4) Плацентаның толық төмен орналасуы бұл:
1. Жатыр мойнының ішкі ернеуін жауып және жатырдың төмен сегментінде
2. Жатырдың жоғары сегментінде
3. Жатыр түбінде
4. Ішкі ернеуден 5-7 см жоғары
5. Жатыр мойнының сыртқы ернеуін жауып және жатырдың төменгі сегментінде
5) «Қауіпсіз ана» бойынша босануда окситоцин енгіземіз:
1. ұрық басы шыққан кезде
2. ұрық басы туылған кезде
3. алдыңғы иық туудан кейін
4. ұрық туылып 30 мин кейін
5. бала жолдасы туылғаннан кейін
6) Емхананың гинеколог дәрігеріне 20 жастағы әйел профилактикалық тексеруден өтуге келді. Қынаптық айна көмегімен қарау кезінде жатыр мойнында қызғылт түсті эрозияға ұқсайтын жара анықталды. Бірінші босануда жатыр мойнының жыртылуы болған. Диагноз қойыңыз?
1. эрозиялы эктропион
2. шын эрозия
3. жалған эрозия
4. эндоцервицит, кольпит
5. эритроплакия, лейкоплакия
7) Емхананың гинеколог дәрігеріне 24 жастағы әйел тексеруден өтуге келді. Қынаптық айна көмегімен қарау кезінде жатыр мойнында ашық қызғылт түсті жара анықталды. Диагноз қою мақсатында қандай қосымша тексеру әдісі жүргізіледі?
1. гистероскопия
2. лапароскопия
3. кольпоскопия
4. кульдоскопия
5. амниоскопия
8) Қайта босанушы 19 сағат босануда болды. Сусыз кезеңі 4 сағатқа созылды. Нәресте салмағы 3500 гр. Нәресте сирек дем алады. Дыбыс жоқ. Жүрек соғысы 96 рет мин. Бұлшықеттонусы төмен. Тітіркенішке реакциясы әлсіз. Тері жамылғысы бозарған. Оң төбе аймағында босану ісігі бар.
1. асфиксияның жеңіл дәрежесі 6 балл, босану ісігі
2. мерзімді босану, асфиксияның орташа дәрежесі 4 балл, босану ісігі
3. асфиксияның ауыр дәрежесі 3 балл, босану ісігі
4. мерзімді босану, асфиксияның орташа дәрежесі 5 балл, босану ісігі
5. гемолитикалық ауру, кефалогематома
Достарыңызбен бөлісу: |