1. А. Н. Леонтьев пен К. Э. Фабри бойынша психикалық бейнелеудің кезеңдері мен деңгейлері. Адам мен жануарлар психикасының айырмашылықтары



бет1/12
Дата21.01.2022
өлшемі23,67 Kb.
#113131
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12
Байланысты:
7-8-9 билет
ДЖТ. 2023 жылғы су жаңа сұрақтар. 1-ші бөлім, ПЗ 2 Жұмабай Мағжан

Билет № 7

1. А.Н.Леонтьев пен К.Э.Фабри бойынша психикалық бейнелеудің кезеңдері мен деңгейлері. Адам мен жануарлар психикасының айырмашылықтары

Псикалық бейнелеу деңгейі мен стадиясы

І.Элементарлы сенсорлы психика стадиясы

І.І. Төменгі деңгей – сезгіштік элементінің примитивтілігі, тітіркенушіліктің дамуы

І.ІІ. жоғары деңгей – түйсіктің болуы, манипуляцияның негізгі органы – жақтың пайда болуы. Қарапайым шартты рефлекстерді қалыптастыруға қабілеттілігі.

ІІ. Перцептивті психика стадиясы.

ІІ.І. Төменгі деңгей – сыртқы әрекетті заттардың формасы, образына қарай бейнелеу. Интеграция зат образын жүйелеуде әсеретуші факторлерді біріктіру.

ІІ.ІІ. Жоғары деңгей – ойлаудың элементарлы формалары.

ІІ.ІІІ. Ең жоғары деңгей – практикалық әрекеттерде ерекше бағдарлама –зерттеушілік, дайындық формаларын анықтау. Бір міндетті түрлі жолдармен шешу қабілеттілігі. Бір рет табылған шешімді жаңа жағдайға тасымалдау. Қарапайым құралдарды әзірлеу, оны іс-әректте қолдану. Биологиялық қажеттіліке байланыссыз қоршаған ортаны танып білу қабілеттілігі.

 Жануарлар мен адам психикасының өзіндік ерекшеліктері және сипаттары түрліше, олардың арасында айрықша айырмашылықтар бар. Жануарлардың «тілі» мен адамның сөйлеу тілін салыстыруға мүлде болмайды. Жануарлар жануарларға белгі берумен ғана шектелсе, ал адам анық сөйлеу тілі арқылы әр алуан хабарлар беріп, қазіргі жағдай мен болашақ жөнінде басқа адамдармен қарым-қатынас жасайды.

Адамның жануарлардан басты ерекшелігінін, бірі —  еңбек құралын ойлап, жоспарлап жасауы. Оны қажет кезінде қолданып, сақтайды. Екіншіден, құрал-саймандарды басқа адамдармен бірлесіп қолданады. Адамның психикалық әрекетіндегі саналылықтың үшінші ерекшелігі — олардың қоғамдық тәжірибені бір-біріне жеткізіп, мұра етіп қалдыратындығы.

Адам психикасының жануарлар   психикасынан тағы бір ерекшелігі сол — жануарлар дүниесінін дамуы биологиялық эволюция заңына тәуелді болса,   ал адамзат санасы қоғамның тарихидаму заңдылықтарына бағына-ды.





Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет