1. Ақ жол газетінің зерттелуі



бет10/25
Дата18.07.2022
өлшемі207,46 Kb.
#147545
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   25
Байланысты:
Асырханқызы Сая дипломдық жұмыс

Гидроним: Балтық теңізі, Дон, Цейлон аралы, Арал теңізі, Дунай, Сырдария, Әмудария, Формоза аралы, Сібіруақ өзені, Бетпақ дала, Асыл (Әсіл) арығы, Ащыкөл Мысалы, Ащыкөлдегі қыстауларына көшіп келе жатқанда, артынан Атбасардан шыққан 100 қаралы милиция ....(«Ақ жол» 2-кітап 197-бет )
Хронимдер- аймақ атаулары. Хронимдерге облыс, губерния, үйез, болыс атауларын жатқыздық.
Облыс атаулары: Семей облысы, Ақмола облысы, Торғай облысы, Орал облысы, Ішкі ордалық (Бөкейлік) облысы, Түркістан облысы, Орынбор облысы, Закаспий облысы. Науаи облысы Съезге Семей, Ақмола, Торғай, Орал, Ішкі ордалық (Бөкейлік) һәм Түркістан қазақтарының да уәкілдері кірісті. («Ақ жол» 1-кітап 32-бет) газет беттерінде жоғарыда аталған облыс атаулары жиі кездеседі.
Үйез атаулары: Түркістан үйезі, Торғай үйезі, Ақсу үйезі, Павлодар үйезі, Қостанай үйезі, Тоскен үйезі, Қарақол үйезі, Көкшетау үйезі, Пішпек үйезі, Атбасар үйезі, Жизақ үйезі, Остакамин үйезі, Қаттақорған үйезі, Қараөткел үйезі, Семей үйезі, Ақмола үйезі, Губисполком үйезі, Орал үйезі, Адай үйезі. Мысалы, «Орынбор, Ақтөбе һәм Орал облысының соғыс майданы болып көпке шейін басылмауы, екіншіден, Семей, Ақмола облыстарының аты ғана Крибкомда болмаса іс жүзінде хүкіметтің қараунда болуы, үшіншіден, Орынбордың іргесінде отырған Қостанай үйезі бөлініп, Челябі губерниясына қарай көшіп, Алаш Ордағап жиылған қазақ оқығандарымен күресіп уақыт өткізіп алған. («Ақ жол» 1-кітап 38-бет) Жаңа Түркістаннан бөлініп, Қазақстанға қосылған Закаспий облысындағы Адай үйезінде тәртіп жүргізіп, жұмыстарын реттеуге Ташкет арқылы КирЦИК-тің жіберген комиссиясы өтіп кетті. («Ақ жол» 1-кітап 41-бет). Бір ғана осы сөйлемде республика, облыс, үйез атауларын көреміз. Ең көп қолданылатын атау үйез атаулары болды. Өйткені болыс, облыс атаулары үйез сөзімен тіркесіп келіп үйез атауы болып жазылған тұстар өте көп.
Болыстар: Әйет болысы, Дамбар болыс, Шұбар болыстар, Қараөзек болысы, Тереңөзек болысы, Айнакөл болысы, Дания болысы, Бестөбе болыс.
Губерния: Семей губерния, Ақмола губерния, Орынбор губерния, Торғай губерния, Орал губерния, Бөкей губерния, Семип. Губ.
Ойконим елді мекен атауы. Соның ішінде қала атауы урбононимдар: Орынбор, Ақмола, Семей, Ақмешіт, Түркістан, Омбы, Қарқаралы, Әулиеата, Арқа, Торғай, Шымкент, Арыс, Верный, Мысалы, Орынбор қаласында жалпы-қазақ-қырғыз съезі шақырылып... . («Ақ жол» 1-кітап 37-бет)
Комонимге ауыл аттарымен қатар қышлақ атауларында жатқыздық. Шар ауылы, Жайылма ауылы, Яйпап ауылы, Көк жар ауылы, Өрік ауылы, Жорар ауылы, Дон ауылы, Оқша ауылы, Тайыршық қыстақ, Галиция, Жаңақорған ауылы, Краиовкы ауылы, Аманкөл, Атақұм, Қазырет, Айым қышлағы, Бамышқорған ауылы, Перғашы қышлағы, Балабашы қышлағы, Охна қышлағы, Шаға қышлағы. Мысалы, Түркістан қаласының «Шаға» дейтін қышлағында тұратын Нышанбай дейтін бар еді («Ақ жол» 2-кітап 268-бет). Городеков станциясы, Шар ауылы, Жайылма ауылы, Яйпап ауылы, Көк жар ауылы, Өрік ауылы, Жорар ауылы, Дон ауылы, Шөміш станциясы, Оқша ауылы, Төрткүл болысы, Тайыршық қыстақ, Жаңақорған ауылы, Краиовкы ауылы, Айым қышлағы, Бамышқорған ауылы, Аманкөл, Перғашы қышлағы, Балабашы қышлағы, Охна қышлағы, Құршу болысы.
«Ақ жол» газетіндегі географиялық атаулар қазақ елінің шекарасы мен аралас құралас болған елдермен әлеуметтік-экономикалық қарым-қатынасын білдіреді. Топонимдер де мәтін ішінде мәтін түзуші қызмет атқарып, көптеген ақпарат береді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   25




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет