1. Ақ жол газетінің зерттелуі


Жансыз заттардың атаулары



бет9/25
Дата18.07.2022
өлшемі207,46 Kb.
#147545
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   25
Байланысты:
Асырханқызы Сая дипломдық жұмыс

2.1.2 Жансыз заттардың атаулары

Топонимдер – жер бетіндегі кез келген табиғи немесе адам жасаған объектілер атауынан тұратын жалқы есім түрі. Топонимдер гидроним, ороним, ойконим, урбаноним, спелеоним, дромоним, ареноним, дримоним т.б. түрлерге бөлінеді. Атауы бар объектілер нақты аймаққа бекітілген. Кез келген топоним атау қызметімен қоса объектіге сілтеу қызметін де атқарады. Сонымен қатар олар объектінің ерекшелігіне, атаудың идеологиялық және эмоционалды бояуына қарай қосымша ақпарат бере алады. Белгілі бір аймақтың топонимиконы тарихи қалыптасады. Онда өткен дәуір топонимдері сақталады, сондықтан топонимдердің әр қабаты тарихи дәуірге, сол аймақта қоныстанған халық тарихына қатысты «қаттамаға» теңейді. Дегенмен барлық топонимдер осы тұрғыдан талдана алмайды. Ең алдымен географиялық объект атаулары (гидронимдер, оронимдер, аренонимдер) туралы айту керек. Топонимдік жүйеде тілдік қатынас орын алған. Топонимдерді ономастиканың арнайы бөлімі-топонимика зерттейді.


Топонимдердің жалпылық белгілері: Топонимдердің барлық түрлерінің ортақ белгісі- кез келген географиялық объектті атау17.
Топонимдердің жекеленуі аталатын объектке байланысты. Осыған орай келесі аталатын объектілер ажыратылады:
Топонимдерді іштей Т.Жанұзақ төмендегідей топтарға бөлген:

  1. гидрографикалық: мұхит, теңіз, өзен, көл, су қоймалары, құдық атаулары;

  2. орографиялық: тау, шың, биіктік, жота, орман, шатқал, жазықтық, асу атаулары;

  3. микротопонимдер: балшық, елді мекен атаулары;

  4. астионимдер: қала атаулары [11, 281].

Нысандарға қарай топонимдерді келесі топтарға бөлген:
- гидрографиялық (өзендер, көлдер, теңiздер, мұхиттар, бұлақтар, құдықтар, каналдар);
- орографиялык (жердің үстіңгі қабатының пайдалы және пайдасыз рельеф нысандары);
- кез келген жолдар (жер үсті, су, жер асты, әуе);
- кез келген елдімекен (қала, ауыл);
- кез келген қала iшiндегi топографиялық нысан;
- ресми, әкімшілік бөліністерінің кез келген нысаны (территория, облыс, аудан)
- кез келген табиғи жер асты нысандары (үңгiр, жер асты бұлақтары, көл, кұдық, сарқырама);
- флористикалық нысандар (орман массивтері, өсімдік әлемінің реалийлерi) [11,63].
А.В.Суперанская өз еңбегiнде топонимдердi алдымен үлкен екi топ: құрлық (территориялық) және сулық (акваторилік) деп бөліп, ары қарай іштей разрядтарға таптастырған [11, 186б.].
Географиялық атаулардың халықтардың тұрғылықты мекенінен және этникалык топтардың өзара қатынасынан көрініс беретіні әркімге де белгілі. «Ақ жол» газетіндегі географиялық атаулардың көнелері, өзiндiк бiр тарихы бар ескерткіш болып табылады. «Ақ жол» газетіндегі географиялық атаулар қазақ елінің шекарасы мен аралас құралас болған елдермен әлеуметтік-экономикалық қарым-қатынасын білдіреді. Олардың көбі көне құжаттардан көненің әлеуметтік қатынасын және ежелгі адамдардың тұрмыстық ерекшеліктерінен көрініс беретін алғашқы тұрпатында, тіптен олар өз тұрпатын өзгертіп, қазiргi тiлдiң қолданысындағы сөздеріне ұксас болып жатса да, анықталуы мүмкін [24].
Топонимдер әр тiлдiң лексикалық қабатының салмақты бөлігін құрайтыны белгілі, бұл алдымен, кеңістікте бағыт алу мақсатында қалыптасқан адам санасындағы географиялық болмыс көрінісінің алғашқы тұрпаты. Топонимдердің тағы бiр маңызды ерекшелiгi-бұл көптеген мәдениетте географиялық нысан-бұл тіл, мәдениет, тарихи география, дәстүр, этностың өзін-өзі тану ескерткіші, тарихи қатынастың құрылымдық элементтерінің бірі [25].
Жалпы, топонимдер іштей бірнеше разрядтарға бөлінеді, оны кесте түрінде төмендегідей көрсетуге болады [26]:

1-кесте.


Ғалымдар нысандарға қарай топонимдерді келесі топтарға бөлген:
- гидрографиялық (өзендер, көлдер, теңiздер, мұхиттар, бұлақтар, құдықтар, каналдар);
- орографиялык (жердің үстіңгі қабатының пайдалы және пайдасыз рельеф нысандары); Ол уалаяттар хүкіметітің зорлығына қарсы тұра алмайтын қойдан қоңыр Түркістан, Қазақстан далалары. Әсіресе, Жетісу секілді жерлер еді. («Ақ жол» 1-кітап 32-бет)
- кез келген жолдар (жер үсті, су, жер асты, әуе);
- кез келген елдімекен (қала, ауыл);
- кез келген қала iшiндегi топографиялық нысан;
- ресми, әкімшілік бөліністерінің кез келген нысаны (территория, облыс, аудан)
- кез келген табиғи жер асты нысандары (үңгiр, жер асты бұлақтары, көл, кұдық, сарқырама);
- флористикалық нысандар (орман массивтері, өсімдік әлемінің реалийлерi)
Жоғарыдағы разрядтарға «Ақ жол» газетінің 1-2-кітабында кездескен жер-су атауларын бөліп қарастыратын болсақ, алдымен төмендегідей топонимдер кездеседі.
Шетелдік ойконимдер газеттің шетелдік жаңалықтарды да үзбей жазып тұрғанынан хабар береді. Сондай-ақ қазақ елінің Азия мемлекеттерімен жеке байланыстары болғанында байқауға болды. Мысалы , «Жастар арасында» деген мақалада:» 19-21 январь Баку қаласында Күншығыс жастарының жиылысы болып өтті. Жиылысқа Түркістаннан, Бұқарадан, Хиуадан, Қазақстаннан, Татарстаннан, Дағыстаннан, Әзірбйджаннан, Ираннан, Түркиядан һәм Үндістаннан уәкілдер келді. («Ақ жол» 2-кітап 150-бет)
Латвия, Румыния, Польша, Эстония, Грузия, Италия, Индия (Үндістан), Люксембург, Россия, Түркістан Республикасы, Қазақстан Республикасы, Америка, Европа, Жапония, Германия, Англия, Армения, Болгария, Түркия, Күншығыс Республикасы, Ауғанстан, Горск Республикасы, Қытай, Түрік Республикасы, Бұхар Республикасы, Югославия, Сербия, Греция, Венгрия, Австрия, Татарстан, Иран, Швеция, Башқұртстан, Украина, Мысыр, Арабстан, Корея, Чехославакия, Әзірбайжан, Дағыстан, Филиппин, Каунас, Мурманск, Сольц, Кишнев, Рига, Красноводск, Ходжент, Приморский, Бийск, Ганди, Чарджоу, Аллахабад, Севастополь, Ферғана, Мәскеу, Исфара, Чарту, Ош, Мекке, Стамбул, Анкара, Берлин, Париж, Чита, Портланд, Одесса, Владивосток, Қоқан, Кабул, Бургас, Бұқара, Әндіжан, Гиссен, Лондон, Харбин, Бордо, Гильсинфорс, Шаржоу, Ташкент, Хиуа, Чита, Ашхабад (Полторацк), Будапешт, Нагасаки, Токио, Гори, Вена, Баку, Наманган, Тевриз, Вильно, Науен, Үргеніш, Құлжа, Тегеран, Варшава, Бомбей. Шетелдік жалқы есімдерді газеттің Сыртқы хабарлар бөлімінен көреміз. Мысалы, «Ақ жол» 1-кітап. Сыртқы хабарлар. Францияда. Рига-15. Францияның бас министріне түріктердің ұлтшылдарымен бітім сөзін бастау тапсырылған (112-бет). Тура осы нөмірде «Сауда ашылуы» деген мақалада Стамбулдағы Англия сауда кемелеріне Кеңестер Россиясының Қара теңіз жағасына шығуы ерік бірілген (112-бет). Бір нөмірде бірнеше мемлекетің жаңалықтарын беруге тырысқан. Төрткүл дүниенің хабардар ету мақсаты көзделгенін көреміз. Дегенмен басқа бөлімдерде де бірді-екі кездеседі.
«Ақ жол» газетінде ең көп кездесетін топоним -Түркістан. Түркістан Кеңестер Республикасы, Түркістан, Түркістан Республикасы. Оның себебі Түркістан өңірінде шыққандықтан, сол елді-мекеннің қоғамдық, экономикалық, тарихи бейнесін көрсетеді. Мысалы, Түркістан мекен атауы арқылы Түркістан республикасы Түркістан Республикасындағы қазына өнімінің жаңкалығы. («Ақ жол» 1-кітап 191-бет) , Түркістан үйезі. Биылғы жыл октябрь басынан бері Түркістан уезінің азық-түлік бөлімі жанындағы форажыны бөлімше басқарушысы Раувич. («Ақ жол» 1-кітап 250-бет) Түркістан кіндік атқару комитеті, Түркістан уалаяты, Түркістан ортақшыл партиясы Түркістан ортақшыл партиясының барша ұйымдарына Жарлық хат. («Ақ жол» 1-кітап 64-бет) , Түркістан ақшасы «Түркістан ақшасын» сыбайлас елдер өтімді ақша деп білмеді. Күннен күнге базар төмендей берді. («Ақ жол» 1-кітап 195-бет) , Түркістан атауы «Ақ жол» 1-кітабында 428 рет қайталанады екен.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   25




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет