#29 Қабылдау бөліміне туберкулезді менингитке күдікті 48 жастағы Л.П. ер адам түсті. Жұлын сұйықтығындағы қандай өзгерістер диагнозды дәлелдейді?
Цитоз 7, лимфоциттер – 100%, белок – 0,33, қант 2,8, хлоридтер 120 м/моль
Цитоз 200, лимфоциттер 80%, белок 0,9, қант 1,1; хлоридтер 100 м/моль ++++
Цитоз 1000, нейтрофильдер 100%, белок 1,0, қант 1,6; хлоридтер 130 м/моль
Цитоз 1000, лимфоциттер 100%, белок 0,9, қант 1,9; хлоридтер 120 м/моль
Цитоз 500, лимфоциттер 50%, белок 0,9, қант 2,6; хлоридтер 120 м/моль
#30 17 жасар Д. жасөспірімде жөтел, өз мөлшерде қақырық, дене қызуы, әлсіздік, тәбеттің төмендеуі, қан түкіру мазалайды. Ауру 3 апта бұрын суық тиюден басталған, бронхиттен емделді, бірақ тиімді болған жоқ. Оң жақ жоғарғы бөлігінде әлсіз тыныс, бірлі жарым майда көпіршікті сырылдар естіледі. Рентгенограммада: өкпенің оң жақ бөлігінде С1-3 жарықтану аймақтары мен инфильтратты көлеңке көрінеді, бөлік аралық плевра қалындаған. Ең ықтимал болжам диагнозыңыз қандай?
#31 16 жасар жасөспірімде профилактикалық флюорографияда алғашқы рет өкпенің оң жақ бөлігінде (С2 ) қанық (тығыз) және қанықтылығы орта ошақтар табылған. Бактериоскопиялық әдіспен қақырықтан туберкулез микобактериялары табылған жоқ. Ең ықтимал болжам диагнозыңыз қандай?
Фиброзды-ошақты туберкулез ++++
Инфильтративті туберкулез
Жұмсақ-ошақты туберкулез
Өкпе туберкулемасы
Ошақты пневмония
#32 14 жасар науқас М. әлсіздікке, тез шаршағандыққа, тәбеттің төмендеуіне шағымданады. Флюорографиялық тексеруде сол өкпенің жоғарғы бөлігінде өлшемі 2,0х2,5 см шеңбер тәрізді, орташа интенсивті, гомогенді, шеттері анық көлеңке табылған. Гемограммада: эритроциттер 3,8 х 1012/л, гемоглобин 126 г/л, лейкоциттер 8;9 х 109/мл, ЭТЖ – 16 мм/сағ. Қақырықтан туберкулез таяқшасы бактериоскопиялық әдіспен табылмады. Алдын-ала қоятын болжам диагнозыңыз қандай?
Перифериялық рак
Өкпенің эхинококкы
Сегментарлы пневмония
Өкпенің туберкулемасы ++++
Өкпенің ошақты туберкулезі
Достарыңызбен бөлісу: |