Ол туралы қазақтың тұңғыш журналы “Айқаптың” редакторы М.Сералин , журналдың 1911 жылғы шыққан 1-санының бас мақаласында: “Соңғы замандарда біздің қазақ жұртында аз-мәз тіршілік көрсетіп газет шығара беруді қолға алып қараса да не себепті іске ұқсатып шығара алмайды . 1907 жылы ІI Мемлекеттік думаның жиынымен Шәһмәрден
Қошығұлов “Серке” есімді журнал шығара бастап еді . Ұзаққа бармай , үкімет тарапынан тоқтатылды .
Сол жылы Троицкіде Есмағамбет Айманбаев “Киргизская газета” есімді орысша-қазақша бір газет шығармақ болып , алғашқы нөмірді шығарды да тоқтатты...” , - дейді.
1907 жылы шыққан “Нәжет” (Азаттық) деген жинақта “Серке” атты екі жетілік газеттің... 28 мартта бірінші саны шықты . Ол “Улфат” газетінің 67 санына қосымша болып шықты” /36/ - деп айтылған . Кейбір деректерде “Серкенің” 3-4 саны шықты деп айтылғанымен , әр түрлі деректерді салыстыру оның 1907 жылы 28 мартта (ескі стиль бойынша) бір саны шығып таратылып , екінші санының дайындалып , бірақ таратылып үлгермей тұтқындалғанын көрсетеді . “Серкенің” не жазғаны , не айтпақ болғаны , жалпы бағыт-бағдары мен мақсаты , неліктен “Серке” атанғандығы туралы газет шығарушылардың бірі , оның 22 жасар албырт авторы Міржақып Дулатовтың , газеттің бірінші санында жарияланған “Жастарға” деген өлеңі мен екінші санында даярлаған “Біздің
17
мақсатымыз” атты бас мақаладан көруге болады .
Өлеңнің бірінші шумағында:
Найзаменен түртсе де,
Жатырсың, қазақ, оянбай.
Мұнша қалың ұйқыны
Бердің бізге, ой, аллай-ай!
десе , соңғы шумағында:
Халыққа, жастар, басшы бол!
Қараңғыда жетектеп.
Терең судан өтер ме,
Мың қойды серке бастамай?
дейді /37/.
Бірінші шумақтан М. Дулатовтың бүкіл саналы өмірінің басты мақсатына айналған , қалың ұйқыдағы қазағын оятудың әрекеті байқалса , соңғы шумақта жастарға , қараңғыда халқына жол көрсетер , қой бастаған серкедей , халқын соңына ертер деген үміті байқалады . Және де , осы шумақтан газеттің неліктен “Серке” атанғандығын байқау да қиын емес .
Патшалық Россияның астанасы Петербургта басылып шыққан, алғашқы ұлттық басылымдардың бірі “Серкенің” 2-ші санында , “Арғын” деп қол қойған М. Дулатов “Біздің мақсатымыз” деген мақаласында:
“Қазағым менің, елім менің!
Ең алдымен қазақ халқы – Россияға тәуелді халық... Оның ешқандай правасының жоқтығы ыза мен кек тудырады . Халықтан жиналатын салық қаражатының көп бөлігі халыққа тіптен де керек емес нәрселерге жұмсалады...
... Өздеріңіз көз жазбай байқап отырғандай... Чиновниктер , урядниктер кедей қазақтарды ұрып-соғып , мал-мүлкін тартып , ойына не келсе соны
18
істеді...
Енді бұл чиновниктер қазақ даласына мыңдаған мұжықтарды жер аударып , қазақтардың даласына суы мен шұрайлы жерлерін тартып , әперуде .Чиновниктерді арқаланған олар өздеріне жайлы қазақ жерлерін еркін иемденуде . Тұтас ауыл болып келсе бұлар сорлы қазақтарды ұрып-соғып бар мал-мүлкін тартып алып кетуде...
Қазақ жеріне бұл мұжықтарды не үшін жер аударды... Әлде Россияда жер аз ба? Шұрайлы жер аз емес , бірақ бәрі байлардың, дворяндардың , помещиктердің қолында , олар өз жерлерін ешқашан тегін бермек емес , ал аштан өлуге шақ жүрген мұжықтардың оны сатып алуға шамасы жоқ . Түрлі деңгейдегі министрлер , жоғары чиновниктер мен генералдар Россияда көбейіп келе жатқан мұжықтардан құтылу үшін оларды біздің қазақтардың арасына жер аударуда...” , - дейді .
Кезінде Петербург баспасөз істері комитеті , “Полицияға түскен мәліметтер бойынша , бұл қазақ халқын өкімет орындары мен оның өкілдеріне қарсы күреске шақыратын “барлық қазақ халқына арналған үндеу сияқты” - деп “өте жоғары бағалаған”, сондықтан , “газеттің осы нөміріне қатысты барлық адамдар жауапқа тартылсын” - деп шешім қабылдаған , өзінің батылдығымен бүкіл Петербург полициясын дүрліктірген мақаланың одан арғы тағдыры туралы міржақыптанушы ғалым Марат Әбсемет былай дейді: “Полиция қанша іздегенімен мақаланың лақап атпен жүрген авторын таба алмады. Полицияның заңсыз әрекеттері ақын жанына қатты батты ”.
1912 жылы Петербургтегі баспасөз комитетінің кеңесшісі В.Д. Смирнов Міржақыптың тәркіленген кітаптарын қарап отырып , одан кезінде үлкен шу болған “Біздің мақсатымыз” деген мақалаға тән тәсіл мен ұқсастықты аңғарып қалады . Тез арада архивтен “Улфат” газеті мен
19
оның қосымшасы “Серке” алынып , сот палатасының шешімі бойынша
1913 жылғы мамырдың 15- күні ол жойылды” .
Санкт-Петербург мемлекеттік тарих мұрағатының қорында сақталған құжаттарға негізделіп жазылған бұл ақпарат “Біздің мақсатымыздың” патша сақшыларының есінде жақсы сақталғандығын білдіреді .
Сонымен , ғасыр басындағы қазақ баспасөзін талдау , барлық бейресми, ұлттық басылымдардың өзегі болған негізгі мәселелер – жер мәселесінің , қалың ел қазақты ұйқыдан ояту мәселесінің , баспасөз бетінде , алғаш осы екі газетте көтерілгенін , бұқаралық ақпарат құралдарының бірі – газетті ұлт мүддесі үшін , азаттық үшін күрес жолында пайдалану әрекеті солардан басталғанын көрсетеді . “Қазақ газеті” мен “Серкенің” көзсіз ерлікке тең бұл істері қазақ даласында ізсіз , бекер кеткен жоқ . Көптеген қазақ зиялыларына қозғау салумен қатар , олар , баспасөз арқылы отаршылдық езгіге қарсы күрес жүргізудің алғашқы қадамдары
ретінде , келешек бейресми , ұлттық бағыттағы газет шығарушыларға сабақ та болды деп айта аламыз . Өйткені , алғашқы газеттер тағдыры түпкі мақсатқа жету үшін көп қиындықтар мен шығарылған басылымды сақтай білудің керектігін , кейде , айла-тәсілдерге барып , өз ойларын бүркемелей білудің қажеттігін көрсетті . Сөйтіп , кейіннен шыққан “Қазақстан” , “Айқап” , “Қазақ” сияқты басылымдардың едәуір өміршең болуына әсер етті.
Ондай тұжырым жасауға , біздің ойымызша , бірнеше негіз бар . Біріншісі , аталған басылымдарды шығарушылардың “Қазақ газеті” мен “Серкенің” тарихын да , тағдырын да жақсы білгендігі . Жоғарыда айтқанымыздай , “Айқап” журналы редакторының бірінші санындағы бас мақалада солар туралы айтуы соның бір дәлелі. Екінші дәлел , “Серкенің” негізгі авторы Міржақып Дулатұлының “Қазақ” газетінің
20
шығарушыларының бірі болуы . Демек , ол өзінің “Серкеден” алған
сабағын ескерері түсінікті .
Екіншісі , “Қазақ газетінің” бірінші санының , бірінші жолдарында “Заманына қарай амалы” - деген сөз бар . Мұның мағынасы – заманның түріне қарап іс істеу” , - деп басталып , сол өздерінің заманын: “Төңірекке қарасақ түнерген-түнерген бұлттар көрінеді . Түбі қандай белгісіз . Не боларын білмейміз” , - деп суреттеуі . Бұл жерде , Ахмет Байтұрсыновтың өзін қоршаған ортаның , саяси құбылыстың көрінісін , осылай , жұмбақтап жеткізуге , “заманына қарай амал” қылуға , мәжбүр болып отырғандығы талас туғызбас деп ойлаймыз.
Үшіншісі , қазақтардың ХХ ғасыр басындағы ұлт азаттығы жолындағы күрестің танымал көсемі , “Қазақ” газетінің негізгі авторларының бірі Әлихан Бөкейхановтың 1913 жылы “Қазақ” газетінің 24-санында “Ашылып ақыл жазатын қалім бар ма? Көкіректе сайрап тұр, қолымды заман байлап тұр” - деуі.
Бұл мысалдар кейінгі мерзімді басылымдарды шығарушылардың “Қазақ газеті” мен “Серкенің” сабақтарын , тарихы мен тағдырларын ескеріп , өздері өмір сүрген уақытпен , қалыптасқан объективті жағдаймен санасуға мәжбүр болғандығын көрсетеді .
Сонымен , тарихы мен тағдыры судың екі тамшысындай ұқсас , “Қазақ газеті” мен “Серке” қазақ халқының алғашқы биресми , ұлттық газеттері ретінде баспасөз тарихынан өз орнын алуға толық құқылы . Егер , бүгінгі ұрпақ алдында тұрған ең басты , ең қасиетті міндет еліміздің тәуелсіздігін сақтау болса , ғасыр басындағы аталарымыз алдында тұрған ең басты , ең қасиетті міндет еліміздің тәуелсіздігіне қол жеткізу болғандығы белгілі . Демек , сол кезеңдегі құндылықтың бәрі де
сол міндет, сол мақсат жолында еткен еңбекпен , төккен термен
21
есептелінуі әділеттілік . Олай болса , қазақ зиялыларының тәуелсіздік үшін күрес жолында тұңғыш рет қолданған ұлттық , бұқаралық ақпарат құралы ретінде де екеуінің орны ерекше .
Ақырында , бір-ақ қана нөмірлерінің шығып үлгергеніне қарамастан , екеуінің де тарихы мен тағдыры , қазақ халқының азаттық жолындағы күресі тарихының бір көрінісі ретінде , екеуі де сол күрестің құрбандары ретінде халық жадында мәңгі қалуға тиіс . Ал , екі газеттің қайсысы бірінші болып жарық көрді? – деген принципті сұраққа келсек , онда бірінші шыққан “Қазақ газеті” . Ол “Серкеден” тура бір ай бұрын шыққан . Сондықтан “Қазақ газетінің” шыққан күні ескіше 28 ақпан , жаңаша 13 наурыз (1907 жылы ақпан айы 28-мен аяқталған) қазақтың тұңғыш ұлттық бейресми газеті шыққан күн ретінде тарихқа еніп, ұлттық күнтізбектерден , дайындалып жатқан Қазақ энциклопедиясынан өз орнын алуы тиіс .
Қазақ халқының жоғын жоқтап , мүддесін қолдаған , елдің елдігін , ұлттың бірлігін , жерінің тұтастығын қорғаған ұлттық-бейресми басылымдардың пайда болуы , ел өміріндегі елеулі оқиғалардың бірі болды . Бүгінгі күні халқымыз тарихының баға жетпес дерек көзіне айналған , кезінде белгілі бір мерзімде қазақ тілінде шығып тұрған басылымдардың пайда болып ел арасына таратылуы ғасыр басындағы қазақ өмірінде ерекше қоғамдық құбылыс болған еді . Тарихы да , тағдыры да бөлек , қазақ тарихында өзіндік із қалдырған , ұлттық басылымдар туралы біраз еңбектерде айтылды . Тағы да айтылары даусыз . Ал біздің мақсатымыз , сол басылымдардың деректік ерекшеліктерін ашуға, олардан алынған мәліметтердің ғылыми құндылықтарын анықтауға қатысты кейбір тарихи мәселелерге көңіл аудару .
22
Егер большевиктер диктатурасына дейінгі дүниеге келген қазақ
тіліндегі газет-журналдардың тарихына көз салсақ , онда олардың үш түрлі тарихи жағдайда жарыққа шыққандығын байқауға болады. Мысалы, алғашқы қазақ тілінде шыққан газеттер “Түркістан уалаятының газеті” мен “Дала уалаятының газеті” арнаулы мақсатпен , патша өкіметінің қолдауымен шықса , 1907 жыл мен 1917 жылдың ақпаны аралығындағы шыққан газеттер мен “Айқап” журналы қазақ зиялыларының ұзақ жылдарға созылған , ерлікке тең , саналы іс-әрекеттерінің арқасында , патша өкіметінің жергілікті жерлердегі әкімшілік органдарының ресми рұқсатынан соң ғана дүниеге келіп , солардың қатаң бақылауымен шығып тұрған . Ал , ақпан төңкерісінен кейін шыққан “Сарыарқа” , “Бірлік туы” , “Тіршілік” , “Үш жүз” және “Ұран” газеттері тіптен басқа тарихи кезеңде , біршама демократиялық жағдайда дүниеге келген .
Басылымдардың дүниеге келуінің тарихи жағдайлары олардың жалпы бағыт-бағдарына , мазмұнына әсер ететін фактордың бірі. Сондықтан, ақпан төңкерісі қарсаңындағы Қазақстан тарихының маңызды жазба деректерінің бірі ретінде , алғашқы қазақ газеттерінің негізгі тобын құрайтын ұлттық басылымдардың пайда болу , өмір сүру , жабылу тарихының кейбір мәселелеріне тоқталайық.
Патшалық самодержавие жағдайында болады . Ұлт мүддесін көздейтін басылым шығарудың ең басты кедергісі үстемдік етіп отырған саяси жүйе тарапынан қойылған тосқауыл еді . Өз қарауындағы бұратана халықтардың қандай формада болмасын ұлттық мүдде үшін әрекет етуіне мейлінше қарсыласқан патша өкіметі , әр түрлі тәсілдермен ұлттық газеттер шығаруға жол бермеуге , ал шыға қалған жағдайда оларды үнемі бақылап отыруға тырысты .
Отаршылдық саясаттың салдарынан бейресми ұлттық басылымдар
23
шығару тек 1905-1907 жылдардағы толқулардан кейін мүмкін болды . 1907 жылдың көктемінде шыққан алғашқы ұлттық газеттер , олардың тарихы мен тағдыры , деректік маңызы туралы жоғарыда айтылды . Ал , қазақ тілінде белгілі бір мерзімде шығып тұрған , сондықтан мерзімді басылым деген атқа толық сай келетін , ұлттық бейресми басылымдар 1907 жылдан бастап шыға бастады . Олар , патша өкіметінің тұсында шыққан “Қазақстан” , “Қазақ” , “Алаш” газеттері мен “Айқап” журналы .
Кез-келген деректің пайда болуының объективті екендігін , деректің кездейсоқ , өзінен-өзі пайда болмайтындығын ескерсек , онда , Қазақстан тарихының жазба деректерінің үлкен бір тобын құрайтын ұлттық мерзімді басылымдардың пайда болуының объективті алғышарттарының бірі , ол – ғасыр басындағы баспасөзге деген ұлттық қажеттілік , қоғамдық сұраныс деп айтуға болады . Қажеттіліктен басқа , баспасөз тасқа басылып шығып , оқырманға жетіп , келешекте тарихи дерекке айналғанға дейін оның мазмұнына , демек , деректік құндылығына әсер ететін бірнеше белестен өтетіндігі белгілі . Аталған басылымдар үшін оның бірінші белесі , белгілі бір топтың , не жеке адамдардың газет шығармақ болып шешім қабылдап , сол мақсатта нақты істерге кірісулері, газет шығарудың қажеттігін негіздеп , тиісті орындардан рұқсат сұрап арыз беруі болды . Келешек басылымның қандай болып шығары да сол топтың не жеке адамдардың саяси көзқарастарына , қоғамдық позициясына байланысты еді .
“Қазақстан” газетінің шығуы туралы журналист Тілекқабыл Боранғалиұлы: “1911 жылы Жәңгір Ордасында ақындар Шәңгерей Бөкеев пен Ғұмар Қарашев , қайраткер Бақытжан Қаратаев , дәрігер Мәжит Шомбалов , мұғалімдер Сейтқали Меңдешев пен Елеусін Бұйрин өз
қаражаттарын ортаға салып , қазақ тілінде газет шығаруға бел байлады” ,
24
- дейді /38/.
“Айқап” журналы оның әрі шығарушысы , әрі редакторы Мұхамеджан Сералиннің белсенді еңбегінің арқасында шықты . “Алаш” газеті ерлі-зайыпты Мәриям және Көлбай Тоғысовтардың әрекеттерінің арқасында дүниеге келді . Осылай , бүгінгі күні деректік маңызын ешқандай теңеумен айтып жеткізуге болмайтын ұлттық басылымдар , сол кездегі өз заманының озық ойлы адамдарының, ғасыр басындағы қазақ зиялыларының көп жылдық ой армандарының, мақсатты да тынымсыз еңбектерінің арқасында пайда болды .
1.2. “Айқап” журналы және “Қазақстан” газеті
Қазақтардың рухани өмірі тарихына 1911 жыл тұңғыш ұлттық бейресми мерзімді басылымдар шыққан жыл ретінде енді . Сол жылдың қаңтарынан бастап қазақ тіліндегі бірінші журнал “Айқап” , шықса , наурызынан бастап “Қазақстан” газеті шыға бастады . Бұл басылымдар туралы кеңестік тарихнамада біршама айтылды . Дегенмен олардың дерек көзі ретіндегі маңызы мен ерекшеліктерін , олардан алынған мәліметтердің ғылыми құндылықтарын анықтау үшін , жалпы газет-журналдардың пайда болуының алғышаттары , тарихи жағдайларымен қатар , нақты басылымның дүниеге келу тарихын зерттеудің де маңызы үлкен . Мысалы , “Айқап” туралы айтсақ , оның әрі шығарушысы , әрі редакторы , әрі негізгі авторларының бірі Мұхаметжан Сералиннің ұзақ жылдарға созылған ізденістері туралы да айтуға тиіспіз ..
М. Сералиннің 1906 жылдан бастап газет шығармақ болған бірнеше әрекеттері сәтсіз аяқталды . Тек , 1911 жылдың басына қарай ғана журнал шығару мүмкін болды . М. Сералинің өз ұлтының тарихындағы
ана тілінде бірінші рет журнал шығару сияқты үлкен іске жалғыз
25
кіріскендігін оның замандастары да растайды .
“Алты миллиондай халықтың ортасында бір журналдың яки бір газеттің жоқтығы” М. Сералинді тәуекелге бел байлап , журнал шығаруды жалғыз бастауға итермелеген . Әрине , ол М. Сералинге журнал шығаруына және оны үзбей шығарып тұруына мүлдем ешкім көмектескен жоқ деген сөз емес . Жақсы істің басталуына , оның іске асуына әрдайым тілектестер мен мүмкіндігінше көмек көрсететіндер табылатындығы сияқты , М. Сералинге де тілектес болып , оған қол ұшын бергендер болды . Журнaл шығысымен халық оны жылы қабылдады . Жан-жақты көмек көрсетті . Көптеген адамдар журналдың үзбей шығып тұруына өз үлестерін қосты .
Журналдың шығуына бір жыл толуына арналған мақаласында М. Сералин : “Сөз соңында жыл бойынша журналдың тоқтамай шығуына себеп болған мырзаларға “Алла риза болсын” айтпай қала алмадық.
Әуелі, мәтбуға қожасы Сосновскийге арзан бағамен журналымызды басып һәм білген мәслихаттарын айтып жәрдемдескеніне . Екіншіден , Тәңірберген Тұрысбеков , Сәдуақас Шорманов , Ғабділрахман Жүсіпов ... жәрдем еткен үміт иелеріне. Үшінші , бір жылдан бері тынбай сөз жазып келе жатқан шәкірттерге” - деп жазды . Бұл жолдардан М. Сералиннің “Айқап” журналын шығарып тұруға көмектескендердің ішінен бірінші етіп Сосновскийді атағандығын көреміз . 1907 жылы шыққан “Қазақ газетін” шығарушы да Х. Сосновский болғандығы белгілі . Олай болса қазақ тілінде шыққан тұңғыш бейресми газет пен журналдың шығуына көмектескен Х. Сосновский кім ? – деген сұрақтың туары заңды . Хаим Шулевич Сосновский , ұлты еврей . Троицкі қаласының мещаны . Алты жылдан астам Троицкіде шығып тұрған “Степь” газетінің редакторы болған . Сол қаладағы “Энергия” баспаханасының иесі .
26
Кеңестік тарихнамада айтылғандай , журналдың өзімен қатар шығып
тұрған “Қазақ” газетінен басты айырмашылығы таптық идеялық позицияларында емес , олардың қаржылық негіздерінің екі түрлі құрылуында , қаржы көздерін екі түрлі іздестірілуінде болды . Басқаша айтсақ , басылымдарды қаржыландырудың уақыт талабына сай нарықтық негізде жүргізілуінде , немесе , керісінше уақыт талабына сай жүргізе алмауында болды .
ХХ ғасыр басындағы ұлт алдында тұрған мәселелерді ұлттық деңгейде көтеріп , ұлттық көлемде қоя білген , сондықтан ұлттық басылым деген ұғымға толық сай келетін екі басылымның бірінің әлемдік соғыстың басталуына байланысты туындаған қиыншылық қыспағына шыдай алмай өз шығуын тоқтатуы , екіншісінің , сол қиыншылыққа қарамастан шығуын жалғастыруы қайсысының дұрыс жол таңдай білгендігін көрсетіп берді .
“Айқап” журналы М. Сералиннің бастамасымен соның ерлікке тең еңбегінің арқасында және соның қаражатына 1911 жылдың 10 қаңтарынан бастап Троицкі қаласында Х. Сосновскийдің “Энергия” баспаханасында шыға бастаған . Көлемі 4-5 баспа табақ , таралымы 900-1000 дана . 1915 жылдың қыркүйегіне дейін барлығы 88 саны жарық көрген. Кей жылдары 12-14 , кей жылдары 24 нөмірге дейін шыққан . Тұңғыш журналдың неліктен “Айқап” атануы туралы М. Сералин: “Біздің қазақтың неше жерде “қап” деп қапы қалған істері көп . “Қап” дегізген қапияда өткен істеріміз көп болған соң журналымыз да өкінішімізге ылайықтап “Айқап” болды” - дейді . Журналға келіп түскен хаттарға қарағанда ол қазіргі Қазақстан , Қырғызстан территориясына түгел дерлік және Ресейдің біраз бөлігіне тараған .
“Айқап” журналын дерек көзі ретінде талдауда , ондағы мәліметтерді
27
тарих дерегі ретінде қарастыруда Ү. Субханбердина дайындаған “Айқап” бетіндегі мақалалар мен хат-хабарлар” атты мазмұндалған библиографиялық көрсеткішінің алар орны ерекше екендігін айтуымыз керек . Ә. Марғұланның сөзімен айтсақ , көрсеткіш: “Революцияға дейінгі мерзімді басылымның мазмұнымен танысып , бай да ерекше деректер әлеміне енуге көмектеседі” .
Көрсеткіш бірінші рет 1961 жылы жарияланды. Ол Ү. Субханбердинаның осы салада жарияланған алғашқы еңбегі еді . Бір қызығы , егер журнал патша өкіметінің жергілікті әкімшілік орындарының қатал бақылауымен шыққан болса , оның тура жарты ғасырдан соң жарияланған библиографиялық көрсеткіші кеңес өкіметінің одан да қатал бақылауымен шыққан . Осылай журнал мен оның көрсеткішінің арасында өзіндік тарихи сабақтастық пайда болды . Егер , журнал авторларды кезінде өз ойларын мақалаларында ашып айта алмай қиналса , көрсеткіште сол авторлардың біразының атын да атауға тыйым салынды .
1999 жылы шыққан “Қазақ халқының атамұраларында” , “Айқап” бетіндегі мақалалар мен хат-хабарлардың” библиографиялық көрсеткіштерінің толықтырылып екінші рет басылуына байланысты Ү. Субханбердина: “1961, 1963 жылдары “Айқап” журналы мен “Түркістан уалаятының газеті” , “Дала уалаятының газеті” , “Қазақстан” газетінің бетінде басылған материалдарының мазмұндалған библиографиясы басылып шыққан болатын . Бірақ өкінішке орай , ол көрсеткіштерде Байтұрсынов Ахмет , Бөкейханов Әлихан , Дулатов Міржақып , Аймауытов Жүсіпбек , Жұмабаев Мағжан , Құдайбердиев Шәкәрім, Қарашев Ғұмар , Ақпаев Жақып , Баржақсин Ахмет , Жанайдаров Мейрам,
Жұбанов Құдайберген , Досмұхаметов Халел , Ермеков Әлмұхан ,
28
Қоңыратбаев Қалжан , Мәрсеков Райымжан , Сейтов Асылбек , Тынышбаев Мұхаметжан , Шоқаев Мұстафа т.б. жазған ең құнды материалдары қысқартылып берілген едi” , - дейді /39/.
Ұлттық бейресми басылымдар арасынан Қазақстан тарихнамасында жиі айтылған басылымдардың бірі – “Қазақстан” газеті . М. Ысмағұловтың , Х. Бекхожиннің , Е. Нығметовтың , Қ. Аллаберген , Ж. Нұсқабайұлы , Ф. Оразайдың т.б. еңбектерінде “Қазақстан” газетінің шығу тарихы , авторлары , көтерген мәселелері т.б. туралы біршама айтылған . Дегенмен газет туралы жазған әр түрлі әдебиеттерді бір-бірімен салыстыру газет тарихына қатысты кейбір мәліметтерді анықтай түсудің қажеттілігін көрсетіп отыр . Осындай әр жылдары шыққан еңбектерде әр түрлі айтылып жүрген мәліметтердің бірі “Қазақстан” газетінің шыққан жалпы саны туралы мәлімет .
Мысалы , зерттеушілер М. С. Бурабаев пен О. А. Сегізбаев ұлттық бейресми басылымдар арасындағы өзіндік орны бар “Қазақстан” газетінің 15 саны шыққан десе , З. Тұрарбеков газеттің қазақ және орыс тілдерінде шыққан сандарын қосып 36 рет жарық көрген дейді . Бұл , әрине , шындыққа ешқандай сай келмейді . Себебі , газеттің орыс тіліндегі беттері жеке нөмір ретінде емес , қазақшасына қосымша ретінде беріліп отырған . Сондықтан оларды жеке нөмірге санау дұрыс емес .
“Қазақстан” газетінің қай жылы қанша нөмірі шыққандығы туралы Е. Нығметов: “Қазақстан” газетінің 1,2 нөмірлері 1911 жылы март , май айларында Орда қаласында жарыққа шықты . Сонан кейін осы жылы редакциясы Орал қаласына көшті де , Оралда газет нөмірін қайтадан 1–ші нөмірден бастап ноябрь , декабрь айларында № 1,2 сандары жарыққа шықты , сонымен 1911 жылы “Қазақстанның” барлығы 4 нөмірі шықты . 1912 жылы январь айында 3 нөмірі шықты да , осы жылдың июнь
29
айына дейін барлығы 9 нөмірі жарық көрді . 1913 жылы январь-февраль айында 1,2 нөмірлері шықты” - дейді /40/. Егер , Е. Нығметов көрсеткен сандарды қарапайым түрде бір-біріне қоссақ (4+9+2=15), онда “Қазақстан” газетінің 15 нөмірі шыққан .
Дегенмен , зерттеушілердің көпшілігі “Қазақстан” газетінің 18 нөмірі шыққан деген пікір айтады . Мысалы , Қ. Бекхожин “Қазақстан” газеті туралы айта келе: “Не бары 18 нөмірі шығып тоқтатылды” десе , Қ. Аллаберген , Ж. Нұсқабайұлы , Ф. Оразай: “Басылымның үш жыл ішінде 18 нөмірі жарық көрді”- дейді . Соңғы жылдары жарық көрген С. Өзбекұлының еңбегінде де: “Көп жылдар бойы “Қазақстан” газетінің саяси-құқықтық бағытын зерттеу барысында , біз Санкт-Петербург , Москва қалаларының кітапханаларында сақталған осы газеттің 18 санын ғана анықтадық” - делінген /41/. Бірақ , бұлардың ешқайсысы да газеттің қай санының қай жылдары шыққандығы туралы ешнәрсе айтпайды .
Ал , шындығында “Қазақстан” газетінің бастапқы екі санының Ордада шыққаны , Оралда қайтадан бірінші нөмірінен бастап шыға бастағаны рас . Бірақ , 1911 жылдың қараша-желтоқсан айларында Е. Нығметов айтқандай , Оралда екі емес, үш саны шыққан (15 қараша , 1 және 15 желтоқсан). Ал, 1912 жылдың 2 қаңтарынан бастап шыққаны газеттің үшінші емес , төртінші нөмірі . Сол жылдың 31 мамырына дейін барлығы 9 нөмірі шыққан /42/. Газет қаражат жетіспеуіне байланысты біраз уақыт шығуын тоқтатып , тек 1913 жылдың 27 қаңтарында ғана қайта шыға алды . Ол туралы жаңа шыға бастаған “Қазақ” газеті: “Оралский
қаласында он шақты нөмірі шығып тоқтаған “Қазақстан” жаңадан шыға бастады...
“Қазақстанның” 27 қаңтарда шыққан бірінші нөмірі басқармамызға келді” - деп жазды /43/. Бірақ , газеттің қайта шыға бастауы да ұзаққа бармады .
Достарыңызбен бөлісу: |