1. Ақ жол газетінің зерттелуі


Тірі және тірі деп қабылданатын тіршілік иелерінің атаулары



бет8/25
Дата18.07.2022
өлшемі207,46 Kb.
#147545
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   25
Байланысты:
Асырханқызы Сая дипломдық жұмыс
3 тоқсан БЖБ алг 9 сынып
2.1.1 Тірі және тірі деп қабылданатын тіршілік иелерінің атаулары

Антропонимдер-кісі аттарынан тұратын жалқы есiмдердiң iрi разряды. Антропонимдер кiсi аты, әкесінің аты, фамилиясы, лақап аты, бүркеншік аты, криптоним, қосымша аты, андроним, гинеконим, патроним сиякты кластарға бөлінеді. Антропоним формуласында, атау беру уәжiнде, атау құрылымында байқалатын әр халықтын өзіндік атау беру дәстүрі бар. Кез келген халыктың антропонимдік қоры (антропонимдер жиынтығы) кұрамы жағынан әртүрлі. Әр халықтың атау тiзiмi немесе реестрі (антропонимиконы) шектеулi, сондықтан бiр атқа бiрнеше адам ие болуы мүмкін. Антропонимдердi ономастиканың арнайы бөлiмi - антропонимика зерттейді. Қазiргi антропонимдік жүйенiң қалыптасуы мен дамуы бiрыңғай қарастыруға мүмкін емес өте күрделі және ұзақ үрдіс.


Антропонимдердiң ортақ белгiлерiне тоқталатын болсақ, антропонимдердiң барлық түрлерiне ортақ белгі - адамды атау ерекшелiгiмен байланысқан. Солардың iшiнен тек кiсi аты ғана денотатты жекелеудің жоғары деңгейiне ие, яғни әр адамның өз аты бар, калған түрлерi косымша және халыктың тарихи - мәдени дәстүрімен байланысты. Сонымен қатар тек кiсi аттарын таңдау еркі бар, ал фамилия мен әкесiнiң аты туыстық қатынасқа байланысты. Лақап ат, жасырын ат т.б. негiзгi болмайтын қосымша есiмдер барлык адамдарға берiле бермейді. Лақап атты индивидтің өзі емес басқа адамдар тақса, бүркеншік атты, жасырын атты (криптонимдердi) белгiлi бiр себептермен адамның өзi таңдап алады. Сәкен Сейфуллин, Мұхтар Әуезов, Бейімбет Майлин, басқа да қазақ жазушылары ез енбектерiн жасырын атпен берген: Дүйсенбі, Шамиль, Манап, Жұмақан, Ерке Бұлан (С. Сейфуллин), Арқа, Арғын, М.Э., М., Ауыл баласы (М. Әуезов), Бимағамбет, Бимұхамбет, Қара бала, Быж, Б.М. (Б. Майлин), Құйқалық, Шолжық, Салпанқұлақ, Мерген, Сақа (І. Жансүгіров). Жасырын есiмдер кеңінен танымал болып, ресми есiмнiң орнын басатын кездерi де болады: Максим Горький (А. Пешков), Владимир Ильич Ленин (В.И. Ульянов), Марк Твен (Сэмюэл Клеменс), Анатоль Франс (А. Тибо) [15].
«Ақ жол» газетінде кездесетін бүркеншік есімдер Азамат, А.Ж, Ғ.Б, Ғ.А, Жасқаншақ, Қыр баласы, Қара бала, Мәдяр, М-яр, Тоқпақ, Тілші, А.Т, айғақ, Әлиев, Әулие ата қазағы, Әділхамит, Боз торғай, Бөкейше, Ғ-Бек, Ғ.К, Ескерген, Кесір, келден, Күншығысұлы, Шала қазақ, Қ.Т, Қозыбақ, Қайтпас, Мақы баласы, Мұрын, Нашыр, О.Ғ, О.Ғмыр, Тама, Талапкер, Тыңдаушы, Үнемші, Үйсін. («Ақ жол» 2-кітап 425-бет)
Газет бетіндегі мақалалардың тұрақты авторлары: Ахмет Байтұрсынов, Нәзір Төреқұлов, Ғазымбек Бірімжанов, Халел Досмұхамедов, Жүсіпбек Аймауытов, Мағжан Жұмабаев, Қошке Кемеңгерұлы, Мұхтар Әуезов, Қалжан және Әуелбек Қоңыратбаевтар, Бейсенбай Кенжебаев, Телжан Шонанұлы, Әлжан Байғұрин, Абдолла Байтасов, Қажым Басымов, Шамғали Сарыбаев, Біләл Сүлеев, Есім Байғасқин, Сәдуақас Баймаханов, Мәшһүр Жүсіптің баласы Әмин Жүсіпов, Жүсіпбек Арыстанов. 
Антропонимдердің ең көп қолданылған мақала «Қазақстанда» деп аталады. Мақала Ахмет Байтұрсынұлының Орынборда зиялы қазақ азаматтарын шақырып, мектеп оқу құралдарын даяурлау туралы айтылып, сол мәжілістің хаттамасы берілген. Хаттмада кездесетін антропонимдер: Ахмет Байтұрсынұғлы, Манан Тұрғанбайұғлы, Жүсіпбек Аймауытұғлы, Мағжан Жұмабайұғлы, Қошмұхамед Кемеңгеров, Елдос Омарұғлы, Хайретдин Болғанбайұғлы, Смағұл Садуақасұғлы, Файзулл Ғалымжанұғлы,Бидахмет Сарсенұлы, Садуақас Сейдуллаұғлы, Әлихан Бөкейханұғлы, Сабыр Айтқожаұғлы, Жұмағали Тілеуліұғлы, Сейітбаттал Мұстафап-ұғлы кісі есімдерінің бұлай жазылуы ресми құжатта қабылданған тәртіп болуы мүмкін, өйткені осы хаттамада оқулықты тәржімалаушы ретінде орыс тілінің, кеңес үкіметінің ережесі бойынша авторлардың тегіне-ов, -ев қосылып жазылған. Мысалы, арифметика – М. Тұрғанбаев, геометрия – Б. Сәрсенбаев, естествознание – А.Омаров, Қ. Кемеңгеров, физика – Ғалымжанов, география – Ә. Бөкейханов, қазақ-қырғыз тарихы – м. Жұмабаев, жалпы тарих – Х. Болғанбаев, мектепте гигиена – Ж.Тілеулин, алгебра бастауыш – А. Омаров, педагогика - м. Жұмабаев, дидактика – Ж. Аймауытов. Хрестоматия – С.Сейфуллин, Ж. Аймауытов, қазақ тілінің нахуы – А.Байтұрсынов, теория словестности – М. Жұмабаев («Ақ жол» 2-кітап 170-бет).
«Ақ жол» газетінің 1-2-кітабында кездескен кісі есімдер. Біздің бір байқағанымыз адам аттары тегі немесе әкесінің атымен қатар жазылған. Бұл газеттің ресмилігін білдіреді. Қазақ халқының есімдерімен қатар ресейлік, шетелдік антропонимдерді жиі кездестіруге болады. Мысалы, Керенский, Карл Маркс, Мұстафа Кемал (Кемал паша), Ллойд Жордж, Карл Либкнехт, Роза Люксембург, Ронге, Филипп Махарадзе, Николай патша, Үшінші Александр, Генерал Гелдер, Лорд Рединг, Аксуеньтев, Коновалов, Милюков, Алуов, Барак Владимир Генрихович, Ленин. Сонымен қатар қазақстандық атпропонимдер төмендегідей:
Дініш Әділов, Жүсіпбек Аймауытов, С.Ахаев, Хасенғалаи, Ахмет Байтұрсынов, Ахмет Бірімжанов, Хайреддин Болғанбаев, Әлихан Бөкейханов, Ахмет Кенжин, Бернияз Күлеев, Сейтқали Меңдешов, Елдес Омаров, А.Сәдуақасов, Мұхтар Саматов, Биғали Сәрсенов, Сәкен Сейфуллин, Иса Қисықов, Елдес Омарұғлы, Хайретдин Болғанбайұлы, Биахмет Сәрсенұғлы, Сара Есова, Гүлім Асфандиярова, Санжар Асфандияров, Б.Алманов, Ғазымбек Бірімжанов, К.Борбиев, Кәрім Жаленов, Әбубәкір Диваев, Х.Досмұқамбетов, Жаханша Досмұқамедов, М.Дулатов, Мырзағали Есболов, Иса Қашқынбаев, Қазмұхамед Құлетов, М.Көшербаев, А.Мәмбеев, Д.Омаров, И.Табынбаев, М.Қажыбаев, Иса Тоқтыбаев, Нәзір Төреқұлов, Ғ.Оразбаев, Сұлтанбек Қожанов, Таран Беркімбаев, Тел Жаманмұрынов, Жұма Ғайырбаев, Жанит Сүгірбаев, Нұрмұхамет Қисықов, Ярмұхаммед Ярболов, Есімхан Төлегенов, Мығмар Қалжанов, Дүйсен Тәжібаев, Аябек Төлебаев, Жомарт Алиев, Ыбырай Жандарбек, Жаныс Жарыбайұғлы, Жәнібеков, Әлменшиев, Атабаев, Каханов, Березин, Бурнашов, Шолпан Фитрат, Нартай Бекетайұғлы, Еламан Қылышбекұғлы, Темірбек Жүргенұлы.
Кісі атауларын зерттеу арқылы тұлғаны да тануға болады. Сондай бір кісі есімі Гержод. «Ақ жол» газетінің 1-кітабында бұл атау көп кездеседі десек те болады. «Ақ жол» газетінің №8 нөмірінде «Гержод лаңы» деген мақала да жарияланған. Гержод – почтахана чиновнигі. Елге жасаған қиянаты мен орыстарды өзіне қаратып, ел ішіне ылаң салуы баяндалған. («Ақ жол» 1-кітап 163-173-бет)
Жүргенов жолдас айтар, «Мен қай ақсақалдың атын тауысамын. Неге болмасын бар шығар»-дер. Олай болса, Ырғыз үйезіндегі атақты байлардан, жуандардан, атқа мінерлерден Нұрмұхаммед, Қара, Самырт, Мұқан, Сәттібек, Байғабыл, Қартпай,Әйтім, Құттымұрат, Түлкібай, Қосжан, Мамыт, Кенжәлі, Бірәлі, Айтқара, Орман, Орда, Отарбай, Шонан, Мырзағұл,Тотан, Биікбатардың біреуінің баласы қара жұмысқа алынджы ма екен? («Ақ жол» 2-кітап 253-бет).
Сонымен «Ақ жол» газетінің 1-2-кітабында кездескен кісі есімдері сол тұста белсенді болған қазақтың зиялы азаматтарының нақты дәлелі бола алады. Газеттің ресми бөлімінде жарияланған деректерде Алаш зиялыларының есімдерімен қатар атқарған салиқалы істерінде көре аламыз. Сол тұста жарық көрген еңбектердің авторлары ретінде де жазылған. Газетте көркем шығарма өте аз жарияланғандықтан, кейіпкер атаулары да сәйкесінше аз. 1-2-кітап арқылы бүркеншік атпен жүрген Алаш зиялылары да белгілі болды. Ең жиі қолданылған кісі есімі – Сафаров, Қожанов.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   25




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет