1. 2 "Айқап" журналы және "Қазақстан



бет5/5
Дата04.11.2016
өлшемі0,69 Mb.
#323
1   2   3   4   5


Сонымен , ХІХ ғасырдың соңы мен ХХ ғасырдың басында қоғамда болған әлеуметтік өзгерістер мен саяси қақтығыстар қазақ даласына да өз әсерін тигізбей қойған жоқ . Уақыт тарих сахнасына ұлт бостандығы жолындағы күресте жаңа буын өкілдерін - әр тектілерден шыққан ұлт зиялыларын шығарды . Заман талабына сай , жан-жақты білім алған зиялыларымыздың бір тобы қалыптасқан тарихи жағдайда ұлт мүддесін қорғау үшін газет шығарудың қажеттігін жақсы түсінді . Нәтижесінде , 1907 жылдың наурызынан бастап қазан төңкерісіне дейін қазақ зиялыларының ұйымдастыруымен бірнеше ұлттық-бейресми басылымдар дүниеге келді .

Қазақ зиялыларының газет шығару ісіндегі алғашқы қадамдары сәтсіз аяқталғанымен , ұлт мақтанышына айналып , атадан балаға асыл мұра болып қалатын , ұлт мүддесі үшін күресте әлі бірде-бір қазақ басылымы атқарып көрмеген істер атқарған басылымдар да сол жылдары пайда болды . Осылай , әзірге адамзатқа белгілі бұқаралық ақпарат құралдарының тұңғышы – мерзімді басылымдардың , бір-біріне қарама-қарсы мақсаттағы әлеуметтік топтардың саналы іс-әрекеттерінің нәтижесінде пайда болғанымен , бүгінгі күні бәрі де қазақ тарихының құнды дерек көзіне айналып отыр .

Сонымен , егер алғашқы қазақ тіліндегі ресми газеттердің дүниеге келуінің басты себебі , қазақ жерін одан әрі отарлаудың күшейтілуі болса , ұлттық-бейресми басылымдардың дүниеге келуінің басты себебі , керісінше , сол отарлаушылыққа қарсы күрестің нәтижесі болды . Қазан төңкерісіне дейінгі қазақ басылымдарының деректік ерекшелігі де осыдан туындайды .

Қазан төңкерісіне дейін елімізде оннан аса ұлттық-бейресми басылымдар

58
жарық көрді . Олар негізінен екі түрлі тарихи жағдайда шығып тұрды . Егер , “Қазақ газеті” , “Серке” , “Қазақстан” , “Қазақ” , “Алаш” газеттерімен “Айқап” журналы патшалық самодержавие тұсында шықса , “Бірлік туы”, “Сарыарқа” , “Ұран” және “Тіршілік” газеттері Уақытша үкімет тұсында , демек , біршама демократиялық өзгерістер кезеңінде дүниеге келді . Бұл объективті жағдай басылымдар мазмұнына ғана емес , олардың тағдырына да әсер етті .



Ресми орындардың рұқсатымен шығып тұрғанымен ұлттық басылымдардың әрбір саны қатаң тексеріліп отырды . Басылым тек бекітілген бағдарлама бойынша ғана шығуға тиіс болды .

Ұлттық басылымдардың сипатына , бағыт бағдарына , демек оларда салынған ақпараттардың мазмұнына әсер еткен факторлардың бірі – қаражат көзі . Қазан төңкерісіне дейін шыққан бейресми басылымдардың бәрі де жеке адамның , немесе бір әлеуметтік топтың қаражатына емес , нақты басылымдарды жаздырып алушылардың , ауқатты азаматтардың берген көмегінің және жарнамалардан түскен ақшаның негізінде шығып тұрған . Сондықтан олар ұлттық сипат алды . “Қазақстан” журналы мен “Айқап” журналы сол қаражаттың жетіспеуінен жабылып қалды . Бұл факт ұзақ жылдар бойы кеңестік тарихнамада жазылып келген “Айқап” пен “Қазақтың” айтысына таптық-антагонистік сипат беру әрекетінің ойдан шығарылған негізсіз әрекет екендігін және “Айқап” журналы “Қазақ” газетінің қастандық әрекетінен жабылып қалды деген тұжырымның шындыққа сай келмейтіндігін дәлелдейді .

Қазақ” газетінің тарих дерегі ретіндегі тағы бір ерекшелігі , одан алынған мағлұматтардың жан-жақтылығы , ел өмірінің барлық салалары туралы толық мәлімет бере алуы және олардың шынайылық дәрежесінің жоғарылығы . Мысалы , газеттің әлем халықтары тарихында болып өткен

бірінші дүниежүзілік соғыс қарсаңындағы жылы дүниеге келуі , оны

59
қазақ халқының соңғы бейбіт жылғы өмірінің , тұрмыс-тіршілігінің , қоғамдық қарым-қатынастарының жазба дерегіне айналдырды .

Ұлттық басылымдар тарихының жаңа кезеңі ақпан революциясымен тікелей байланысты болды . Патша өкіметінің құлатылуы қазақ тілінде жаңа газеттер шығаруға мүмкіндік берді .

Сонымен , ХІХ ғасырдың соңы мен ХХ ғасырдың басында қазақ тілінде жарық көрген мерзімді басылымдар , отан тарихының аса бір күрделі кезеңін жазба дерегін құрайды . Дегенмен , басқа деректер сияқты, олар да өздерін деректанулық “сыннан” өткізуді қажет етеді . Басылымдардың өздеріне ғана тән ерекшеліктерін ескеріп , әр түрлі тәсілдерді пайдалану арқылы жүргізілген деректанулық талдау , олардан шынайылық дәрежесі мен ғылыми құндылығы жоғары мәліметтер алуға мүмкіндік береді .

Жалпы , қазақ баспасөзін тарихи дерек көзі ретінде әр түрлі бағытта қарастыру ХІХ ғасырдың соңы мен ХХ ғасырдың басындағы қазақ халқының тарихын жан-жақты зерттеуге , оның әлі де ғылымға белгісіз жақтарын ашуға мүмкіндік береді деп ойлаймын . Оған қажетті материалдар ұлттық басылымдарда жеткілікті . Мысалы , ғасыр басындағы қазақ өмірінде көріне бастаған жаңа әлеуметтік-экономикалық қатынастардың , қазіргі тілмен айтсақ , нарықтық қатынастардың ел арасына енуі мен даму жолдары тек баспасөз деректерінің негізінде ғана толық ашылып көрсетілуі және объективті зерттелуі мүмкін .

Ә. Бөкейхан , А. Байтұрсынұлы , М. Дулатұлы бастаған ондаған авторлар өз ұлтының тарихы туралы жазып , жалпы тарих ғылымы туралы көзқарастарын білдірген . Олардың баспасөз бетінде қалдырған тарихқа қатысты мол мұраларына тарихнамалық талдау жасау тарих ғылымын байыта түсер еді деп ойлаймын .
60

Пайдаланылған деректер мен сілтемелер тізімі





  1. Ключевский В.О. Сочинения в девяти томах. Т.VII. М.: Мысль, 1989. С.6.

  2. Сонда.

  3. Атабаев Қ. Мерзімді басылым ХІХ ғасырдың аяғы ХХ ғасырдың басындағы Қазақстан тарихының дерегі ретінде. Алматы: Қазақ университеті, 1998. 195 б. (15-21).

  4. Сонда. Б. 21-27.

  5. Сонда. (27-35).

  6. Омарбеков Т. 20-30 жылдардағы Қазақстан қасіреті. Алматы: Санат. 1997. 320 б.

  7. Атабаев Қ. Қазақ баспасөзі Қазақстан тарихының дерек көзі(1870-1918). Алматы: Қазақ университеті 2000. 358 б.

  8. Сыздықов С.М., Айдаров Ғ. Орхон жырлары – тарихи дерек. Алматы: 1991. 78 б.

  9. Ирмуханов Б.Б. Прошлое Казахстана в письменных источниках. Алматы: Өлке, 1998. 370 с.

  10. Қазақтың жабылуы... //Бірлік туы. 1918. 20(7) февраль. № 22.

  11. Нұрпейісов К. Алаш һәм ... Б.22.

  12. Мақалалар.

  13. Қазақ газеті. Жинақ. Алматы: “Қазақ энциклопедиясы” Бас редакциясы. 1998. 560 б.

  14. Сақов Қ.Ө. “Қазақ” газетіндегі ұлттық-саяси мәселелердің жазылуы. Ф.ғ.к.дисс. автореф. Алматы, 1998. 26 б.

  15. Назарбаев Н. Тарих толқынында. Алматы: Атамұра, 1999. 296 б. (162-165)

  16. Шонанұлы Т. Жер тағдыры – ел тағдыры. Алматы: Санат, 1995. 224-б.

  17. Мырзахметов М. Қазақ қалай орыстандырылды. Алматы: Атамұра, 1993. 128-б.

  18. Ахмедов Ғ. Алаш Алаш болғанда. Алматы: Жалын, 1996. 224-б.

  19. Құл-Мұхаммед М. Алаш ардагері. Алматы: Жеті жарғы, 1996. 224-б.

  20. Өзбекұлы С. Арыстары алаштық. Алматы: Жеті жарғы, 1998, 192-б.

  21. Қалиұлы Ж. Мамания. Алматы: Атамұра, 1999. 272-б.

  22. Субханбердина Ү. Қазақ баспасөзі тарихынан // “Айқап” . Жинақ. – Алматы , 1995. Б.6.

  23. Беннигсен А., Лемерсье-Келькежей Ш. Қазақ баспасөзі // Қазақстан коммунисі , 1991. № 10. 72-77бб.

61


  1. Қазақ”. 1913. № 28.

  2. Бекхожин Х. Қазақ баспасөзінің даму жолдары . Алматы. 1964. Б.68. Первая казахская газета “Дала уалаяты” (1888-1902). Автореф. канд. дисс. Алма-Ата. 1949. С.13.

  3. Аллаберген Қ., Нұсқабайұлы Ж., Оразай Ф. Қазақ журналистикасының тарихы (1870-1995). Б.31.

  4. Әбдіманов Ө. Қазақ газеті. Б.24.

  5. Беннигсен А., Лемерсье-Келькежей Ш. Қазақ баспасөзі // Қазақстан коммунисі. 1991. № 10. 74 б.

  6. Сонда.

  7. Боранғалиұлы Т. Ел атауына ақ жол тілеген // Егемен Қазақстан, 1997. 19 қараша.

  8. Тайшыбай З. Қазақтың қазақтан басқа досы жоқ // Орталық Қазақстан. 1992, 9 мамыр.

  9. Қазақ, 1917 жыл, № 239.

  10. Дулатұлы М. Баспасөз үмесі // Еңбекші қазақ, 1923, 5 мамыр.

  11. Исақанұлы Д. Барлық мүддеден жоғары // Ақиқат, 1999. № 2. 37б.

  12. Аллаберген Қ., Нұсқабайұлы Ж., Оразай Ф., Көрсетілген еңбек. 32б

  13. Айқап. Жинақ. Алматы, 1985. Б.20.

  14. Дулатов М. Шығармалары. Алматы, 1991.37б

  15. Боранғалиұлы Т // Егемен Қазақстан, 1997, 19 қараша

  16. Субханбердина Ү. “Айқап” бетіндегі мақалалар мен хат-хабарлар. Мазмұндалған библиографиялық көрсеткіш. Алматы. ҚР, Орталық ғылыми кітапхана, 1999. 834 б. Б.5.

  17. Нығметов Е. “Қазақстан” газеті. //Білім және еңбек. 1964. №5.

  18. Өзбекұлы С. Арыстары алаштың: тарихи очерктер. Алматы: Жеті жарғы. 1998. 192 бет. (52).

  19. Субханбердина Ү. Қазақ халқының атамұралары. Б. 62.

  20. Қазақ газеті. Жинақ. 1998. Б.16.

  21. Назарбаев Н. Жадымызда жатталсын, татулық дәйім сақталсын //Егемен Қазақстан. 1998,15 қаңтар.

  22. Не екен ойландырған арыстарды? // Ақиқат, 1998, № 4, Б.78.

  23. Қазақ, 1993, № 266.

  24. М.Д. (Дулатов М.) “Айқап” журналы //Қазақ, 1914, № 51, 21 февраль.

  25. Қазақ, 1913, № 1.

  26. Дулатов М. Қазақ баспаханасы //Қазақ, 1917. № 239.

  27. Қазақ газеті. Жинақ. Б.421.

  28. Сақов Қ. “Қазақ” - өзін-өзі қаржыландырған газет //КазМУ хабаршысы. Журналистика сериясы. 1998. № 2. Б.37.

62


  1. Қазақ 1915. № 101.

  2. Назарбаев Н. Тарих толқынында. Б.163.

  3. Қазақ” газеті. Жинақ. Б.75.

  4. А.Б. Қазақтың бас ақыны. “Қазақ” газеті. Жинақ. 71 бет.

63
Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министірлігі


Д.А. Қонаев атындағы Университет

Әлеуметтік және ізгілік пәндер кафедрасы


Диплом жұмысы


Ұлттық баспасөз ХХ ғасырдың басындағы Қазақстан тарихының дерек көзі



Ғылыми жетекші: т.ғ.д. профессор Қ.М.Атабаев

Орындаған: тарих тобының 5 курс студенті Қалиева М.Б.


Алматы, 2006
Каталог: wp-content -> uploads -> 2013
2013 -> Ф 7 –007-02 Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
2013 -> Мазмұны Кіріспе–––––––––––––––––––––––– 3-9
2013 -> Мазмұны Кіріспе Тарау -I. Кеңестік шығармашылық интеллигенциясы калыптасуының бастапқы кезеңІ
2013 -> Жанғабыл Қабақбаев, Қазақстан Республикасы журналистер Одағының
2013 -> Әл Фараби дүние жүзілік мәдениет пен білімнің Аристотельден кейінгі екінші ұстазы атанған. Ол данышпан философ, энциклопедист ғалым, әдебиетші ақын, математик. Әл Фараби 870 ж
2013 -> Өмірбаяны ІІ негізгі бөлім
2013 -> Ф 15-07 Қазақстан Республикасының білім ЖӘне ғылым министрлігі
2013 -> Кіріспе. Жұмыстың жалпы сипаттамасы. Дипломдық жұмысының өзектілігі


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет