1. 2 "Айқап" журналы және "Қазақстан



бет1/5
Дата04.11.2016
өлшемі0,69 Mb.
#323
  1   2   3   4   5
Жоспар

Кіріспе............................................................................................3


І тарау. Ұлттық – бейресми басылымдар және олардың деректік орны мен ерекшеліктері
1.1 “Қазақ газеті” және “Серке” - қазақтың тұңғыш бейресми газеттер.............................................................................................10-24

1.2 “Айқап” журналы және “Қазақстан газеті...................25-33

ІІ тарау “Қазақ” газеті – Қазақстан тарихының дерек көзі


2.1 “Қазақ” газетінің шығуы , қалыптасуы және деректік ерекшелігі.........................................................................................34-48

2.2 “Қазақ” газетінің мәліметтері – бірінші дүниежүзілік соғыс қарсаңындағы қазақ қоғамы өмірінің дерегі.............................48-57

Қорытынды....................................................................................58-60


Пайдаланылған деректер мен сілтемелер тізімі.................61-63

Кіріспе


Тақырыптың өзектілігі: Мерзімді басылымның тарих дерегі ретінде бейнелеу объекті мен ауқымдылығы тап күресінен әлдеқайда кең және жан-жақты . Газет пен журнал материалдары қоғамдық-саяси өмірдің кең суреттемесін қалпына келтіріп , зерттеудегі кезеңнің басты актуалды проблемаларын анықтауға мүмкіндік береді . Және де әр елдің , тіптен бір елдегі әр түрлі ұлттардың деректерінің , оның ішінде мерзімді басылымдардың да өзіндік ерекшелігі болмай қоймайды . Ол – заңдылық . Сондықтан тарихи сынның да ерекшеліктері болатындығы туралы В. О. Ключевский: “Барлық жерде тарихи сын қосымша ғылым ретінде бірдей болу керек пе , жоқ әр жерде өз ерекшелігіне қарай жергілікті тарихи сынның да өз ерекшелігі болу керек пе” , /1/ - деген сауал қойып , оған өзі: “Тарихи сынның өз ерекшелігі болу керек . Ол тарихи сынның міндеттері мен тәсілдерінің тарихи деректің өзіндік қасиеттерімен тығыз байланыстығынан туындайды . Ал , деректердің өзіндік қасиеттері барлық жерде бірдей емес” /2/ - деп жауап береді . Сонымен қатар , қазақ тарихының деректеріне қатысты деректанушылық зерттеулер отан тарихымен айналысқан және қазір де айналысып жүрген кәсіпқой тарихшыларымыздың да еңбектерінде кездеседі . Халқымыздың ғұлама ғалымдары Әлкей Марғұлан мен Ермұхан Бекмахановтан бастап , бүгінгі күні тарихымызда жемісті еңбек етіп жүрген ғалымдарымыз К. Нұрпейісов , Ж. Қасымбаев , М. Қойгелдиев , Т. Омарбеков /6/, Қ. Атабаев /7/, С. Сыздықов /8/, Б. Ермұханов /9/ т.б. өздерінің зерттеу жұмыстарына сай пайдаланған деректерді “өңдеу” барысында , сол деректерге қатысты ой-пікірлерін білдіріп , ұлттық деректеріміздің ерекшеліктерін , маңызын , олармен жұмыс істеу тәсілдерін көрсеткен .

3

Бітіру жұмысының өзектілігі негізгі зерттеу объектісі қазақ тілінде



шыққан алғашқы газеттер мен ұлттық бейресми басылымдар. Яғни , Қазақстандық мерзімді басылымдар , әсіресе қазақ тіліндегі газет-журналдар Қазақстан тарихының дерек көзі ретінде арнайы зерттелуі тиіс .

Бітіру жұмысының зерттелу деңгейі: Ұлттық деректеріміз туралы деректанушылық ойлар , олардың ерекшеліктері мен құндылықтары туралы ғылыми көзқарастар Ш. Уалиханов , Ә. Бөкейханов , А. Байтұрсынов , О. Сүлейменов сияқты қазақ ғалымдары мен ойшылдарының еңбектерінде де айтылған . Мысалы , Шоқан Уалиханов өзінің жазбалары мен зерттеу жұмыстарында ұлтымыздың төл деректері – жыр-дастандардың , шежірелердің пайда болуының объективтілігі , олардың сақталу формалары , деректік маңызы туралы айтса , /3/ Әлихан Бөкейханов “Қазақ” газетінде жарияланған ғылыми рецензияларында өзінің деректанушылық ойларын білдірген /4/. Ахмет Байтұрсынов “Айқап” журналы мен “Қазақ” газеттерінің беттеріндегі мақалаларында және “Әдебиет танытқышында” жалпы тарих ғылымы , оның ішінде тарихтың жемі деректер туралы , әсіресе , шежіре мен заманхат туралы құнды пікір айтқан /5/.



Сонымен қатар , қазақ тарихының деректеріне қатысты деректанушылық зерттеулер отан тарихымен айналысқан және қазір де айналысып жүрген кәсіпқой тарихшыларымыздың да еңбектерінде кездеседі . Халқымыздың ғұлама ғалымдары Әлкей Марғұлан мен Ермұхан Бекмахановтан бастап , бүгінгі күні тарихымызда жемісті еңбек етіп жүрген ғалымдарымыз К. Нұрпейісов , Ж. Қасымбаев , М. Қойгелдиев , Т. Омарбеков /6/, Қ. Атабаев /7/, С. Сыздықов /8/, Б. Ермұханов /9/ т.б. өздерінің зерттеу жұмыстарына сай пайдаланған

4

деректерді “өңдеу” барысында , сол деректерге қатысты ой-пікірлерін білдіріп , ұлттық деректеріміздің ерекшеліктерін , маңызын , олармен



жұмыс істеу тәсілдерін көрсеткен .

Бітіру жұмысының өзектілігі негізгі зерттеу объектісі қазақ тілінде шыққан алғашқы газеттер мен ұлттық бейресми басылымдар .



Қазан төңкерісіне дейінгі қазақ тілінде жарық көрген газеттер мен журналдардың тарихына қатысты алғашқы мақалалар сол басылымдардың өз беттерінде жарияланған . Ұлттық-бейресми басылымдар арасында ең ұзақ уақыт шығып тұрған “Қазақ” газетінде “Қазақстан” , “Айқап” , “Алаш” , “Сарыарқа” , “Бірлік туы” , “Ұран” және “Тіршілік” туралы көптеген мақалалар басылған . Олардан аталған басылымдар туралы деректік мәліметтермен қатар , сол басылымдар туралы алғашқы тарихнамалық мағлұматтар да алуға болады .

Ұлттық бейресми басылымдарға берілген алғашқы тарихи баға да сол басылымдардан кездеседі . Мысалы , “Бірлік туы” газеті 1918 жылы қаңтардағы большевиктердің “Қазақ” газетін жабуына байланысты: “Қазақ” газеті жабылды деген хабарды естігенде әрбір алаш баласының жүрегі су етіп , қабырғасы қайысар . Біз бұған сенеміз. “Қазақ” газеті алаштың қараңғы заманында жол көрсетіп тұрған шам шырағы , сасқанда ақыл айтып тұрған көсемі” /10/ - деп жазды . Мұндай ұлттық бейресми басылымдардың көш бастаушысы “Қазақ” газетінің ұлт мүддесі үшін еткен еңбегін шынайы бағалау кеңес өкіметінің алғашқы жылдарында да өз жалғасын тапты .

30-шы жылдардың ортасына қарай Алаш ардагерлерінің “халық жаулары” ретінде толығымен дерлік жойылуына байланысты , “Алаш” қозғалысының тарихын зерттеуге де тыйым салынды . Ал , “Алаш”

5

қозғалысының түп нұсқалық деректері жарияланып тұрған “Қазақ” , “Бірлік туы” сияқты газеттер буржуазияшыл ұлтшылдардың органдары деп айыпталды және оларды ғылыми зерттеу ісіне пайдалануға рұқсат етілмеді” - деп жазды К. Нұрпейісов /11/.

1966 жылы “Айқап” журналы Қазақстан тарихының дерегі ретінде” - деген тақырыпта Г. К. Сәтбекованың кандидаттық диссертация қорғауы болды . Бұл ұлттық басылымдар негізінде қорғалған бірінші диссертация еді . Онда автор қазақ тілінде шыққан тұңғыш журналдың тарихына қатысты мағлұматтар келтіріп , журнал көтерген тақырыптарға , әсіресе оқу-ағарту ісіне кеңінен тоқталған .

Егер ресми газеттер “Түркістан уалаятының газеті” мен “Дала уалаятының газеті” туралы азды-көпті бұрын айтылып келсе , ұлттық-бейресми басылымдардың тарихын объективті зерттеу , олардың материалдарын халқымыз тарихының дерегі ретінде пайдалану , тек 90 жылдардың басынан , бұрынғы КСРО-дағы қайта құру мен демократияландыру шараларынан , әсіресе , еліміздің тәуелсіздік алуынан кейін ғана мүмкін болды . Бұл салада аз жылдар ішінде көп іс атқарылды деп айта аламыз . Саяси жағдай мен Қазақстан тарих ғылымында болған түбегейлі өзгерістер “Қазақ” газеті мен басқа да жазықсыз ұмыт болуға айналған ұлттық басылымдар туралы бетінде ондаған мақалалардың жариялануына әсер етті /12/.

Қазан төңкерісіне дейінгі қазақ мерзімді басылымы тарихының зерттелуі , олардың ХІХ ғасырдың соңы мен ХХ ғасырдың басындағы Қазақстан тарихының дерегі ретінде пайдалануы туралы айтқанда , зерттеуші-ғалым , библиограф Үшкөлтай Субханбердинаның осы саладағы атқарған еңбегіне ерекше тоқталу қажет.

Халықтар татулығы және ұлттық тарих жылы - деп жарияланған –

6

1998 жылы ұлттық басылымдарды зерттеу ісінде біршама жұмыстар тындырылды . Ең бастысы , Ү. Субханбердина , С. Дәуітов , Қ. Сақовтардың құрастыруымен “Қазақ” газетінің материалдары кітап түрінде жинақ болып басылып шықты /13/. “Ақиқат” журналы өзінің сол жылғы 4-ші санынан бастап “Мұра” айдарымен , жылдық және сандық ретін сақтап , “Қазақ” газетінен үзінділер жариялап тұрды . Жинақ шықпастан бұрын дайындалып басталған бұл жұмыс , жинақ жарық көрген соң да жалғастырылды . Осылай , “Қазақ” сөзі , большевиктер зорлығымен жабылғалы 80 жыл өткен соң , өзінің бүгінгі оқырмандарына жинақ түрінде де , журналдағы жарияланымдар түрінде де жетті .

Қазақстан тарихнамасында бірінші рет жас зерттеуші Қ. Сақов “Қазақ” газеті туралы кандидаттық диссертация қорғады /14/. Сонымен қатар , “Айқап” журналы мен “Қазақ” газеті туралы өз ойын Президент Н. Назарбаевта өзінің 1999 жылы жарық көрген “Тарих толқынында” атты кітабында білдірді /15/. Дегенмен , біздің ойымызша, мұндай ұлттық басылымдарға деген соңғы жылдары кең өріс алған заңды қызығушылық , келешек үлкен істің – сол басылымдардың тарихын терең зерттеу және оларды тарих дерегі ретінде талдау ісінің бастамасы ғана .

Еліміз тәуелсіздік алғаннан кейін , яғни соңғы жылдары жарияланған “Алаш” көсемдері: Ә. Бөкейхановтың , А. Байтұрсынов , М. Дулатовтың аталмыш басылымдарда жарияланған мақалалары енген жинақтары да жұмыстың деректік негізін құрайды . Егер , Ә. Бөкейхановтың “Қазақ” газетінде жарияланған мақалалары , аудармалары және рецензиялары М. Қойгелдиевтің құрастыруымен 1994 жылы жеке кітап түрінде шықса , А. Байтұрсынов пен М.

7

Дулатовтың “Айқап” , “Қазақ” т.б. басылымдарында жарияланған еңбектері , олардың шығармалар жинағына енген .

Бітіру жұмысының деректік негізі: Жұмыстың деректік негізінің бір бөлігін куәгерлердің , яғни ұлттық басылымдар авторларының замандастары қалдырған мәліметтер құрайды . Мысалы , С. Сейфуллиннің мемуарында ұлттық басылымдардың қазақ тарихындағы ең бір күрделі кезеңі 1916-1917 жылдарғы орны мен тарихына қатысты аса маңызды мағлұматтар келтірілсе , М. Әуезовтың еңбектерінде “Қазақ” газетінің ұлт өміріндегі алған орнын анықтауға көмектесетін деректер бар . Ал , Т. Шонанұлының еңбегінде мерзімді басылымдардың өзекті тақырыптарының бірі жер мәселесі туралы көптеген құнды мағлұматтар кездеседі /16/.

Соңғы онжылдықта жариялана бастаған ұлттық басылымдар және Алаш қозғалысының тарихына арналған мақалалар мен монографиялық еңбектер де жұмыстың деректік негізінің үлкен бір бөлігін құрайды . Мысалы , М. Мырзахметовтың /17/, Ғ. Ахмедовтың /18/, М. Құл-Мұхамедтің /19/, С. Өзбекұлының /20/, Ж. Қалиұлының /21/

еңбектерінде мерзімді басылымдар мәліметтерінің деректік маңызын ашуға көмектесетін көптеген фактілі мәліметтер жинақталған . Сонымен қатар , баспасөз тарихына арналған кеңестік тарихнаманың да деректік маңызын жоққа шығаруға болмайды . Методологиялық қателіктерге қарaмастан , олардан алғаш қазақ баспасөзінің тарихын зерттеуге көмектесетін нақты мағлұматтар алуға болады .

Бітіру жұмысының мақсаты мен міндеті: - ХХ ғасырдың басындағы Ұлттық баспасөзімізді қазақ тарихының дерек көзі ретінде талдай отырып , пайдалану .



- “Қазақ газеті” және “Серке” - қазақтың тұңғыш бейресми газеттерін

8

тарихи дерек көзі ретінде пайдалану



- “Айқап” журналы және “Қазақстан” газеттерін талдау

- “Қазақ” газетінің шығуын , қалыптасуын және деректік ерекшелігін түсіндіру .

Бітіру жұмысының құрылымы: Кіріспе , қорытынды бөлімдерімен қатар 2 тараудан ( әр тарау 2 бөлімнен) және пайдаланылған деректер мен сілтемелер тізімінен тұрады.

9

І тарау. Ұлттық-бейресми басылымдар және олардың деректік орны мен ерекшеліктері.


1.1. “Қазақ газеті” және “Серке” – қазақтың тұңғыш ұлттық-бейресми басылымдары
Мерзімді басылым тарихын , әсіресе ұлттық баспасөз тарихын , бүгінгі күн талабына сай , ұлттық мүдде тұрғысынан қайта қарау , төл тарихымызды толықтыра түсері , оларды тарихи дерек көзі ретінде пайдалану бұралаңы мол ХХ ғасырдағы қазақ тарихын тереңірек зерттеуге мүмкіндік берері анық . Өйткені ел тарихының жазба деректер тобына жататын мерзімді басылымдардың , оның ішінде , ғасыр басында дүниеге келіп , бірі қысқа , бірі ұзақ өмір кешкен биресми , ұлттық бағыттағы демократиялық басылымдардың ұлт тарихына байланысты берер мәліметтері, жеткізер деректері мол .

Ұзақ жылдар бойы қазан төңкерісіне дейінгі ұлттық басылымдардың тарихын зерттеуші , олардың мазмұндалған библиографиялық көрсеткішін жасап , мәтіндерін қайта бастыру арқылы бүгінгі оқырманға жеткізуші ғалым Ү. Субханбердина: Революциядан бұрын қазақ тілінде газет , бір журнал шыққан . Олар: “ Түркістан уалаятының газеті ” (1870-1882 ) , “ Дала уалаятының газеті ” (1888-1902) , “ Серке ” (1907) , “ Бірлік туы ” (1917) , “ Қазақ газеті ” (1907), “Дала” (жылы белгісіз ) , “ Қазақстан ” (1911-1913) , “Ешім даласы ” (1913) , “ Қазақ ” (1913-1918) , “ Айқап ” (1911-1915) , “ Алаш ” (1916-1917) , “ Сарыарқа ” (1917) , “ Ұран ” (1917), “ Үш жүз ” (1917) , “ Тіршілік ” (1917) ” , - дейді. /22/

Жалпы ел тарихында , оның ішінде қазақ баспасөзі тарихында

10

өзіндік орын алған , аталған газет – журналдардың алдыңғы екеуі белгілі мақсатпен шығарылған , ресми газеттерге жатса , қалғандары ғасыр басында сап түзеп , ұлт мүддесі үшін күреске шыққан , халқымыздың аяулы азаматтарының , озық ойлы ұлт зиялыларының



саналы іс әрекеттерінің салдарында дүниеге келген ұлттық бағыттағы саяси басылымдарға жатады . Алға қойған мақсаты мен бағыт-бағдарлары , тарихы мен тағдырлары бөлек , сол бір топ басылымдардың алғаш жарыққа шықандары да , ғасыр басындағы өмір шындығымен бетпе-бет кездесіп опат болғандары да “ Серке ” мен “Қазақ газеті ” болды .

Өркениетті халықтар тарихында , олардың ұлттық мүддесіне сай басылымның дүниеге келуі аса маңызды оқиғалар қатарына жатады . Демек , біздің тарихымыз үшін қазақ тілінде шыққан биресми , ұлттық бағыттағы басылымның қай жылы , қай күні жарыққа шыққандығы туралы мәселе , ұлттық маңызы бар принципті мәселе . Сондықтан , осы екі басылымның дүниеге келуі жалпы ұлттық көлемдегі оқиға ретінде , олардың тарихына қатысты деректерді жан-жақты талдауды қажет етеді .

Екі бірдей ұлттық басылымның ғасыр басында бірінен соң бірінің жарыққа шығуының басты себептері біріншіден , француз зерттеушілері А. Беннигсен мен Ш. Лемерсье-Келькежейдің сөзімен айтсақ: “ 20 ғасырдың басында патшалық Россияға деген жеккөрушілік бойын түгелдей билеп алған қазақ зиялыларының ” /23/ отаршылдық езгіге қарсы күресте , жалпы ұлт мүддесі үшін күресте , баспасөздің қажеттігін терең сезінуі болса , екіншіден , бүкіл империяны дүрліктірген бірінші орыс революциясының әсері еді . Ол туралы Серкені шығарушылардың бірі , оның негізгі авторы Міржақып Дулатұлы: “ 1905 жылдан бері біздің
11

қазақ жұрты да басқалардың дүбіріне елеңдеп , олардың ісіне еліктеп ұлт пайдасын қолға ала бастады ” , - деді /24/.

Сол қазақ жұртының қолға алған ұлт пайдасының бірі газет шығару болды . Дегенмен , қазақ зиялыларының өз тілдерінде бейресми газет шығармақ болған алғашқы нақты әрекеттері сәтсіз аяқталды .

Алғашқы бейресми газет шығару мәселесі , тек 1907 жылы ғана мүмкін болды . Осы жылдың көктемінде “ Қазақ газеті ” мен “ Серке ” жарық көрді .

Бұл екі газеттің де өмірлерінің тым қысқа болуына байланысты тарихқа берер дерегі мол болмағанымен , алғашқы бейресми ұлттық басылым ретінде жарық дүниеге келгендігін білдіріп , өздерінің зорлықпен тұншықтырылуы арқылы болса да , соңынан келер ұлттық басылымдарға сабақ болған “Қазақ” газеті мен “ Серке ” халық жадында қалуға тиіс.

Алғашқы қазақ тілінде шыққан тұңғыш газет 1870 жылдың 10 мамырынан бастап Ташкентте шыға бастаған “ Түркістан уалаятының газеті ” екендігі белгілі болса , қазақтың бейресми , ұлттық бағыттағы , бірінші демократиялық газеті қай газет екендігі , оның қай күні шыққандығы әлі күнге дейін толық анықталған жоқ . Ол туралы Х. Бекхожин: 1906 жылы ақпанда “Қазақ газеті” шықты - десе /25/ , зерттеушілер: Қ. Аллаберген , Ж. Нұсқабайұлы , Ф. Оразайлар “Қазақ газеті”, ол 1907 жылдың наурыз айында жарық көрді /26/ - деп , дәл қай күні екендігін айтпайды . Зерттеуші Ә. Әбдіманов: “Серке” - қазақтың биресми , саяси бағыттағы демократиялық баспасөзінің тұңғыш бастау көзі ретінде тарихтан өз орнын алуы керек /27/ - десе , француз тарихшылары А. Беннигсен , Ш. Лемерсье-Келькежей: “Саяси және санаткерлік қақтығыстардың дәл осындай буырқанған сәтінде /28/ - деп ,

12

алғашқы қазақ газеттерінің дүниеге келген уақытын суреттей келе : 1907 жылы қазақ баспасөзі дүниеге келді. Егер Әбдірашит Ибрагимовтың Санкт-Петербургте шыққан “Серкесін” есептемесек , онда 1907 жылдың наурызында Троицкіде Андреев пен Ишмұхамед Иманбаев шығарған “Қазақ газеті” жалпы қазақ баспасөзінің қарлығашы болды деуге негіз бар /29/ , - дейді .



Ал , журналист Т. Боранғалиұлы : “Серке” мен “Қазақ газетінің” не бары бір-бірден нөмірі шыққаның ескерсек , 1911 жылдың қарлығаштары “Қазақстан” газеті мен “Айқап” журналын ұлттық баспасөздің тұңғышы деуге хақылымыз ” /30/- деп , ол екеуін де газет қатарынан мүлдем шығарып тастайды .

Бұған айтарымыз , біріншіден , белгілі бір мерзімде шығып тұрмағанымен , ол екеуінің де көп тиражбен тасқа басылып шығып , көпшілікке таралғаны тарихи факт . Сондықтан , оларды газет емес деп ешкім айта алмайды . Демек , қазақтың тұңғыш ұлттық газеті осы екеуінің біреуі . Екіншіден , баспасөздің маңызы оның шыққан санымен өлшенбейді , ұлтқа сіңірген еңбегімен , ал уақыт контексінде қарасақ , бодандыққа қарсы , ұлт тәуелсіздігі жолындағы күресте көрсеткен ерлігімен өлшенеді . Сондықтан , қазағым деп , елім деп айға шапқан арыстандай мерт болған осы екі газеттің тарихы мен тағдырын тереңірек зерттеу , оларға басқаша көзқарас қалыптастырары даусыз .

Қазақстан баспасөзінің тарихын зерттеушілердің бірі Зарқын Тайшыбай қазақ тілінде жарық көрген алғашқы газеттер “Түркістан уалаятының газеті” мен “Дала уалаятының газеті” туралы айта келе : Кейінгі “Серке” (1907) , “Қазақ газеті” (1911) , “Қазақстан” (1911-1913)
13

газеттері , “Айқап” журналы (1911-1915) – бәрі осы “Дала уалаятының” үлгісімен шыққан , соның ізін басқан баспасөз органдары деп сеніммен айтамыз . Оның осы уақытқа дейін өзіне лайық бағасын ала алмай келе жатуының себебі неде? ” /31/ , - дейді

Мұндағы автордың “Дала уалаяты газетінің” өзіне лайық бағасын ала алмай келе жатыр деген соңғы пікіріне қосыла отырып , “Қазақ газеті” 1911 жылы , демек “Серкеден” төрт жылдан соң шыққан деп көрсетуімен және аталған басылымдардың “Дала уалаятының” үлгісімен шыққан , соның ізін басқан баспасөз органдары деп сеніммен айтқан ойымен келісе алмаймыз .

Біріншіден , “Серкенің” де , “Қазақ газетінің” де 1907 жылдың көктемінде шыққаны анық . Әңгіме тек екеуінің қайсысының бір күн болса да бұрын шыққандығында . Тіптен қазақ егіз туған екі нәрестенің де арасындағы минуттарын санап бірін үлкені бірін кішісі деп жатпай ма? Ол табиғи заңдылық . Олай болса , қазақтың қазақ болғалы , өзі дүниеге әкелген , тұңғыш бейресми-ұлттық газеті қайсысы екендігін неліктен анықтамасқа?

Екіншіден , “Дала уалаятының газетінің” тарихи орнын да , деректік маңызын да жоғары бағалай отырып , оның материалдарын қазақ тарихының дерегі ретінде арнайы зерттеп , тиісті бағасын беру қажеттігін толық қолдаймыз . Бірақ , жоғарыда аталған басылымдардың пайда болу жағынан да “Дала уалаятының газетінен ” бөлек басылымдар болды деп , біз де сеніммен айта аламыз . Егер , олар “Дала уалаятының” үлгісімен шығып , соның ізін басқан болса , “Қазақ газеті” мен “Серке ” бірінші нөмірінен кейін-ақ тұтқындалып жабылып қалмаған болар еді . М. Дулатұлы “Қазақ” туралы: “Кешегі өзгеріске шейінгі тергеу , тексеру ,

тінту , абақты , штрафтан... көзі ашылған жоқ” /32/ – деп жазбаған болар .

14

Сонымен , қазақ тілінде шыққан тұңғыш ұлттық-демократиялық ,



бейресми газет туралы үш түрлі пікір қалыптасқандығын көреміз . Зерттеушілердің көпшілігі “Серкені” қазақтың тұңғыш ұлттық газеті ретінде атаса , екінші бір тобы , дәл қай күні шыққандығын атап көрсетпесе де , “Қазақ газетін” атайды . Ал , үшіншілері “Қазақстанды” ұлттық баспасөзіміздің төл басы ретінде тануды ұсынады .

Серкені” алғаш ұлттық газет ретінде атаған М. Дулатов болатын . Ол 1923 жылы “Еңбекші Қазақ” газетінде: “Мерзімді баспасөз бізде қашан туғаны белгілі . Әр жұрттың , әр мемлекеттің мәдениет майданында ілгері-кейінгінің қатесіз бір өлшеуіші – баспасөз болады . Қай жұрттың баспасөзі күшті болса, өзі де өнерлі екендігі көрінеді , яки қай жұрт өнерлі болса , оның шексіз баспасөзі күшті болатындығы айдай анық ” /33/ - деп жазған .



М. Дулатұлының бұл пікірін ағамыз Д. Исақанұлы бүгін қайталап отыр . Ол 1999 жылы шыққан “Ақиқат” журналының екінші санында: “Қазақ тіліндегі ұлттық бағыттағы газеттер 1907 жылдан бастап шыққан “Серке” мен “Қазақ газеті” болып табылады /34/ - деп , нық сеніммен жазып отыр .

Міне осылай алғашқы ұлттық төл газетіміз туралы пікірлер әр түрлі басылымдарда 80 жылға жуық уақыт бойы айтылып келеді . Дегенмен , оның нақты қай газет екендігі және дәл қай күні шыққандығы туралы нақты дәлелдермен әлі анық айтылмай отыр . Бұл , бір жағынан , ұлттық басылымдар тарихының ел өмірінен алар орнының маңыздылығын

көрсетсе , екінші жағынан , бұл мәселені анықтай түсудің қажеттілігін көрсетеді .

Қазақ газеті” (1907) мен “Қазақ” (1913-1918) газеті екеуі де

демократиялық бағыттағы , ұлттық-бейресми басылымдар болғанымен ,

15

аттары ұқсас , екі басқа басылымдар .



Cеркенің” жарыққа шыққан күні туралы барлық еңбектерде 1907 жылдың 28 марты деп нақты айтылса , “Қазақ” газетінің шыққан күні туралы әр түрлі пікірлер айтылады . Қазақ баспасөзі тарихын зерттеуші белгілі ғалым Х. Бекхожин: “Қазақ газетінің” пайда болуының , оның патша үкіметінің отарлау саясатына қарсы күрес жариялауының , әсіресе , патша үкіметінің ұлт араздығын қоздыру әрекетіне жауап ретінде еврей Хаим Сосновский мен қазақ Ешмұхамет Иманбаев , Жетпісбай Андреевтердің бірлесіп орыс және қазақ газетін шығаруының үлкен саяси мәні бар факт ” - деп , бағалаған , “Қазақ газетінің” мақсаты өз

халқының мүддесі үшін күрес екендігін бүкпесіз айтқандығын , отаршылдық езгіге қарсы ашық күрес жариялағандығын көреміз. Газеттің шықпай жатып жабылуының басты себебі осы екендігі даусыз .

Қазақ газеті” туралы Қ. Аллаберген , Ж. Нұсқабай , Ф. Оразай “Қазақ журналистикасының тарихында (1870-1995 жылдар)”: “Қазақ” газетінің материалдарынан байқалғанындай , ол “солшыл бағыттағы органдардың тактикасын”, яғни революцияшыл бағытты қолдады . Ондағы мақсаты - самодержавиені құлату , буржуазиялық-демократиялық өзгерістер мен бостандық үшін үгіт-насихат жүргізу болды ” /35/ - деп тұжырым жасаған . Әрине , мұндай шындыққа сай келмейтін , ғылыми негізі жоқ тұжырыммен келісу қиын . Өйткені , бір ғана нөмірі шығып жабылып қалған “Қазақ газеті” түгіл 6 жыл бойы дерлік шығып тұрған , 265 нөмірі жарық көрген “Қазақ” та өзінің алдына “самодержавиені құлату , буржуазиялық-демократиялық өзгерістер мен бостандық үшін үгіт насихат жүргізу” мақсатын қойған жоқ.

Патша үкіметінің және оның жергілікті жерлердегі әкімшіліктерінің өз үстемдіктеріне қарсы ашықтан-ашық күрес жариялаған басылымның

16

өмір-сүруімен келісе алмайтығындығы , оны тезірек жабуға ұмтылатындығы келешек газет шығарушыларға сабақ болуға тиіс еді , бірақ бірден олай болмады . “Қазақ газетінің” көзсіз ерлігін де , объективті жағдайды ескеріп өз мақсаттарын бүркемелей алмаған қателіктерінде , тура бір айдан соң , 1907 жылы 28 наурызында “Серке” қайталады.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет