#33 Жас адам Т.В., 35 жаста, ЖМК машинасымен ауыр жағдайда инфекциялық ауруханасына түсті. Дене қызуы жоғарылаған 39-400С дейін, тыныштық жағдайда ентігу, ылгалды жөтел, әлсіздік, тәбеттің төмендеуі. Анамнезінен: туберкулезді науқаспен қатынаста болған, химиопрофилактика қабылдамаған. Жоғарыда аталған шағымдар соңғы 3 ай бойы мазалаған. Аускультацияда – өкпенің барлық аймақтарында ылғалды сырылдар. Рентгенограммада - бүкіл өкпе алаңдарында ірі көлемді қосылған ошақтар және пішінсіз фокустар, әр жерде жарықтанулар. Өкпедегі өзгерістер «қарлы боран» тәрізді. Ең ықтимал болжам диагнозыңыз қандай?
#34 Өкпенің инфильтратты туберулезімен 19 жастағы науқастың 8 айлық емнен кейін жағдайы жақсарған, улану белгілері жойылған, рентгенде:инфильтраттың орынында жіңішке қабатты сакина тәрізді көлеңке, көлемі 2х2 см, айналасында бірен-саран фиброзды-ошақты өзгерістермен анықталған. Қақырықта ТМБ-ры жойылған. Туберкулездің ең ықтимал клиникалық формасы қандай?
#35 Әйел адам Т, 57 жаста. Оң өкпенің жоғарғы бөлігінің инфильтративті туберкулезі (лобит) диагнозымен арнайы химиотерапияны 4 ай бойы қабылдаған, бірақ клиникалық-ренгенологиялық динамикасы байқалмады. Рентгенограммада: фиброз салдарынан оң өкпенің көлемі кішірейген, жоғарғы бөлігінде қалың қабырғалы пішінсіз қуыс, айналасында айқын фиброз және тығыз ошақтар. Өкпе түбірі жоғары қарай тартылған, кеуде аралығы оң жаққа ығысқан. Сол өкпе ошақты көлеңкесіз, таза. Ең ықтимал болжам диагнозыңыз қандай?