздің бейбітшіл отанымызды қорғау үшін шаңырақтың биік болуы ойластырылған.
Қазақта: “Шаңырағың биік, керегің кең, босағаң кең болсын” деген тілек сөз бар. Елтаңба авторлары Жандарбек Мәлібекұлы, Шот-Аман Ыдырысұлы Уалихан.
Қазақта: “Шаңырағың биік, керегің кең, босағаң кең болсын” деген тілек сөз бар. Елтаңба авторлары Жандарбек Мәлібекұлы, Шот-Аман Ыдырысұлы Уалихан.
Мемлекеттік Ту.
Мемлекеттік Ту.
Бәйгеден озып шыққан бұл тудың авторы – Алматылық Шәкен Оңдасынұлы Ниязбеков. Ту неліктен көк түсті? Бүкіл дүниеге көк жүзі, аспан әлемі, ортақ. Жер шары ұлттарға мемлекеттерге және басқаларға бөлінгенімен де жоғарыдан айқара ашылған аспан ешқашан бөлінбеген, бөлінбейді де.
Республикамыздың мемлекеттік әнұраны, 2006 жылы 7 қаңтарда өзгертіліп, жаңа әнұран қабылданды.
Республикамыздың мемлекеттік әнұраны, 2006 жылы 7 қаңтарда өзгертіліп, жаңа әнұран қабылданды.
Әнұранның сөзін жазғандар:
Жұмекен Нәжімеденов,
Н.Назарбаев.
Әнұранның әнін жазған:
Ш.Қалдаяқов.
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туының авторы: Шәкен Ниязбеков
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасының авторлары белгілі суретшілер: Шот-Аман Уалиханов пен
Жандарбек Мәлібеков.
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұранының авторлары: Сөзін жазғандар: Жүмекен Нәжімеденов
Нұрсұлтан Назарбаев
Әнін жазған: Шәмші Қалдаяқов
Шәмші Қалдаяқов
Біздің алға қойған мақсатымыз: өткенімізді білетін, бүгінді түсінетін, ертеңімізге сеніммен қарайтын азамат болу.
Біздің алға қойған мақсатымыз: өткенімізді білетін, бүгінді түсінетін, ертеңімізге сеніммен қарайтын азамат болу.
Енді ең басты бақытымыз тәуелсіздік жылдарының шежіресіне ой жіберелік.
1991жыл Қазақстан жоғарғы кеңесі 1991жылы 16-желтоқсан да Қазақстанды Тәуелсіз Республика деп жариялады.
Дала да думан,қала да думан жыр бүгін,
Ғасыр бойы аңсап күткен бұл күнім.
Жасай бер, жаса, асқардан аса әрқашан,
Кеудеме әкеп қалдырған бақыт бұлбұлым.
Тәуелсіз Қазақстанымның 25 жылда жеткен жетістіктері де аз емес. Соның бірі Биылғы жылы Рио олимпиадасында Отан үшін ат салып жүлдеге жету жетістігіміз:
ІІ дәрежелі «Барыс» орденімен боксшы Данияр Елеусінов, суға жүзуші Дмитрий Баландин және зілтемірші Ниджат Рахимов марапатталды. Рио Олимпиадасының күміс жүлдегерлері Василий Левит пен Әділбек Ниязымбетов те осында орденге ие болды. Елбасы олардың жүлдесін алтынға теңеді.
ІІ дәрежелі «Барыс» орденімен боксшы Данияр Елеусінов, суға жүзуші Дмитрий Баландин және зілтемірші Ниджат Рахимов марапатталды. Рио Олимпиадасының күміс жүлдегерлері Василий Левит пен Әділбек Ниязымбетов те осында орденге ие болды. Елбасы олардың жүлдесін алтынға теңеді.
Президент Олимпиада ойындарының күміс және қола жүлдегерлері боксшы Иван Дычконы, балуан Гүзел Манюрованы, зілтемірші Жазира Жаппаркұлды, дзюдошы Елдос Сметовті «Парасат» орденімен марапаттады.
Президент Олимпиада ойындарының күміс және қола жүлдегерлері боксшы Иван Дычконы, балуан Гүзел Манюрованы, зілтемірші Жазира Жаппаркұлды, дзюдошы Елдос Сметовті «Парасат» орденімен марапаттады.
Ал Отгонцэцэг Галбадрах, Карина Горичева, Александр Зайчиков, Екатерина Ларионова, Эльмира Сыздықова, Фархад Харки, Дариға Шәкімова «Құрмет орденіне» ие болды.
Рио-де-Жанейро Олимпиада ойындарында Қазақстан спортшылары 3 алтын, 5 күміс, 9 қола медаль еншіледі. Жалпы командалық есепте қазақ елі 22-ші орынды иеленіп, медаль саны жағынан өзіндік рекорд жасады. Сәл шегініс жасайтын болсақ, спортшыларымыз Атлантада — 11, Сиднейде — 7, Афинада — 8, Бейжіңде — 13, ал Лондон Олимпиадасында 13 медаль алған.
Рио-де-Жанейро Олимпиада ойындарында Қазақстан спортшылары 3 алтын, 5 күміс, 9 қола медаль еншіледі. Жалпы командалық есепте қазақ елі 22-ші орынды иеленіп, медаль саны жағынан өзіндік рекорд жасады. Сәл шегініс жасайтын болсақ, спортшыларымыз Атлантада — 11, Сиднейде — 7, Афинада — 8, Бейжіңде — 13, ал Лондон Олимпиадасында 13 медаль алған.
Нұрсұлтан Назарбаев:
Кез-келген елдің қуаты- оның халқының бірлігінде.Біздің этносаралық келісім тәжірибемізді неғұрлым көп ел пайдаланатын болса, әлем соғұрлым қауіпсіз болатынына сенімдімін.
(Қазақстан халқы Ассамблеясының 22 сессиясында сөйлеген сөзі).
Қорытынды:
Қорытынды:
«Жүректен-жүрекке шеңбері»
Жақсыдан үйренейік
Жаманнан жиренейік
Қазақстанның
Ең бақытты, ең ақылды, ең білімді азаматы болайық!
Мемлекеттік рәміздерді қадірлеу тәуелсіз Қазақстанның әрбір азаматының қасиетті борышы. Мемлекеттік рәміздерді құрметтеу – елді, халықты, тарихты, әдет- ғұрыпты, салт- дәстүрді қастерлеу болып табылады.
Әрбір ұлт өзінің тілін, мәдениетін,әдеп- ғұрпын,салт- дәстүрін жоғалтпауы керек. Осы мақсатта Қазақстанда өмір сүріп жатқа барлық халықтардың Ассамблеясы құрылған болатын. Ассамблея- ұйым, мәдени орталық деген сөз. Ондай мәдени орталықта ұлттар өздерінің озық дәстүрлерін, мерекелерін, ұлттық киімдерін, ұлттық тағамдарын насихаттап отырады.