1-4 сыныптарда білім беру процесі келесі құжаттар негізінде жүзеге асырылады: 2021-2022 оқу жылында білім беру ұйымдары білім беру процесін ұйымдастыру кезінде «Білім туралы»


«ӨЗІН-ӨЗІ ТАНУ» ПӘНІ БОЙЫНША КҮНТІЗБЕЛІК- ТАҚЫРЫПТЫҚ ЖОСПАР



бет5/13
Дата28.04.2022
өлшемі90,71 Kb.
#141196
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13
Байланысты:
2021-2022 КТЖ Қымбат (1) дайын

«ӨЗІН-ӨЗІ ТАНУ» ПӘНІ БОЙЫНША КҮНТІЗБЕЛІК- ТАҚЫРЫПТЫҚ ЖОСПАР
2- сынып. Аптасына: 1 сағат, барлығы: 34 сағат
ҰЗАҚ МЕРЗІМДІ ЖОСПАР




Р/с

Ауыспалы тақырыптар

Сабақтардың тақырыбы

Оқудың мақсаттары

Сағат саны

Мерзімі

Ескерту

2 «Г»

I-тоқсан (9 сағат)

1-2

І. Ғасырлар даналығы

Ұлы Абайдың даналығы

Абай даналығы туралы түсінік бере отырып, оның дүниетанымының сүйіспеншілік құндылығына негізделгенін ұғындыру.

1







1




3-4

Х. К Андерсеннің дана ертегілері.

Оқушыларды Андерсеннің дана ертегілерімен таныстыру арқылы сүйіспеншілік құндылығының мәнін ашу.

1







1




5-6

Білім –өмір шырағы

Оқушыларға білім туралы түсінік бере отырып, білімнің ізгілікке бағытталуының дұрыс әрекет болатынын түсіндіру.

1







1




7-8

Мектеп –біздің ортақ үйіміз

Оқушылардың мектепті ортақ үйі ретіндегі көзқарастарын қалыптастыра отырып, дұрыс әрекет құндылығының мәнін ашу.

1







1




9

Өзіңді жақсылықпен таразыла

Оқушыларға жақсылықтың адам өміріндегі маңыздылығын ұғындыру арқылы дұрыс әрекет құндылығының мәнін ашу.

1

























II-тоқсан (7 сағат)

10

II. Ынтымақты отбасы

Өзіңді жақсылықпен таразыла

Оқушыларға жақсылықтың адам өміріндегі маңыздылығын ұғындыру арқылы дұрыс әрекет құндылығының мәнін ашу.

1







11-12

Адам жақсы ісімен көрікті

Отбасындағы ізгі қарым-қатынас туралы түсінік бере отырып, сүйіспеншілік құндылығының мәнін ашу.

1







1




13-14

Адал және аккөңіл болу



Адалдық және ақкөңілділік туралы түсінік бере отырып, дұрыс әрекет құндылығының мәнін ашу.

1







1




15-16

Салауатты отбасы

Оқушыларға салауатты отбасы туралы түсінік бере отырып, қиянат жасамау құндылығының мәнін ашу.

1







1




III- тоқсан (10 сағат)

18-19

III. Адам болам десеңіз...

Өзіңді және басқаларды құрметтеуді үйренеміз



Оқушыларға өзін және өзгелерді құрметтей білудің сүйіспеншілік құндылығына негізделетінін ұғындыру.

1







1




20-21

Кешіре білуді үйренеміз



Кешіре білу туралы түсінік бере отырып, дұрыс әрекет құндылығының мәнін ашу.

1







1




22-23

Дос болуды үйренеміз

«дос», «достық» ұғымдары туралы түсінік бере отырып, дұрыс әрекет құндылығының мәнін ашу.

1







1




24-25

Жақсы көруді үйренеміз

Оқушыларға риясыз сүйіспеншіліктің адам өміріндегі маңыздылығын ұғындыру арқылы сүйіспеншілік құндылығының мәнін ашу.

1







1




26-27


Біз өсіп жатқан өлке.

Еліміздің тарихына ықылас қойып, бүгінгі күніне жауапкершілікпен қарау қажеттілігінің сүйіспеншілік ұүндылығына негізделетінін ұғындыру

1







1




IV-тоқсан (8 сағат)

28-29



IV Әсемділік әлемінде!

Туған өлкенің табиғатын сақтауды үйренеміз

Туған өлке табиғатын сақтап, қамқорлық жасауға үйрете отырып, қиянат жасамау құндылығының мәнін ашу.

1







1




30-31

Біз өмір сүріп жатқан ел

Оқушыларға туған елдің адам өміріндегі маңыздылығын ұғындыру арқылы дұрыс әрекет құндылығының мәнін ашу.

1







1




32-33

Әсемдік әлемінде

Жалпыадамзваттық құндылықтарды өмірлік бағдар ретінде ұғындыра отырып, оның өмірдегі үйлесімділік пен әсемдіктің негізі екенін түсіндіру.

1







1




34

Балалық шақ мейрамы

Жалпыадамзаттық құндылықтарды өмірлік үйлесімділік пен бақыттың негізі екенін түсіндіру.

1







1






Түсінік хат
Оқу процесін ұйымдастыру кезінде білім беру ұйымдары: «2021-2022 оқу жылында Қазақстан Республикасының орта білім беру оқу процесін ұйымдастырудың ерекшеліктері туралы» әдістемелік нұсқау хаттын басшылыққа алады.
1-4 сыныптарда білім беру процесі келесі құжаттар негізінде жүзеге асырылады:
2021-2022 оқу жылында білім беру ұйымдары білім беру процесін ұйымдастыру кезінде «Білім туралы», «Педагог мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасының Заңдарын басшылыққа алуға және оқу процесін төмендегідей нормативтік құжаттар негізінде жүзеге асыруға тиіс: «Білім берудің барлық деңгейінің мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 31 қазандағы № 604 бұйрығы;
«Қазақстан Республикасындағы бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің үлгілік оқу жоспарларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 8 қарашадағы № 500 бұйрығы;
«ҚР Білім және ғылым министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2019 жылғы 26 шілдедегі № 334 бұйрығы;
«Тиісті үлгідегі білім беру ұйымдары қызметінің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 30 қазандағы № 595 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы;
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы3 сәуірдегі №115 бұйрығымен бекітілген Бастауыш білім берудің жалпы білім беретін пәндерінің үлгілік оқу бағдарламалары («Өзін-өзі тану» пәні бойынша 2016 жылғы 8 сәуірдегі №266 бұйрығымен өзгерістер мен толықтырулар енгізілген);
«Білім беру ұйымдарының педагогтері жүргізу үшін міндетті құжаттардың тізбесін және олардың нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 6 сәуірдегі № 130 бұйрығы.
«Өзін-өзі тану» пәні бойынша оқу үдерісінің басты міндеті:
әрбір адамның табиғатына салынған жалпыадамзаттық құндылықтарды жарыққа шығару; қоғамға қызмет етуге бағытталған мәселелерді шығармашылықпен шешудің іс жүзіндегі дағдыларын, тұлғаның құндылықтар жүйесін қалыптастыру; білім алушылардың әлеуметтік мәнді бағдарларын, яғни адамның өзіне, қоршаған әлемге, жалпы адамзатқа қатысына себепші болатын адамгершілік тәртіп негіздерін қалыптастыру.
Өзін-өзі тану пәнінің базалық білім беру мазмұны оқушылардың жас ерекшеліктерін есепке ала отырып,
3- сыныпта төрт негізгі бөлімді қамтиды:
Өзін-өзі тану бақыты
Адами қарым-қатынасқа үйренейік
Адам болам десеңіз...
Әсемдік әлемінде.
«Өзін-өзі тану бақыты» атты бірінші тарау оқушыларды өзін-өзі тану пәнімен таныстырады. Мұнда балаларды мектепке өзгеше бейімдеуге бағытталған сабақтар қарастырылады. Олар жаңа оқушы мәртебесін ұғынады, сыныптастарымен, мұғалімдермен, жалпы мектеппен танысады. Өзінің сыртқы келбетіне дұрыс қарауға, өзін-өзі түсінуге, өз мінезі, өздері орындап жүрген әлеуметтік рөлдер туралы ойлануға, өз эмоцияларын түйсінуге және оны басқара алу білігіне дағдылануға мүмкіндік алады. Балалардың қызықты танымдық материалдар арқылы адамгершілік құндылықтарды қабылдауы осы міндеттерді табысты орындауға ықпал етеді.
Бағдарламаның «Адами қарым-қатынасқа үйренейік» атты екінші тарауында коммуникативтік біліктер мен дағдыларды (өзін және басқаларды тыңдау, түсіну, дұрыс бағалай білу, жанашырлық таныту, өзара ынтымақтастық біліктері); құрбыларымен тең құқықты, өзара жақсы қарым-қатынас құра білу білігін; өзінің эмоциялық күйін түсіну, өз сезімдерін білдіре алу және басқалардың сезімін тани білу біліктерін, тұлға аралық шиеленістерді шешу дағдыларын игеруді және әлеуметтік белсенділіктерін дамытуға ерекше көңіл бөлінеді.
«Адами қарым-қатынасқа үйренейік» атты тарау сабақтары балалар ұжымында ешкімнің ренжімеуіне және назардан тыс қалмауы үшін жағымды орта құруды қарастырады. Ол оқушылардың мінез-құлқындағы жағымды қырлары, яғни айналасындағыларға және бір-біріне деген құрметті, эмоциялық жылылық пен өзара түсіністікті психологиялық нұсқау арқылы оңтайлы ұйымдастыруға бағытталған. Оқушыларды басқалардың келеңсіз мінез-құлықтарына орай әдепті әрекет етуге, балалардың кешіре білу білігін қалыптастыруға және оны дамытуға, кішіпейілділік, тектілік, төзімділік көрсете білуге шыдамдылықпен үйретуге негізделген.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет