1-4 сыныптарда білім беру процесі келесі құжаттар негізінде жүзеге асырылады: 2021-2022 оқу жылында білім беру ұйымдары білім беру процесін ұйымдастыру кезінде «Білім туралы»



бет3/13
Дата28.04.2022
өлшемі90,71 Kb.
#141196
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13
Байланысты:
2021-2022 КТЖ Қымбат (1) дайын

Күтілетін нәтиже
1) өзінің өмірлік айқындамасын анықтау;
2) түрлі мәселелерді адамгершілік қағидаларға сәйкес сындарлы түрде шешу;
3) өзіне, адамдарға және қоршаған әлемге ізгілікті қарым-қатынас жасау;
4) адамдарға көмек көрсету, туыстарына және жақындарына мейірімді, қамқор болу;
5) өзімен-өзі үндестікте өмір сүру, ойы, сөзі және іс-әрекеттерінде шынайы болу;
6) жасампаздық пен белсенділік, азаматтылық және елжандылық таныту;
7) өз ойын, сөзі мен ісін адамгершілік тұрғысынан таңдауға дайын болу және оған жауапты болу;
8) қоғамға қызмет ету дағдыларын іс жүзінде дамыту.
Тұлғаның физикалық, психикалық және рухани дамуында үйлесімге қол жеткізуіне мүмкіндік беретін адамгершілік-рухани-білім нақты білім беру тәжірибесінде түрлі жолдармен, ең алдымен, «Өзін-өзі тану» пәні арқылы жүзеге асырылады.
Бастауыш мектепке арналған өзін-өзі тану бағдарламасы білім берудің құндылықты мәнін күшейте отырып, адамның сүю, өзіне сену, жақсылық жасау, тілектестік таныту, өзіне және басқаларға қамқорлық жасау, позитивті ойлау, адамгершілікті таңдау жасау, дәстүрлерді бағалау және еселеу, жасампаздық, өзіне жауапкершілік алу, ынтымақтасу, кемелдену қабілеттерін ашуды көздейді.
Өзін-өзі тану пәнінің базалық білім беру мазмұны оқушылардың жас ерекшеліктерін есепке ала отырып,


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет