1-4 сыныптарда білім беру процесі келесі құжаттар негізінде жүзеге асырылады: 2021-2022 оқу жылында білім беру ұйымдары білім беру процесін ұйымдастыру кезінде «Білім туралы»



бет1/13
Дата28.04.2022
өлшемі90,71 Kb.
#141196
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13
Байланысты:
2021-2022 КТЖ Қымбат (1) дайын


Түсінік хат
Оқу процесін ұйымдастыру кезінде білім беру ұйымдары: «2021-2022 оқу жылында Қазақстан Республикасының орта білім беру оқу процесін ұйымдастырудың ерекшеліктері туралы» әдістемелік нұсқау хаттын басшылыққа алады.
1-4 сыныптарда білім беру процесі келесі құжаттар негізінде жүзеге асырылады:
2021-2022 оқу жылында білім беру ұйымдары білім беру процесін ұйымдастыру кезінде «Білім туралы», «Педагог мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасының Заңдарын басшылыққа алуға және оқу процесін төмендегідей нормативтік құжаттар негізінде жүзеге асыруға тиіс: «Білім берудің барлық деңгейінің мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 31 қазандағы № 604 бұйрығы;
«Қазақстан Республикасындағы бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің үлгілік оқу жоспарларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 8 қарашадағы № 500 бұйрығы;
«ҚР Білім және ғылым министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2019 жылғы 26 шілдедегі № 334 бұйрығы;
«Тиісті үлгідегі білім беру ұйымдары қызметінің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 30 қазандағы № 595 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы;
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы3 сәуірдегі №115 бұйрығымен бекітілген Бастауыш білім берудің жалпы білім беретін пәндерінің үлгілік оқу бағдарламалары («Өзін-өзі тану» пәні бойынша 2016 жылғы 8 сәуірдегі №266 бұйрығымен өзгерістер мен толықтырулар енгізілген);
«Білім беру ұйымдарының педагогтері жүргізу үшін міндетті құжаттардың тізбесін және олардың нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 6 сәуірдегі № 130 бұйрығы.
«Өзін-өзі тану» пәні бойынша оқу үдерісінің басты міндеті:
әрбір адамның табиғатына салынған жалпыадамзаттық құндылықтарды жарыққа шығару; қоғамға қызмет етуге бағытталған мәселелерді шығармашылықпен шешудің іс жүзіндегі дағдыларын, тұлғаның құндылықтар жүйесін қалыптастыру; білім алушылардың әлеуметтік мәнді бағдарларын, яғни адамның өзіне, қоршаған әлемге, жалпы адамзатқа қатысына себепші болатын адамгершілік тәртіп негіздерін қалыптастыру.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет