1. 2 "Айқап" журналы және "Қазақстан



бет4/5
Дата04.11.2016
өлшемі0,69 Mb.
1   2   3   4   5

Өз кезегіндегі кеңес үкіметі де “Қазаққа” , оның шығарушыларына қарсы аяусыз күрес жүргізгені белгілі . Бұл күрестің ең алғашқы құрбандарының бірі “Қазақ” газеті болды . Орынборда кеңес өкіметінің орнауына байланысты өзінің бес жылға жуық тарихында “Қазақ” бірінші рет , 1918 жылдың 17 қаңтарындағы , 260 нөмірінен кейін шығуын ұзақ уақытқа тоқтатты . Оны біржола жабу туралы Омбы атқару комитетінің 1918 жылы 4 наурызда Орынбор совдепіне берген телеграммасында: Ввиду того , что киргизский орган партии Алаш Казах является контрреволюционным , открыто выступает против Советской власти , организуя Алаш-Орду , просим немедленно закрыть газету - делінген .

Үш күнге созылған соғыстың нәтижесінде , Орынбор қаласының , 1918 жылдың 20 маусымында , большевиктерден азат етілгеннен кейін ғана , шілденің 23,30-да “Қазақтың” 261,262 , қыркүйектің 5-16-да 263-265-нөмірлері жарыққа шықты . “Қазақтың” өз жұмысына қайта кірісуіне байланысты , оны шығарушыларының және негізгі авторларының бірі Мадияр (М. Дулатов) “Жандарм үкіметтің штрафынан , абақты-айдауынан аман өткен “Қазақты” жауыз большевиктeр қанды қолымен тоқтатып еді,

құдайға шүкір , бүгін жарық дүниеге қайта шығып , ардақты Алашын

44
тағы аралап отыр . Сағынып көрген жұртына “Қазақ” жеті айдан бері көкірегінде байланған шерін тарқатып , көрген-білгенін айтқысы келеді” –дeп жазды .



Газеттің соңғы нөмірлерімен тереңірек танысу оны шығарушылардың келешекке үлкен сеніммен қарағандығын байқатады . Мысалы , “Қазақтың” 1918 жылғы 16 қаңтардағы 265-нөмірінде басқарма: “Январдың 17-нен бері большевиктің кесірінен “Қазақ” тоқталып тұрды . Енді газет жұмысы реттеліп келеді . Мезгілінде шығып тұрады” - деп , өз тілшілері мен оқырмандарын газетпен үзбей байланыс жасап тұруға шақырды . Бірақ өмір басқаша шешті . Бұл нөмір қазақтың соңғы нөмірі болды.

Мерзімді басылымның сипатын , оның қоғамдық-саяси бағытын анықтау және оны есепке алу – оған деректанулық талдау жасаудың , одан алынған мәліметтерді ғылыми-зерттеу жұмыстарында пайдаланудың ең басты және міндетті алғышарты . Ол үшін , алдымен нақты газеттің не журналдың кімнің қаржысына немесе қандай қаражат көздерінің арқасында шығып тұрғандығын анықтау қажет . Себебі басылымның сипаты , бағыт бағдары түптеп келгенде , оның деректік маңызы мен шынтуайттық дәрежесі осы фактормен тікелей байланысты . Сондықтан , бұл кез келген басылымды тарихи дерек ретінде пайдалану барысында ерекше көңіл аударатын принціпті мәселелердің бірі .

Ал , енді өзіміздің негізгі зерттеу обьектісі ретінде қарастырып отырған “Қазақ” газетіне келсек , онда оның қаражат көздері туралы бүгінге дейін үш түрлі пікір айтылып келгендігін көреміз . Біріншісі -газетті қазақтың қалталы байлары бірігіп ақша жинап шығартқан. Сондықтан , ол өзінің сипаты жағынан “байшыл” газет болған . Екіншісі – газет негізінен бір адамның ақшасына шыққан . Сондықтан , ол бір ғана

әулетке тән газет . Үшіншісі – газет байы бар басқасы бар жалпы

45
халықтың қолдауымен , газетті жаздырып алушылардың алдын ала төлеген ақшасына және жарнамадан түскен қаражатқа шығып тұрған , негізінен өзін-өзі қаржыландырып тұрған газет . Сондықтан ол жалпыұлттық сипатта болған газет . Oсы пікірлерге жеке-жеке тоқталып , қай пікірдің шындыққа жақын екендігін қарастырып көрейік .

Газеттің қаражат көздерін арнайы зерттеген Қайрат Сақов “Қазақ” - өзін-өзі қаржыландырған газет” /51/ - деген мақаласында , бірінші пікірді айтқан белгілі жазушы Сәбит Мұқанов екендігін айтады . Ол мақалада жазушының 1932 жылы шыққан “ХХ ғасырдағы қазақ әдебиеті” деген кітабындағы: “Қазақ” газетін шығару үшін қазақ байлары 7 жыл дайындық жасап , 5000 сом ақша жинаған . Оны газет шығарту үшін Смайыл қажы Жаманшаловқа тапсырған . “Қазақ” сол ақшаға шыққан” - деген пікірдің негізсіз екендігін , ондай болжамның сол кездегі уақыт талабына сай пайда болған , тарихи шындықтан алыс , саяси болжам екендігін дәлелдейді.

Газет өмірге келіп , өз жұмысын бастаған соң да үнемі халықтың қолдауын көріп отырды . Ә. Бөкейханов екі жылдан кейін , газеттің екіге толып үшке аяқ басуына байланысты: “Тәңірден соңғы күшті халық қой. Халық қолдаған іс анау-мынаудың қастығымен өшпейтінің көзбен көріп , қолмен ұстағандай болдық... әуелі құдайға сеніп , екінші , құдайдан соңғы күшті халыққа сүйеніп , “Қазақ” алдағы жасына аяқ басты . Қайырлы болсын!” - деп жазды /52/. Мұнда , “Қазақ” газетінің негізгі сүйенері халық екендігі ашық айтылған . Олай болса , газеттің жалпыхалықтық-ұлттық сипатта болуы заңдылық .

Дегенмен , бір қолдың саусақтарымен санап шығуға болатын жылдар аралығында болып өткен қоғамдық құбылыстар тасқыны “Қазақ” газетінің сипатын өзгерте алмағанымен , оның бағыт бағдарына , алдына

қойған міндеттеріне түбегейлі өзгерістер енгізбей қоймады . Уақыт газет

46
шығарушылардан бұрын-соңды еш қазақ кездесіп көрмеген мәселелерді шешуді талап етті . Жер мәселесінің қазақ үшін өмірлік маңызы бар мәселе екендігін , 1916 жылы қазақтан солдат алу мәселесі газеттің өзекті мәселесіне айналды . Ал , 1917 жылдың наурызынан бастап газеттің бағыт-бағдары түбірімен өзгерді . Енді ол Алаш ұлына: “Азаттық таңы атты . Тілекке құдай жеткізді .Күні кеше құл едік , енді бүгін теңелдік !” - деп , ұрандап комитет құру , съез шақыру істеріне кірісіп кетті . Басқа да Ресей халықтары сияқты құрылтай жиналысына көп үміт артып , оған қатысатын қазақ депутаттарын сайлау жұмысымен айналысты . Баспахана сатып алып , келешекке үлкен үмітпен қарады .

Бірақ , “Қазақтың” мұндай шуақты күндері ұзаққа бармады . Сол жылдың күзінде Ресейдің орталығында орын алған қазан төңкерісі “Қазақ” газетінің бағыт-бағдарына кезекті өзгерістер енгізді . Енді ол өзінің бар күш жігерін большевизмге қарсы күреске арнады . Олардың демагогиялық желауыз сөздерін әшкерелеп , ұлтының көзін большевиктердің тарапынан төнген қауіпке жеткізуге тырысты . “Аттан Алаш азаматы !” - деп ұран тастап , қазағына: “Жауың - большевик... Ортақ жау – большевикке қарсы жорыққа аттану кеудесінде жаны , денесінде бабалары түріктің қаны болған алаш азаматына парыз” - деп , халықты қазақ жеріне күштеп орнатыла бастаған кеңес өкіметіне қарсы күреске ұйымдастыру ісімен айналысты .

Міне осылай , айналасы бірнеше жылдың ішінде ғана қоғамда болған күрделі саяси өзгерістер “Қазақ” газетіне өзінің бағыт-бағдарына , алдына қойған мақсаттарына , Ұлт мүддесінен шығып , бірнеше рет түбегейлі өзгерістер енгізуге мәжбүр етті .

Сонымен , “Қазақ” газетінің өзінің объективті негізі – қаражат жағынан да , атқарған іс-әрекеттері жағынан да жалпыұлттық газет

болғандығы , оның қалыптасқан әрбір объективті тарихи жағдайдағы ,

47
нақты бағыт-бағдары , алдына қойған мақсаттары ұлт мүддесінен туындағаны анық .

Қайталанбайтын деректердің деректік маңызы , олардан алынатын ақпараттың ғылыми құндылығы , сол деректерді жасаушы субъектерге тікелей байланысты . Мерзімді басылымдарда субъектерге редакторлар , авторлар , тілшілер жатады . “Қазақ” газетінің бетінде , бес жылдан астам уақытта , жүздеген авторлардың мақалалары жарияланғанымен , оның бастан аяқ негізгі шығарушылары және тұрақты авторлары Ахмет Байтұрсынұлы , Міржақып Дулатұлы және Әлихан Бөкейхановтар болды және жинаққа енген материалдардың 53 процентке жуығын жазғандар да осылар .

Бүгінгі күні - тәуелсіз Қазақстанның төл тарихының қалыптасу кезеңінде , өз бастауымызға көз салсақ , А. Байтұрсынұлының тарих туралы , әсіресе тарих ғылымының аса бір күрделі саласы , тарихи деректану ғылымы туралы айтқан ойлары , пікірлері өзінің дәлдігімен , ғылыми құндылығымен ерекшеленетіндігін байқауға болады .



Тарих ғылымының негізін тарихи деректер құрайтындығын , деректерде салынған ақпараттарды алып , ғылыми еңбектерде пайдалану үшін тарихи деректану ғылымның қажеттілігін , “Шежіре , заман хат , өмірбаян , мінездеме – бәрі де тарихтың жемі есебіндегі нәрселер . Тарих олардың айтқанының бәрін ала бермейді . Аударып , ақтарып түрлі жағынан қарап , түрлі мағлұматтармен салыстырып , сипатталған мағлұматтарды ғана алады” - деп , қарапайым ғана сөздермен , аса маңызды ғылыми проблеманың шешімін түсіндіре білді .

Қазақ” газетінің авторларының жалпы саны 200-ден асады . Тек жинақта келтірілген “Ашылмаған бүркеншік есімдер” - деген тізімде 109 “Қазақ” авторларының әлі ғылымға белгісіз бүркеншік аттары көрсетілген.



Солардың бірі мазмұндылығымен , ұлттық мерзімді басылым беттерінде

48
көтерген мәселелерінің маңыздылығымен , өзіне еріксіз көңіл аудартқан мақала жазған , “Қазақ” газетінің 2-ші нөмірінен бастап бірнеше нөмірлерінде (№№ 3,5,7,9) Қазақтың тарихы” - деген көлемді де қызықты , танымдық маңызы жоғары мақала жариялаған “Түрік баласы”.

Қазақ” газеті халықтың рухани және ақшалай қолдануымен шыққан, ұлттық сипаттағы бейресми басылым . Оның негізін қалаушылар және негізгі авторлар А. Байтұрсынов , Ә. Бөкейхан , М. Дулатов және басқалар болды .

2.2. “Қазақ” газеті мәліметтері – бірінші дүниежүзілік соғыс қарсаңындағы қазақ қоғамы өмірінің дерегі


Қазақ” газеті жарыққа шыға бастаған 1913 жылдың әлем халықтарының тарихына І-ші дүниежүзілік соғыс қарсаңындағы соңғы бейбіт жыл ретінде енгендігі белгілі . Әрине бұл кездейсоқтық болғанымен , ғылым үшін маңызы зор сәйкестік . Басқа да мемлекеттер тарихы тәрізді , Ресей империясының тарихында да 1913 жыл , ел өмірінің белгілі бір кезеңінің аяқталғанын көрсетеді ерекше жыл ретінде тарихнамаға енді . Кеңес өкіметінің ұзақ жылдар бойы , өздерінің қол жеткізген табыстарын 1913 жылдың көрсеткіштерімен салыстыруы соның бір дәлелі . Соғыс өрті қазақ даласын тікелей 1916 жылдың жазында шарпығанымен , қазақтардың да соғысушы елдің құрамындағы халықтардың бірі болғандықтан , ол әлемдік оқиғадан тыс қала алмағандығы , 1914 жылдың күзіне қарай басталған соғыстың , белгілі бір дәрежеде , Қазақстанға да өз әсерін тигізетіндігі түсінікті . Демек , 1913 жыл қазақтар үшін де соңғы бейбітшілік жылы болды деп айта аламыз . Ал , соғыс аяғы неге ұласқанын , қандай қоғамдық сілкіністер мен әлеуметтік қақтығыстарға әкеліп соқтырғанын , қорытындысында

49

Ресейдің , онымен бірге Қазақстанның да , адамзаттың жалпы даму жолынан ауытқып , басқа бағытта кеткенін ескерсек , онда соңғы бейбіт жылғы ел өмірін тереңірек білудің қажеттілігі арта түседі . Ол бізге басқалармен бірге ортақ соқпақпен қай жерге дейін келгенімізді , адамзаттан қай тұста бөлініп қалғанымызды айқындауға көмектеседі. “Қазақ” газетін алғашқы әлемдік соғыс қарсаңындағы еліміз тарихының дерек көзі ретінде талдаудағы мақсатымыз да осында .



І-ші дүниежүзілік соғыс қарсаңындағы Қазақстан тарихынан мағлұмат беретін , әр түрлі формада (ауызша , жазуша , фото , кино , дыбыс т.б.), әр түрлі мақсатта (ұлттық , топтық , таптық т.т.) пайда болған деректер баршылық . Дегенмен , олaрдың бәрі бірдей соңғы уақытқа дейін ғылыми айналымға түскен жоқ . Тек солардың бір бөлігі ғана , үстем ұлттың мүддесіне сай , дәлірек айтсақ , орыс тілінде дүниеге келген деректер ғана , таптық тұрғыдан қаралып , кеңестік тарихнамада ғылыми айналымға молынан тартылды .

Ал , екінші бір бөлігі , яғни қазақ тілінде дүниеге келген ұлттық деректеріміз саналы түрде назардан тыс қалдырылды . Осындай , тарихты тануды кеңестік өлшеміне сай келмегендіктен , өткенді өлшеп-пішудің большевиктік қалпына симағандықтан тарих дерегі ретінде пайдалануға қатаң тиым салынған , төл жәдігерлеріміздің бірі және бірегейі “Қазақ” газеті болды .

Халық өміріне қатысты тарихи деректердің көбі соғыстарға байланысты пайда болғандықтан , әр алуан соғыстар тарихы тереңірек зерттеліп , ал сол халықтың негізгі тарихын құрайтын бейбіт тіршілігі , күнделікті қарапайым жасампаздық істері зерттеуші назарынан тыс қалып қояды . Мұндай тарихты зерттеудегі біржақтылық қазақтарға да тән . Ол туралы Президент Нұрсұлтан Назарбаев өзінің “Тарих толқынында” деген еңбегінде: “Халқымыздың тарихы – соғыстардың , 48

50
әскери жеңістер мен жеңілістердің ғана тарихы емес . Оның қашаннан да жасампаздық сипаты бар . Мемлекет құрып , оны нығайту , қалалар салу , керуен жолдарын тарту , ғылыми трактаттар жазу , төл мәдениетін қалыптастыру – бәрі-бәрі де жасампаздыққа жатады” - деп жазды /53/.



Біз зерттеу объектісі ретінде қарастырып отырған уақыттағы халқымыздың жасампаздық істерінің нақты көрінісінің бірі , әрі дерегі сол “Қазақ” газетінің өзі . “Қазақ” сияқты қай жағынан қарасаң да деңгейі биік мерзімді басылым шығарып тұру , бір жағынан , төл мәдениетіміздің дамуының айқын дәлелі болса , екінші жағынан , беттерінде ел өмірі әр түрлі қырынан бейнеленген ұлттық жазба дерегіміздің пайда болуы болып табылады .

Қазақстанның ХХ ғасырдың бас кезіндегі мәдениеті мен әдебиеті” деген топқа 1913 жылы шыққан , осы мәселелерге арналған 18 мақала енген . Оларда: қазақ халқының соғыс қарсаңындағы мәдени өмірі , ұлттық ойын-сауықтары , салт-дәстүрі , әдебиеті , тілі , өнері-білімі туралы жазылған . Әсіресе , сол жылдары дүниежүзілік саясаттың орталығына айналған Еуропа туралы мақалалар көптеп жарияланғанын байқауға болады . Құрамына қазақтарды қосып алған Ресей мемлекетінің тарихына, оның басқа елдермен жасаған байланыстарына , Балқан соғысына қатысты 19 арнайы мақала енген . Газеттің жиырмадан астам нөмірінде “Сыртқы хабарлар” , 6 нөмірінде “Соғыс жайынан” материалдар басылған .

Қазақ” газетінің бірінші күннен бастап ерекше көңіл бөліп , өз бетінде үздіксіз көтерген мәселесінің бірі оқу-ағарту , білім беру , жалпы халықтың рухани өмірі туралы мәселесі болды деп айтуға болады . Тек , 1913 жылы ғана апталықта оқу-ағарту ісі бойынша 30-дан астам

арнаулы мақалалар басылған .Оқу жайы “Тілшілер сөзінде” , “Ішкі хабарларда” айтылып тұрған . Олар да маңызды дерек көзі болып 51
табылады .

Зерттеуші Ө. Әбдіманов газет алдына қойған мақсаттарды шартты түрде: саяси-әлеуметтік мәселелер , шаруашылық-экономикалық мәселелер және мәдени-ағартушылық мәселелер деп үш желіге бөле отырып: “Газеттің осы мәселеге қатысты жарық көрген мақалаларын негізінен үш публицист жазып және дайындап отырғаны талассыз шындық . Олар Ахмет Байтұрсынов , Міржақып Дулатов , Әлихан Бөкейханов . Қай-қайсысы да кез келген тақырыпқа жаза алар хас шеберлер болғанымен де Әлихан көбінесе саяси-экономикалық , Ахмет – мәдени ағартушылық , Міржақып әдебиет пен өнер мәселелеріне көбірек барғаны “Қазақ” беттерін ақтарғанда көзге айқын түседі . “Қазақтағы” көптеген бас мақалаларды Ахмет Байтұрсынов жазған және бас жазушы ретінде қандай бір мәселе болмасын өзіндік пікірін , өзіндік көзқарасын білдіріп , газеттің бағдар-бағытын айқындап отырған . Оның кейінірек “батысшылдық” тобының идеологы атануы себепші болған көбіне-көп осы “Қазақтағы” мақалалары арқылы танылуы болса керек-ті” - дейді .

Иә , өмірдің қай саласынан болмасын қалам тарта білген бұл үш арыстың жазған мақалаларының өзіндік ерекшеліктері болғандығы рас . Газет материалдары үшеуінің ұлт алдында тұрған өзекті мәселелерге көбіне бірдей көңіл бөліп , газет бетінде көтере білгендіктерін де білдіреді . Мысалы , қазақтың мәңгі уайымы жер мәселесі “Қазақ” газетінің де ең өзекті мәселесіне айналған . Жерге қатысты мақалалардың көбін ғасыр басындағы осы мәселенің ел таныған маманы Әлихан Бөкейхан жазған . Дегенмен , мәселенің өте маңыздылығына , өткір қойылуына байланысты Ахмет Байтұрсынұлы сол жылғы газетке “Қазақ жерін алу турасындағы низам” , “Жер жалдау жайында” , “Көшпелі һәм отырықшы норма” сияқты мақалалар жазды . Жер мәселесі Міржақып Дулатұлының “Земство не нәрсе” атты мақалалар сериясында да

52
айтылған . Газет шыға бастаған бірінші жылы қазақ зиялыларының арасында қызу талас тудырған бас қосып , съез өткізу мәселесі туралы да үшеуі бірдей арнайы мақалалар жазған . Апталық бетінде жарияланған басқа да мақалалар сияқты , бірінші дүниежүзілік соғыс қарсаңындағы қазақтардың саяси-әлеуметтік , экономикалық және мәдени өмірі туралы мақалалардың да көпшілігін сол үш публицист жазған . Бұл жағдай бір жағынан , зерттеу объектісіне қатысты газет материалдарының шынайылық дәрежесінің жоғары екендігін көрсетсе , екінші жағынан , неліктен мақалалардың көбін үш-ақ адам жазған? – деген сұрақ тудырмай қоймайды .



Оның ең басты объективті себебі , басқарма халықтан газетке мақала жазып тұруды қаншама өтінгенімен , жалпы жұрттың газетке мақала жазатындай білім дәрежесінің , сауаттылығының болмауы . Сонымен қатар, оның бірнеше субъективті себептері бар . Біріншіден, халық арасында еңбек етіп жүрген оқығандарымыздың бойындағы қазаққа тән енжарлық пен жалқаулық , оларға ел хабарын айтып газетке хат жазып отыруға кедергі болған сияқты .

Екіншіден , басқарма тарапынан газетке хабар жазушыларға бірінші күннен бастап қойылған қатаң талап , көптеген авторлардың мақалаларының газет бетінен орын алуына кедергі болған сияқты .

Үшіншіден , апталыққа мақала жазып тұруға мүмкіндігі бар хат білетін аталарымыздың бір бөлігі хатты басқармаға емес , басқарманың үстінен басқаларға жазып тұрған . Дәлірек айтсақ , олар газет шығарушылардың үстінен тиісті орындарға арыз жазумен айналысқан . Ол , әрине , газет ісіне өз зиянын тигізбей қойған жоқ . Басқарма газет шығарумен қатар өз аттарына айтылған өтірік , өсек , жаламен де күресуге мәжбүр болды . Дүниеде екі әділ сыншы бар: халық һәм тарих. Бұл екеуі де кімнің қайда жүргенің тексермейді , кімнің не істегенің тексереді , мұны

53

ұмытпасқа керек” - деп жазса , кейінірек Міржақып Дулатұлы өз жақындарынан көрген қорлығы туралы: “Жәбірді жаудан көргеніміз жоқ жақыннан көрдік . Бізге ең қиын жанымызға батқаны жаудың жақыннан шыққаны болды” - деп жазды . Осындай және басқа да себептер басқарма мүшелеріне газет шығару ісін негізінен өз қолына алуға мәжбүр етті .



Бұл газет шығаруға өз үлестерін қосқан басқа да ондаған Алаш азаматтарының еңбектерін жоққа шығарғандық емес , “Қазақ” солардың арқасында толық қанды ұлттық басылымға айналды . Дегенмен , ошақтың үш пұтындай “Қазақтың” негізгі үш тірегі Әлихан Бөкейхан , Ахмет Байтұрсынұлы және Міржақып Дулатұлының болғандығы тарихи шындық .

Сонымен қатар ерекше көңіл аударатын тағы бір нәрсе , ол Абай шығармашылығының газет авторларына , солар арқылы газет мазмұнына тигізген оңды ықпалы , үлкен әсері . Абай даналығының “Қазақ” газетіне, оның тіліне , сөзіне мазмұнына тигізген әсері арнайы тақырып ретінде зерттеуді қажет ететін күрделі проблемалардың бірі .

ХІХ ғасырдың соңы мен ХХ ғасырдың басындағы қазақ қоғамын өз шығармаларында Абайдай дәл бейнелеп , қалың елі қазағының өмір-салтын , тұрмыс-тіршілігін , бар бітім болмысын Абайдай дәл суреттей білген адам кемде кем . “Қазақ” газетінің “әсерлі анық сөздері” туралы Мұхтар Әуезов: “Сол уақыттарда “Қазақ” газетінің бетінен анда-санда оқып отырған әсерлі анық сөздер қауіптің пішінің айқын қылып көрсетіп , мектeптегі жас балалардың сезімін түзу жолға беттеткендей болушы еді . Жас буынның жаңа туып келе жатқан әлсіз ойын “жол мұндалап” , жетегіне алып бара жатқандай байқалушы еді” - дейді .

Демек , Абай туындылары мен “Қазақ” газетінің басты ортақ қасиеттері екеуінің де қазақ өмірі туралы ақиқатты анық айта

54
білгендері, олардың ел тарихының дерегі ретіндегі маңыздылығы , шынайылық дәрежелерінің жоғарылығы және өзара үндестігі . Кезінде Абайды ойландырған , ақын жанын күйзелткен мәселелердің көбі “Қазақ” газетінің де өзекті мәселелеріне айналды . Абай сынына ұшыраған қазақ қоғамынан орын алған келеңсіз көріністер апталық беттерінде де сыналды .

Қазақ” газетінің материалдарының деректік маңызына , ондағы ақпараттардың шынайылық дәрежесіне әсер еткен факторлардың тағы бірі , апталықтың рухани қайнарының бастауын Абайдан алуы деп айта аламыз . Екіншіден , газетті шығарушылар Абайдан тек рухани нәр алып қана қойған жоқ , сонымен қатар , олар газетте Абай шығармашылығына арналған мақалалар жариялау арқылы абайтану ғылымының қалыптасуына да өз үлестерін қосты . Газет редакторының: “Абайды қолымыздан келгенше қадірлі жұртқа таныту үшін мұнан былай кейбір өнегелі , өрнекті сөздерін газетаға басып , көпке көрсетпекшіміз” /54/ - деген сөздерін орындап “Қазақты” екінші Абай мектебіне айналдырды . Осылай газет арқылы Алаш зиялылары Абай ісін әрі жалғастырды .

Дегенмен , ескертетін бір жағдай , ол Абай мен оның ісін жалғастырушылардың мақсат-мүдделері , арман тілектері бір болғанымен , олардың өмір сүріп , өз туындыларын дүниеге әкелген орталары мен қолданған күрес тәсілдерінің бөлек болғандығы . Ал , оның ізбасарларының Абаймен заманы бір болғанымен өскен орталарының басқа болғандығы тарихтан белгілі . Сондықтан олардың таңдаған күрес жолдары да басқаша болды . Олардың біразы империя орталығында білім алып , сонда саяси қозғалыстарға қатысса , біразы басқа қалаларда өсіп жетілді , 1905-1907 жылдардағы саяси толқуларға араласып , күрескерлер ретінде қалыптасты , абақтыларда шыңдалды . Мұның бәрі оларды сол кездегі күрестің өркениетті елдерге тән түріне – газет шығаруға алып

55
келді . Бұл тәсіл көп ұзамай-ақ өзінің тиімді тәсіл екендігін іс жүзінде көрсетті . Осылай , Алаш ардагерлері Абай ісін жаңа жағдайда жалғастырып , жаңа деңгейге көтере білді .



Баспасөздің ұлт мүддесі үшін күресте пайдалы да тиімді екендігін мына фактілерден де байқауға болады . Егер , Ахмет Байтұрсынұлы өзінің Абай өлеңдерімен тек 1903 жылы ғана танысқандығын айта келе: “Ақмоламен сыбайлас Торғай облысында Абайды білетін адам кем , тіпті жоқ деп айтсақта боларлық . Олай болуы сөзі басылмағандықтан , Абайдың сөздері кітап болып басылып шыққанша Абайдың аты да , сөзі де Торғай облысында естілмеуші еді” /55/ - десе , “Қазақ” газетінің бірге толып екіге аяқ басуына арнап жазған мақаласында: “Дүниеге шығып көрінуі мұң-ақ екен , жұрт жабылып көтермелеп кетті . Сондықтан бастауға себепкер біздер болсақ та , жүргізуге себепкер болған жұртқа кірген саңылау һәм сана , яғни ішіндегі саңлаулы , саналы адамдар . Жұрт азаматтарының бірсыпыралары пұл жағынан , бірсыпыралары қалам мен білім жағынан , бірсыпыралары екі жағынан да жәрдем етті , баршаларына жұрттың тілі болып , тұрған “Қазақ” атынан тәңір жарылқасын айтасыз !” - деп , Абайды да , “Қазақты” да , жұртқа танытқан баспасөз екендігін атап айтты . Бұл мысалдар баспасөз құдіретінің айқын дәлелі .

Газеттің 1913 жылдың басынан бастап шыға бастауы оны , өзінің еркінен тыс , бірінші әлемдік соғыс қарсаңындағы соңғы бейбіт жылғы қазақтардың саяси-әлеуметтік , экономикалық және мәдени өмірінің құнды дерегіне айналдырды . Сол жылғы апталық бетінде жарияланған материалдарға талдау жасау , оның мынадай деректік ерекшеліктері болғандығын көрсетеді:

Біріншіден , газетте басылған мақалалар ел өмірінің барлық жағын

дерлік қамтыған . Сондықтан , зерттеушілер олардан ұлтымыздың

56
аласапыран алдындағы бейбіт өміріне , күнделікті тұрмыс-тіршілігіне қатысты өздерін қызықтыратын мағлұматтар ала алады .

Екіншіден , газетте жарияланған мақалалардың басым бөлігін , ел жағдайының терең білгірлері , халқымыздың ойлары озық , қаламдары жүйрік азаматтары Әлихан Бөкейхан , Ахмет Байтұрсынұлы және Міржақып Дулатұлы үшеуінің жазғандығы . Бұл фактордың газет материалдарының тарихи дерек ретіндегі шынайылық дәрежесінің жоғары болуына әсер ететін негізгі фактор болғандығы .

Үшіншіден , Абай шығармашылығының , Абай даналығының газеттің негізгі авторларына , солар арқылы газетке тигізген оңды ықпалы . Абай ісі , Абай ойы мен тілінің , газет ісі , газет ойы , газет тілімен сәйкестігі .

57

Қорытынды


Каталог: wp-content -> uploads -> 2013
2013 -> Ф 7 –007-02 Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
2013 -> Мазмұны Кіріспе–––––––––––––––––––––––– 3-9
2013 -> Мазмұны Кіріспе Тарау -I. Кеңестік шығармашылық интеллигенциясы калыптасуының бастапқы кезеңІ
2013 -> Жанғабыл Қабақбаев, Қазақстан Республикасы журналистер Одағының
2013 -> Әл Фараби дүние жүзілік мәдениет пен білімнің Аристотельден кейінгі екінші ұстазы атанған. Ол данышпан философ, энциклопедист ғалым, әдебиетші ақын, математик. Әл Фараби 870 ж
2013 -> Өмірбаяны ІІ негізгі бөлім
2013 -> Ф 15-07 Қазақстан Республикасының білім ЖӘне ғылым министрлігі
2013 -> Кіріспе. Жұмыстың жалпы сипаттамасы. Дипломдық жұмысының өзектілігі


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5


©engime.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

енгізу | тіркеу
    Басты бет


материалдарды жүктеу