1. Ақ жол газетінің зерттелуі


Күрделі заттардың жалқы аттары



бет11/25
Дата18.07.2022
өлшемі207,46 Kb.
#147545
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   25
Байланысты:
Асырханқызы Сая дипломдық жұмыс

2.1.3 Күрделі заттардың жалқы аттары

«Ақ жол» газетіндегі партия атаулары мен үкімет ұйымдары


Гогенцоллерен, Эсер, Кадет, Түркістан Ортақшыл партиясы, Россия Ортақшыл партиясы, Россия мәжілісі, Ырғыз Ортақшылық Партиясы. Кеңес хүкіметі, «Политбюро», ТурЦИК, Жетісу жер Низамы, Үйезком ревкомы, «Алаш орда» хүкіметі. Брест бітімі, Преображенский полкі, Гиссар отряды, «Қазақ жастар тобы» ұйымы, ССР-Союз, Алаш Орда, Антанта. Мысалы, «Мұның дәлелі мынау: Самардағы учередительний собранияның рұқсатыменен, Орынбордағы Қазақстан автономиясын алуға «Алаш орда» хүкіметін құрды» («Ақ жол» 2-кітап 218-бет).
«Ақ жол» газетіндегі съезд атаулары: Жалпы қазақ-қырғыз съезі, Түрікпендер съезі,Түркістан қазақ-қырғыз еңбекшілер съезі, Мұғалімдер съезі, Жалпы күншығыс әйелдер съезі. Мысалы, «Қазақ-қырғыз съезі – 15 январьда Әулиеатада Түркістан қазақ-қырғыздарының жалпы съезі болмақ. («Ақ жол» 1-кітап 41-бет). «Қысқасы, Түркістандағы 9-Кеңестер съезінің қаулысы бойынша. Түркістанға Кеңестер жолын, Кеңестер тәртібін құру керек. («Ақ жол» 1-кітап 45-46-бет).
Төңкерістер-өзгерістер: Европа соғысы, Февраль өзгерісі, Октябрь өзгерісі, Октябрь төңкерісі, Қазан төңкерісі.
Библионимдер:
Ғылыми зерттеулерде онимдердің рөлін анықтауда ерекше көңіл бөлінетіні туралы сөз қозғалған. Бұл шығарма атауына да қатысты. Ол өзіндік бір «шағын мәтінді» құрайды, күшті прагматикалық зарядқа ие.
Шығарма атауынан тұтас мәтіннің әлеуметтік-фактілік ақпаратын ашуға болады. Шығарма атауының түрлері, олардың мәтін ерекшелігі, соның ішінде мағыналық қызметi отандық және Ресей лингвист-ғалымдардың еңбектерінде қарастырылған. Шығарма атауы үзіліссіз құрылымды тұтастықтың дискретті бөлігі ретінде өзіне барлық элементтерін жинап алып, «мәтін мазмұнының кілті» емес, шығарманың шифры ретінде қабылданады.
Көркем мәтін атауы, бір жағынан, мәтіннен тыс болмысқа тән жеке ақпаратты бірлік болса, екінші жағынан мәтіннің-формалды кұрылуына қатысушы, маңызды мәтін жасаушы элемент болады. Оним күштi позицияда көркем мәтін атауы ретiнде қолданыс табады. Мысалы, Алаш зиялыларының еңбектерінің атауы. Міржақып Дулатовтың «Бақытсыз жамал» шығармасы газетте ерекше орын алған. Газетте Әйел теңдігіне байланысты бөлім болғандықтан әйелдер мен қыздарға байланысты мәтін, шығарма атаулары көптеп кездеседі. «Жесір дауы», «Мұғалімнің хаты», «Қыздың сатылуы» осы сияқты мақала атауларымен сол кездегі әйелдерге байланысты өткір мәселені көрсеткілері келгендей. Сондай-ақ басқа газет беттеріндегі мақалаларда көп талданғанын көруге болды. Мысалы, «Ташкеттен тысқары Түркістан аймағындағы қазақтар туралы «Известия» газетінде «Жетісу қанішерлері», «Жер заңын өзгертушілер» һәм «Қазақ мәселелері» деген мақалалар басылды. («Ақ жол» 1-кітап 56-бет).
Библионимдерге газеттегі мақала мен айдар атауларында жатқызуды шештік, өйткені ресейлік ғалымдардың топшылауына толық сәйкес келеді. Сондай-ақ тек «Ақ жол» кітабының 1-томындағы мақала мен айдарды алдық. Себебі басқа томдарда да бөлім мен айдар атаулары осыған ұқсас келеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   25




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет